Байқоңыр қаласы №277 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ермағамбет Мереке Зейнуллақызы
«Арманға бірге барайық !»
Музыка ойналады.Санжар мен Гульсая сахнаға жүгіріп шығады.
Санжар: - Гульсая, сенің қандай арманың бар?
Гульсая: - Санжар менің арманым көп ғой.
Санжар: - Ендеше, сол арманға бірге барсақ қалай қарайсың?
Гульсая: - Арманға бірге барсақ, барайық.
Санжар, арманға қалай барамыз?
Санжар: - Гульсая, сенің қандай арманың бар?
Гульсая: - Шіркін, каббойлардың ат шабысын көрсем екен.
Санжар: - Олай болса, Жұлдызбек сиқыршыға айтып көрейік.
Таяқша ұрылады. Тық дауысы шығады.
Жұлдызбек: - Уп-суп.
Гульсая, Санжар: - мәс саған қайдан пайда болдыңыз?
Жұлдызбек: - Балалар, сендер мені іздедіңдер ме?
- Әрине, біздің арманымызды орындау үшін сізді іздедік.
Жұлдызбек: - Ендеше, балалар армандарыңды айта қойыңдар.
Санжар-Гульсая: - Біз коббойлардың ат шабысын көруді армандап
едік.
Жұлдызбек: - Олай болса армандарың орындалады.
Суп.(Сахнада « Коббой» биі орындалады )
Санжар, Гульсая: - Па шіркін, каббой биі қандай тамаша!
Гульсая: - Санжар, ал сенің қандай арманың бар?
Санжар: - Менің арманым үнді балаларын көрсем!
Гульсая: - Онда Жұлдызбек сиқыршыны шақырып көрейік!
Жұлдызбек: - Балалар тағы армандарың бар ма?
Гульсая, Санжар: - Әрине, біз үнді елінің балаларын көргіміз келеді.
Жұлдызбек: - Ендеше үнді балалары алдарыңызда
Суп.(Сахнада «Чалия» әні,биі орындалады)
Гульсая, Санжар: - Е, Үнді балалары өз Отанын қатты сүйеді
екен ғой.
Санжар: - Гульсая. Осы сен ертегіні жақсы көресің бе?
Гульсая: - жақсы көрмегенде ше?
Ертегіні жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, сірә!
Санжар: - Әжемнің ертегісін сағынып кеттім. Ертегі еліне барсақ ғой!
Гульсая: - Жұлдызбек сиқыршы қасымызда болса ғой, Шіркін ертегіні
көрер едік.
Жұлдызбек: - Балалар, неге көңіл-күйлерің жоқ?
Санжар, Гульсая: - Біз әжеміздің ертегісін сағынып кеттік.
Жұлдызбек: - Мұңаймандар балалар. Ертегі еліне бірге барамыз.
(Суп) (Сахнада ертегі сахналанады.)
Санжар, Гульсая: - Алақай! Алақай!
Музыка (ертегілер) ойналады.
Санжар: - Ойланбай іс жасау жаман қасиет екен.
Гульсая: - Я, қандай іс жасасаң да ойланып жасау керек.
Санжар: - Гульсая сен өскенде кім болуды армандайсың?
Гульсая: - мен өскенде сән үлгісін жасауды армандаймын.
Санжар: - Гульсая, сен қандай киім үлгілерін ұнатасың?
Гульсая: - Көп қой бірақ сол үлгілерді қазір көре алмаймыз.
Санжар: - Мүмкін Жұлдызбек сиқыршыны шақырсақ.
Ол арманыңды орындайтын шығар.
Жұлдызбек: - Балалар менің көмегім сендерге қажет пе?
Санжар, Гульсая: - Ия, біз киім үлгісін көруді армандап отырмыз.
Жұлдызбек: - Жарайды, онда көздеріңді жұмындар! Суп дегенде
ашыңдар. (Сахнада табиғи заттардан сән үлгілері көрсетіледі.)
Санжар, Гульсая: - кол шапалақтайды.
Санжар, Гульсая: - Қандай сән үлгілері. Керемет.
Гульсая: - Санжар, сен қалай ойлайсың білім мен өнерді бойымызға
дарытатын кім?
Санжар: - Әрине, Ұстаздар!!!
Гульсая: - Дұрыс айтасың. Мен Мереке апайға кеше ғана ең
әдемі адам сіз деген едім. Ол қатты куанып. Рахмет-деді.
Санжар: - Сонымен не айтқың келіп отыр.
Гульсая: - Шіркін, Мереке апай ән айтса ғой! Дуэт болып.
Санжар: - Мен де армандап отырмын.
Жұлдызбек: - Балалар мен сендердің армандарыңды естіп қалдым.
Армандарыңды қазір орындаймын!
Гульсая: - Санжар біздің Мереке апайымыз тек әдемі ғана емес.
Әнші екен ғой.
Санжар: - Гульсая, армандаған қандай керемет! Бізден бақытты бала
жоқ шығар.
Гульсая: - Дұрыс айтасың.
Армандай білген адам ғана арманына жетеді.
Балалар,сендерде армандай біліңдер және армандарыңа жетіңдер! Қош сау болыңыздар!