Пәні әдебиеттік оқу Күні 15.01.2016 жыл Тексерілді_____________________
Сыныбы 2г сынып
Сабақтың №68
Сабақтың тақырыбы Ж.Смақов «Айтшы, әжетай»
Сабақтың мақсаты Оқушыларға Ж.Смақовтың өмірі мен «Айтшы, әжетай» өлеңі бойынша жалпы мәлімет беру
Өлеңдегі негізгі идеяны меңгерту, туыстық атауларды еске түсіру
Сабақтың міндеті: 1.Ж.Смақовтың өмірі туралы қысқаша түсінік беру
2.Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту
3. Оқу, білімге тәрбиелеу
Көрнекіліктер : интербелсенді тақта, суреттер, плакаттар, маркерлер, қима-қағаздар, стикер
Негізгі дерек көзі: Оқулық. Әдебиеттік оқу, Алматы «Атамұра» баспасы, 2013 жыл
[link]
Қосымша ресурс №1
Күтілетін нәтиже: Ж.Смақовтың өмірі мен «Айтшы, әжетай» өлеңі туралы біледі
Мәнерлеп оқып, рөлге бөліп ойнай алады
Өз ойын толық жеткізеді
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: 1. Шаттық шеңбері
2. Топқа бөлу. «Келін түсті» ойыны
3. Хат келді
4. Постермен жұмыс
5. Сөзжұмбақты шешу
6. Сәйкестендіру әдісі
7. Топ басшыларымен жұмыс
8. «Т» кестесі
9. Журналист әдісі
10.Сұрақтар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері
Әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыты
Бағалау түрлері
Модуль
Ұйым-дасты- ру кезеңі
Топқа бөлу
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік,
Оқушылардың есту қабілеттерін арттыру мақсатында «Келін түсті» ойынын ойнату арқылы кәмпит лақтырып, 4 топқа бөлу
І топ, ІІ топ, ІІІ топ, ІҮ топ
1.Әр топ өздеріне мамандық иелеріне байланысты ат таңдап алады
2. Топбасшысын сайлап алады
Шаттық шеңберіне тұрады
Оқушылар топқа бөлініп отырады
Әр топтан өздері топбасшысын сайлап, топтарына ат қояды
Алтын ережені еске түсіреді
3-мин
Бірін-бірі бағалайды
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл-дер
Үй тап-сырма-сын тексеру
Үй тап-сырма-сын бекіту
Хат келді
Ертегіні рөлге бөліп ойнайды
Ертегінің негізгі ойы неге құрылған?
Серпілмелі сауал
Үйге берілген «Мысық пен тышқан» ертегісінің мазмұнын сұрау үшін әр топқа тапсырма беріледі
І топ Ертегінің негізгі ойын ашасыңдар
ІІ топ Негізгі ойдың басталуын суреттейсіңдер
ІІІ топ Негізгі ойдың жалғастырасыңдар
ІҮ топ Негізгі ойдың аяқталуын көрсетесіңдер
Электронды оқулықпен жұмыс
1.Негізгі ойы «Мысықтың жар салуы»
2. Негізгі ойдың басталуы. «Кәрі тышқандардың ақылы»
3.Негізгі ойдың жалғасуы «Жас тышқандардың қырылып қалуы»
4. Негізгі ойдың аяқталуы «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады»
Берілген суреттерді ретімен орналастыр
І топ - Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің?
ІІ топ - Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма?
ІІІ топ - « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің?
ІҮ топ - Кәрі деген сөзді тағы қалай айтуға болады?
(Қария, ата, әже, қарт, үлкен кісі т. б)
Тағы қандай туыстарды білеміз?
Оқушылар берілген тапсырма бойынша ертегіні рөлге бөліп ойнайды
Ертегінің негізгі ойын анықтайды
Суреттерді ретімен орналастырады
Сұрақтарға жауап береді
7 мин
Топтарды бағалайды
Сергіту сәті
Ән орындау
Сағындым әже, сағындым
Әнді орындайды
Жаңа сабақ кезеңдері.
1
Білу
Постермен жұмыс
Сөзжұмбақ-ты шешу
Нақыл сөзбен жұмыс
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
* Осы нақыл сөз бойынша қандай сурет салар едің?
*Салған суреттеріне өздерінің әкелген суреттерін жапсырады
Сөзжұмбақ
ӘЖЕ 1. Әкенің шешесі кім?
АТА 2. Әкенің әкесі кім?
ҚАРЫНДАС 3. Ер баламен бірге туған қыз?
АҒА 4. Өзіңнен үлкен ер бала?
НЕМЕРЕ 5. Ұлдың баласы?
Автор туралы түсінік беру (Суретін көрсету)
Жақан Смақов - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Балалар ақыны.
Сөзжұмбақтың атауы болып тұрған белгілі балалар ақыны Ж.Смақовтың өлеңімен жақын туыстарды, ағайындарды қалай атау керектігін білеміз?
