|
Тіл дамыту 3-сынып «Қимас дос»
Автор публикации: УЛЕНБАЕВА Д.С.
Дата публикации: 2016-07-20
Краткое описание: ...
Сабақтың тақырыбы: Қимас дос Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту а) Білімділік: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, теориялық білімдерін байқау. ә) дамытушылық: Сауатты көркем жазуға баулу. Өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру б) тәрбиелік: Достыққа, бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, жазу, сұрақ - жауап, мәтін аудару, фонетикалық талдау Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Жаңа сабақ
І. Асcосациялық әдіс бойынша жаңа сабақты ашу.
ІІ. Сөздікпен жұмыс жасау
Түйедей құрдас - ровесники Жұбын жазбау – не расставаться Қабақ шытыспау - не обижаться Қадір тұту – ценить Мойындау - сознаться
ІІІ. Мәтінді мәнерлеп оқу, орысшаға аудару.
Назым мен Бейсенгүл – түйедей құрдас, тату дос. Қашан көрсең де, жұбын жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды, сыныпта да бір партада отырады. Екеуі қабақ шытып көрген емес. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де, балалар да сыйлайды, қадірлейді. Әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтатын екеуінің мінезі мен ісі басқаларға ұнайды. Тентек Мәліктің өзі де: - Назым мен Бейсенгүл жақсы жолдасымыз,- деп мойындайды. Оқушылар жиынында бұл екеуін оқушылар кеңесінің мүшелігіне басқалардан бұрын ұсынған да осы Мәлік.
Назым и Бейсенгул - ровесники лучшие друзья. Когда их видишь они всегда друзья. Вместе играют игры в классе сидят за одной партой. Они никогда не ссорились. Учиться они очень хорошо. Их и учительницы и ученики. И скромные и очень хорошо знают дружбу и характеры одинаковы их дела нравятся другим. Даже шаловливый Малик сказал: - Назым и Бейсенгул хорошие друзья - и так признался. В школьной их выбрал этот Малик.
ІҮ. 4 - тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазу
Назым мен Бейсенгүл.... құрдас. Қашан көрсең де,... жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды,... да бір партада отырады. Әрі кішпейіл, әрі достықты... тұтатын екеуінің мінезі мен ісі басқаларға ұнайды. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де, балалар да...., қадірлейді.
Керекті сөздер: түйедей, жұбын, сыныпта, қадір, сыйлайды.
Ү. Сөз тіркесін дұрыс құрастыру. Түйедей екеуі Бұл кеңесі Оқушылар құрдас Достықты көрген емес Басқалардан ойнайды Қабақ шытысып бағалайды Бірге бұрын Бір партада отырады
ҮІ. « Мұғалім», «Балалар» сөзіне фонетикалық талдау жасау. М - Д - з үнді Ұ - д - ы, еріндік, қысаң, жуан Ғ - д - з, ұяң А - д - ы, жуан, езулік, ашық Л - д - з, үнді І - д - ы жіңішке, қысаң, езулік М - д - з, үнді Б - д - з, ұяң А - д - ы, ашық, езулік, жуан Л - д - з, үнді А - д - ы, ашық, езулік, жуан Л - д - з, үнді А - д - ы, ашық, езулік, жуан Р - д - з, үнді ҮІІ. Мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру. Қиын сөздерге түсініктеме беру Екі дос Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал - мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына: - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,- дейді. Қолбасы ойланып тұрып, оны сынамақ болады да: - Жарайды, мен сені қыршыннан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,- дейді. - Ол не?- дейді досын құтқаруға асыққан жігіт. Маған сенің көздерің керек,- дейді қолбасы.- Екі көзіңді ойып аламын. - Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат,- дейді. Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: “Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе - бет ұрыста қиынға соғады”,- деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
ҮІІІ. «Менің досым» тақырыбына эссе жазу Дос туралы мақал - мәтел айту.
Сұрақтарға ауызша жауап беру
1. Сенің досың бар ма? 2. Оның аты кім? 3. Досың неше жаста? 4. Нешінші сыныпта оқиды? 5. Ол қалай оқиды? 6. Оның мінезі қандай? 7. Ол немен шұғылданады? 8. Ол қандай дос? ІХ. Сөзжұмбақты шешу. Х. Сабақты бекіту. Сұрақ - жауап. ХІ. Бағалау. ХІІ. Үйге тапсырма беру. Диалог құрау.
|
|