Күні: 24.11.2016
Сыныбы: 2 «А»
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова. «Астана»
Сабақтың мақсаты : Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың міндеттері: мәнерлеп оқуға баулу, өлеңнің ұйқасын табуға, мазмұнын баяндауға, өз ойларын ортаға сала білуге машықтандыру.
Көрнекілігі: суреттер, видеороликтер, слайд.
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі
Барысы: І. Ұйымдастыру.
Ынтымақтастық атмосферасын құру
Жарқын – жарқын үніміз,
Болашақтың гүліміз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар,
Қош келдіңіз бәріңіз!
Өткенді қайталау. Қатар бойынша бөлімге бөліну.
(бақа, тышқан, құмырсқа- Кімнің мекені жақсы? әңгімесінің кейіпкерлері)
Кімнің мекені жақсы? әңгімесін сұрақ-жауап арқылы сұрау.
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбын ашу (ребус шешу- Астана, Алматы)
2. Ребустың жауабындағы екі қала туралы не білесің?
-Балалар, сендерге Алматы дегенде көз алдарыңа не елестейді? (балалардың жауабы)
-Алматы қаласы біздің мақтанышымыз. Алматы қаласы өте үлкен қала. Алматы қаласында «Медеу» мұз айдыны бар. Алматы қаласы біздің бас қаламыз болған. Кейіннен бас қаламыз Астана қаласына ауысты.
-Ал, Астана дегенде көз алдарыңа не келеді?
«Астана» өлеңі. Күләш Ахметова туралы мәлімет беру
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған.Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.1961 ж Жамбыл медициналық училищесін, 1973 ж Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
«Ақ гүлім менің», «Жапырақ-жаздың жүрегі», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Ләйлектер қайтып келгенде», «Арғымақтар даласы», «Дауылдан кейінгі жорық», «Наурыз нұры» т.б. өлеңдер жинағы жарық көрген.
-Ендеше балалар, бүгін біз сендермен Астана қаласына барып, онда орналасқан ғимараттарға саяхатқа шығамыз. Ол үшін бізге көлік керек. Көлікпен аралай отырып, әр ғимарат өздерінің тапсырмаларын орындау керек екен. Сонда ғана біз Астана қаласының көрікті ғимараттарымен толығырақ таныса аламыз.
1. Бәйтеректің тапсырмасы: «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Хан-Шатырдың тапсырмасы: Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндір.
Сергіту сәті. Алтынай Жорабаева «Астана» өлеңіне билеу.
Ақорданың тапсырмасы: «Автор» ойыны бойынша өлеңді мәнерлеп оқу.
Бейбітшілік пен келісім сарайының тапсырмасы: Үш тілде сөйлеу.
Экспоның тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.
Бағалау.
Үйге: «Астана» мәнерлеп оқып келу. 83бет №7-тапсырма