Оқушылар постерге берілген тапсырма бойынша сурет салады
Суреттерін жапсырады
Салған суреттерін қорғайды
Сөзжұмбақты шешеді
Автор туралы мәлімет алады
5 мин
Топтарды бағалау
АКТ
2
Түсіну
Өлеңді тыңдау
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Электронды оқулықтан өлеңді тыңдайды
Айтшы, әжетай!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай!
Атам осы, кім менің?
– Атаң, атты баптаған
Бәйгі бермес «Ақтабан»
Құстай сергек ұйқысы
Атаң сенің жылқышы.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Ағатайым кім менің?
– Құймақ, тоқаш, ақ нанның
Білсең тәтті бал дәмін,
Егіншіні есіңе ал, –
Дихан ағаң сол жаным!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Апатайым кім менің?
– Мақтансаң сен басқаға,
Апаңды естен тастама,
Жүз баланың анасы,
Тәрбиеші ол бақшада.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Нағашым осы, кім менің?
– Әдемі пальто жағасын,
Айтшы, қайдан аласың?
Қаракөл қойын өсіріп,
Әперген сенің нағашын,
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жездем осы, кім менің?
– Үйреніп үлкен қаладан,
Кірпіштен үйлер қалаған,
Ардақтысы ауылдың,
Құрылысшы ол ағаң.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жеңгем осы, кім менің?
– Табын-табын тау іші,
Жеңгең сонда сауыншы.
Ірімшік, құрт, қаймақ, май,
Жеңгеңнен келген, ойлап қой!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жиен ағам кім менің?
– Кеш болса кең көшенің
Жарқ етсе шамы неше мың –
«Өссін дейміз өркені»
Жиен – колхоз монтері.
Құлыным, ботам, көжегім!
Кім боласың, сен өзің?
*Іштей оқыту
* Рөлге бөліп оқыту
* Түсініксіз сөздердің астын сызғызу
* Түртіп алу стратегиясын пайдалану арқылы сөздік жұмысын жүргізу. Сөздерді оқушыларға оқытып, мағынасын ашу
Ақтабан - белгілі бір аттың жеке аты
Қаракөл қой - қойдың түрі
*Біздің мамандық иелеріне байланысты топқа бөлінуіміз де жай емес екен
Өлеңді тыңдайды
Топ ішінде ақылдасып, рөлге бөліп оқиды
Сөздікпен жұмыс жасайды
Сөздікті жазып алады
15-мин
АКТ
3
Қолдану
Сәйкес-
тендіру әдісі
.
Атасы Нағашысы
Жеңгесі
Ағасы
Жиен ағасы
Апасы
жездесі
Тәрбиеші
Монтер
Жылқышы
Сауыншы
Құрылысшы
Егінші
қойшы
Оқушыларға кесте таратылады
Кестедегі туыстық атау мен мамандық иесін сәйкестенді-реді
Жұппен жұмыс жасайды
Топпен жұмыс жасайды
3 мин
Сыни тұрғы-дан ойлауға үйрету
4
Талдау
Топ басшы-
ларына тапсырма
«Т» кестесі
І топ Өз туыстарың мен жақындарыңның мамандықтары туралы әңгімеле
ІІ топ Өлеңнен туыстық қатынастарды білдіретін сөздерді теріп жаз
ІІІ топ Анаңның туыстарының мамандықтары туралы айт
ІҮ топ Өлеңнен мамандық атауларын теріп жаз
Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс
Ата, әже, аға, жеңге, Нағашы: ата, апа, аға, жеңге, бөле
қарындас, іні, жиен
Әр топ өздерінің топбасшы-ларына көмектеседі
Оқушылар өзін - өзі «басқару» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектерді көтеріп отырады
«Т» кестесін толтырады
5 мин
Өзара бағалайды
Топ басшысын бағалайды
Талант-
ты және дарын-ды балалар
ды оқыту
5
Жинақ -тау
Журналист әр топқа сұрақ қойып, жауап алады
1.Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы.
2.Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің ?
3.Ж.Смақовтың қандай еңбектерін білесіңдер?
4. Ж.Смақовтың қандай мәтінімен таныстық?
Адамның өміріндегі ең басты нәрсе туыстарымен тату болу. Кемшілігі болса, кешіре салу. Ендеше, туыстарың-мен тату болыңдар, сендердің отбасыларында үнемі той болсын!
Сұраққа жауап береді
2мин
6
Бағалау
Бағалау критерии-лері:
Формативті бағалау, суммативті бағалау
Жеке оқушыны бағалау
Топты бағалау
2мин.
Смайликтер арқылы бағалау
Жиынтық баға шығару
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Рефлек-сия
Кері әсер парағы
-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Нені үйрендіңдер?
- Сабақ түсінікті болды ма?
- Сабақ соңындағы көңіл күйлеріңді бейнелеңдер?
Стикерге көңіл күйлерін бейнелеп, тақтаға іледі.
2 мин
Үйге тапсыр-ма
Ж.Смақовтың өмірі мен еңбектері туралы мәліметтер жинап келу. «Айтшы, әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу, туыстық атауларды жаттау, мамандық иелерін біліп келу.
«Әже» тақырыбында өлең құрастыру немесе шығарма жазу.
1 мин