Сабақ жоспары
Сабақ № 3 Тақырып:
«Кешкі ас мәзірі» – идеяларды есте сақтау
Күні : 11/04/2015
Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева К.Р.
1-сынып
Қатысып отырғандары
Келмегендер саны
Осы сабаққа арналған оқу мақсаты
1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.2.1.1 Танысу, өзі туралы айту, затты сипаттау үшін таныс сөз және сөз тіркестерін қолдану
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар істей алады:
Тыңдалған материалдан таныс сөздердің мағынасын түсінеді;
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Тыңдалған материалдан таныс сөздердің мағынасын түсінеді, тақырыпқа қатысты сөздермен сөйлем құрай алады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Тыңдалған материалдан таныс сөздердің мағынасын түсінеді, қажетті ақпаратты таңдай алады, тақырыпқа қатысты сөздермен сөйлем құрай алады; сүйікті тағамы туралы әңгімелей алады.
Негізгі сөздер мен фразалар:
Ас мәзірі, палау, кеспе, бауырсақ, қуырдақ, еттен, күріштен, сүттен, көкөністен
Осының алдындағы оқу
Кешке арналған айрықша ас мәзірі - оқылым
Басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақ мақсатымен таныстыру:
Үй тапсырмасын тексеру үшін экраннан екі минуттық суреттер жиынтығын көрсетемін. Содан соң келесі суреттер көрсетіледі. Онда осы тағамдардың бірі жоқ болады. Ал оқушылар қайсысы екендігін анықтап, атауын атайды. (барлық суреттерді кезекпен жоғалту)
Екі қолын алға созуын, содан кейін екі алақанын қайта-қайта жұмып ашуларын сұраймын. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаймын. Ұлттық тағамдардың суреттерін көрсетемін: бауырсақ, қуырдақ, құрт, бешбармақ.
-Осы тағамдардың қайсысы біздің әрекетіміз арқылы жасалады? (құрт)
Ортасы
Тірек сөздермен танысу:
палау
кеспе
мәнті
бауырсақ
қуырдақ
құрт
Оқиық
Сөздерді оқы. Суретін тап. Сөйлем құрастырып көр.
Кел, сөйлесейік! Сөздерді үш тілде айтқызу
Ет-мясо- meat
Сүт-молоко- milk
Күріш-рис- rice
Көкөністер- овощи- vegetables
-Палау неден жасалады?
-Қуырдақ неден жасалады?
Оқулықтағы шаблонды пайдалана отырып, сөйлемдерді дәптерге жаздыру.
[pic]
Анықтайық
-Балалар, суретке назар аударыңдар. Балапан қайда отыр? Оның көңілі күйі қандай? Оның алдында не тұр?
(нұсқаулықты өз бетімен оқиды)
[pic]
Қажетті азық-түліктерді қолдарына беру: күріш, ет, пияз, сәбіз.
Тақтаға мынадай сөйлем үлгісін жазып қоямын:
Маған ұнайтын тамақ . . . .
. . . жасалады. Ол не деп ойлайсың?
Сөз ойыны.
Рөлдік ойын ойна. Сен балалар кафесіне қонаққа келдің. Даяшыға қандай тамаққа тапсырыс бересің? Ас мәзірін оқы. Тапсырыс бер.
(қолдарына ақ бет қағаз беремін, алдыңғы сабақта танысқан сөдерді пайдаланып, ас мәзірін жазады)
Әріптерді орнына қойып, дұрыс нұсқасын тап.
Пиццаға қажетті тағамдарды таңда және ретке келтір.
Қандай тағамдардың атын білесің? Дәптерге жаз.
Соңы
«Рас, жалған» ойыны арқылы түсінгендерін тексеру:
Палау сүттен жасалады.
Қуырдақ күріштен жасалады.
Палау еттен жасалады.
Қуырдақ еттен жасалады.
Бағалау – сіз ілгері басуды/ оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыстар, денсаулық және қауіпсіздік, АКТ қолдау. Құндылықтар.
Таныстырылым құрастыру
Бейнефильмнің негізінде сұхбат құру
- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме? - Оқушылар бүгін не үйренді?
- Оқу ахуалдары қандай болды?
- Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма?
- Мен уақытттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқуларға жол бердім және неліктен?
Қорытынды бағалау
Сабақтың қай аспектісі оқыту мен оқу барысында жақсы өтті?
1.
2.
Оқыту мен оқу барысында қай екі әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді?
1.
2.