Ашық тәрбие сағаты.« Күз – мереке, күз-береке»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: « Күз – мереке, күз-береке»
Мақсаты:
Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. «Қас-қағым сәт».( сұрақтарға жауап беру)
3. «Жапырық жинау»
4. «Көкеністер мен жемістерді теру»
Барысы:
І.Ұйымдастыру.
-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгін «Күз-мереке, күз- береке» атты
мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Мерекені бастайық!
ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім:

Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

         жомарт көңіл жарқын жаз.

        Сары алтынға малынған,

         Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Мұғалім: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Би: «Жапырақ»

Мұғалім: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.

Сұрақтар:

  • Қазір қай мезгіл?

  • Күз мезгілінің айларын ата

  • Жапырақтар қайтеді?

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата

  • Егін, көкеністер, жемістер қайтеді?

Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.

1 оқушы: Күзім-ау, күзім-ау!

   Мінезің бұзық-ау  

   Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!  

2 оқушы: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
3 оқушы: Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке. Күзгі маусымның екінші айы - қазан. Бұл ай - мереке басы.Үшінші айы – қараша.
Мұғалім: Балалардың орындауында «Күз»әнін тамашалаңыздар.

Ойын: Жапырық жинау
Мұғалім: Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.

1.Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
2.Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

3.Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
4.Жүзім:  Мен жүзіммін, жүзіммін

             Моншақ болып тізілдім .                       

5.Өрік :    Мен өрікпін, өрікпін

              Табиғатқа көрікпін.                                

Мұғалім: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Ойын «Көкеністер мен жемістерді теру»

Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.
Би: «Қол шатыр»
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге

 Байлығымды жинадым,

 Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман –есен болыңдар.

Мұғалім: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Мұғалім: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.