Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздерме балалар? Балалар біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға барлығымыз орнымыздан тұрып, бір – бірімізге сәттілік тілейік! Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме барып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді. Болып кетер сонда менің жан – жағым. Өте жақсы енді орнымызға отырып, сабағымызды бастайық. Балалар, сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық. беттегі №5 Бос орынға тиісті санды қой
8+5=13 8+7=15 18-9=9 12-3=9 10+6=16 8+4=12 56-6=50 8+5=13 Өте жақсы балалар, үй тапсырмасын қайталап алдық. Енді барлығымыз сабағымызға кірісейік. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда көжекке көмектесеміз. Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға көжек сендерден көмек сұрай келіпті. Кәшкентай көжек ойнап жүріп адасып қалыпты. Сендер көжекке көмектесесіңдер ме? Балалар, көжекті үйіне жеткізу үшін түрлі кедергіден өтуіміз керек, біз көжектің үйіне адаспай жету үшін, бірінші жол сызбасын көрейік. Тау өзен орман үйі сендер кедергілерге шыдай аласыңдарма? Олай болса, біздің бірінші кедергіміз, таудан өтуіміз қажет екен.Егер біз таудың берген тапсырмасын орындасақ, оның құпия сөзін біле аламыз, біз сол құпия сөз арқылы келесі бекетке шыға аламыз.Таудан өтуіміз үшін, өткенді қайталап, есімізге түсіруіміз қажет. 1 – тапсырма. Мәні 10 шығатын өрнектің мәнін тапқызу. (ауызша) 15-5=10 5+5=10 8+2=10 7+3=10 10+0=10 6+4=10 18-8=10 9+1=10 Міне балалар, біз таудың берген тапсырмасын орындап болдық, балалар қарайықшы тау бізге қандай сөз жасырған екен? Дұрыс айтасыңдар, балалар, тау бізге ӨРНЕК деген сөз жасырған екен. Балалар, математикалық өрнектің мәні нешеге бөлінеді? Әріпті өрнек және санды өрнек. Дұрыс айтасыңдар, балалар біз бағанадан бері құраған өрнегіміз неден құралған екен? Саннан және амалдардан құралған екен. Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыздың аты қалай екен? Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Санды өрнек» деп аталады. әріпті өрнек пен санды өрнектің бір – бірінен айырмашылығы қандай? Әріпті өрнектің құрамында әріп бар, ал, санды өрнектің құрамында амал таңбалары мен саннан құралған екен.
Міне, балалар, біз таудан өтіп, өзенге де келіп жеттік, өзеннен өту үшін, біз кітабымыздағы №3 есепке назарымызды аударайық. Қане, бәріміз №3 есепті ішімізден оқып көрейікші. (Оқушыларға іштей оқытқызып, дәптерлеріне 2 см болатын кесінді сызғызамын.) балалар өте жақсы сендер бұл кедергіден де өте алдыңдар. Біз үйгеде жақындап қалған сияқтымыз, ендігі кедергіміз орманнан өтуіміз қажет. Балалар орманнан біз өтуіміз үшін, мына есептің қатесін табуымыз қажет. ( Оқушыларға сандық өрнекті жаз және оның мәнінін қатесін тапқызуымыз қажет) 4. 8 бен 5 сандарының қосындысынан 6 санын азайту(8+5)-6=7 15 пен 8 сандарының айырмасына 7 – ні қосу (15-8)+7=14 12 мен 3сандарының айырмасынан 4 – ті азайту (12-3)-4=5 30 бен 10 сандарының қосындысына 50 ді қосу (30+10)+50=90. Өте жақсы балалар, біз бірігіп отырып, көжектің үйіне қайтуына көмектесіп келе жатырмыз. Балалар, көжектің қарыны ашты, ол тамақ жегісі келеді. Көжекке тамақ жеуге көмектесеміз бе? Көжек нені жақсы көреді? Әрине, ол сәбізді жақсы көреді. Сәбізді кім өсіреді? Бағбаншы ағай өсіреді екен. Бағбаншы ағай көжекке тегін беремейді екен. Ол үшін біз Бағбаншы ағайдың берген тапсырмасын орындауымыз қажет. Бағбаншы ағай сендерге тапсырма беріп жіберіпті. Осы тапсырманы орындау арқылы көжегімізді тамақтандыра аламыз. Бағбаншы ағай сендерге есеп құрастырып, беруін сұрайды. [pic]
Бірінші жол – 50дм Ш: 50дм+20дм+30дм=100дм
Екінші жол – 30дм ? Ж: барлығы 100дм жол жүреді Үшінші жол – 20дм Балалар, сендер біріге отырып, Бағбаншы ағайдың тапсырмасын орындадыңдар. Бірақ, сәбізге қарайықшы, көжекке беретін сәбізіміз қандай екен? Өте лас екен ә? Оны лас күйінде жеуге болама? Әрина болмайды? Ол үшін не істеу қажет? Оны тазалап жууымыз қажет. Қане, сендер тазалауға көмектесесіңдер ме?Олай болса, кітабымыздағы №6 есепті шығарайық. Барлығы - 70 и Ш: 70-30=40
Шыршаныкі - 30 и Ж: 40 қарағай инесі Қарағай - ? Өте жақсы, сендер өздеріңнің білімдерің арқылы, көжекке көмектесіп келесіңдер. Ой, балалар көжектің алдынан түлкі шықты, қалай ойлайсыңдар, түлкі көжекке зиян келтіреді деп ойлайсыңдар ма? Түлкі көжекке тиіспес үшін біз тақтадағы кестеге жылдамдатып есеп шығарып жіберейік.
10+(12-4)=18 60 - (10+20)=30 4 + (47-40)=11 4+8-6=6 (50-30)+5=25 (6+6)-3=11 8+9-10=7 50+(13-6)=57 Міне балалар, біз көжектің үйіне де келіп жеттік, сендердің арқаларыңда көжек өз үйімен табысты. Енді сендерге көжектің айтары бар екен. Оны білу үшін біз мына кестедегі есепті шығаруымыз керек.
- а
|