Мерекелік кеш Ақынмен жүздесу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Аманкелді ауданының біртуар азаматы, ақын Хамитбек Қуандықұлы Мұсабаевпен кездесу

«Сыр- сұхбат»

Өтілу барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тәлімді адамдармен кездесіп, тәрбиесін танытар «Сыр- сұхбат» кешімізге қош келдіңіздер. Кешті бастамас бұрын бүгінгі сыр- сұхбаттың қонағы болар тұлғаны білу үшін өлең жолдарын оқимын, кім жайында екенін тауып көріңіздер!

Дара туған ауданның ол ақыны,

Әркез болып ел, халқының жақыны.

Жыр шумағын әуелете тербетіп,

Болған газет, журналдардың бар сәні.

  • Өлең жолдары кім жайында?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса, ақын ағамыз Хамитбек Қуандықұлы Мұсабаев бүгін бізде қонақта. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

  • Амандасу, қошемет білдіру, сәлемдеме ретінде концерттік бағдарламаны ұсыну.

1-жүргізуші:

Өзіңде арман, сырларым

Жүрекпен жазған жырларым!

Арқауы өлеңдерімнің

Қоңыр бел, қоңыр қырларым!

2-жүргізуші:

Илансаң досым- жараным,

Ел мен жер – менің бал әнім!

Осының бәрін айғақтар,

Өлеңім- өмірбаяным!- деп жырлаған өлеңді жанына серік еткен ақын;

1-жүргізуші: Бірнеше жыр кітаптарының авторы;

2-жүргізуші: Ауданымыздың біртуар азаматы;

1-жүргізуші: Аудандық «Амангелді арайы» газетінің бас редакторы;

2-жүргізуші: Облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі;

1-жүргізуші: Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты;

2-жүргізуші: ҚР Жазушылар одағының мүшесі;

1-жүргізуші: Мәдениет қайраткері, иманы кәміл қажы;

2-жүргізуші: Қазақстанның құрметті журналисі Хамитбек Мұсабаев ағамызбен бірге өткізгелі отырған сырлы сұхбатты кешімізге

Екеуі бірге: Қош келдіңіздер!

[pic]

1-жүргізуші:

Өмірім- өлеңім, өлеңім- өмірім,

Сол менің- бойыма дарыған қыдырым!

Сарқылмас сары алтын- сабырым,

Халқыма жетеді жер жарған дүбірім,

Мен соған сенемін

Жар болсын екі дүниеде де- бір өзі Тәңірім!

2-жүргізуші:

Мен – Торғайдың бір бұлағымын,

Жапанға біткен – бір дарағымын.

Әкемнің өшпей қалған бір шырағымын,

Халқымның тарихының бір парағымын.

Ахаң- Жахаңдай тұлпарлардың- бір тұяғымын- деп кешегі қазақтың кемеңгер, ғажайып ұлы тұлғалары, өлеңнің хас шеберлерінің ізін жалғаған Хамитбек ағамыз елімізді, жерімізді мөлдір судай сылдырап аққан сырға толы жырларымен сусындатып келеді.

1-жүргізуші: Олай болса, ардақты аға, сіздің құрметіңізге арналады. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Шашу» Қабдыхамитов Ерназ [pic]

2-жүргізуші:

Думанды, дулы дүрмекті

Балалық шағым сенде өтті.

Сынтасым,

Сырлы толқының

Бесіктей мені тербетті.

1-жүргізуші:

Халық- ердің аруағы,

Жанбас онсыз- ер бағы.

Болса халқым бақытты

Бақыттымын мен дағы.

Ән: «Достарым» Дуэт


1-жүргізуші: Ділдә, сен білесің бе, Шығыстың ұлы шайыры: «Ақындары әкімдерін іздесе, ондай елдің маңдай соры бес елі, әкімдері ақындарын іздесе, бақыт нұрын кешеді» деген екен.

2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың Ерназ. Атақты Наполеон Бонапарт: «Феодализмді құртқан зеңбірек, адамзат пен қоғамның ендігі тағдыры қаламға байланысты. Қаламнан қуатты қару жоқ. Әлемді билейтін- сөз, сөзді билейтін- ақын» деген екен.


1-жүргізуші:

«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді.

Ақын ағамызға қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді.

Хамитбек аға, бізді сусындатар мәңгі сарқылмас жырларыңыздың алдында құрметпен бас иеміз!

Ән: «Туған жердің ұланымыз» Кулахметов Жандос

1-жүргізуші:

Бар мұрадан - қасиетті мұрам ең,

Данасың ғой, болар, әр кез дана кең.

Менің мөлдір, сұлу Ана тілімнің

Шырақшысы- сен аман бол, Қара өлең!

2-жүргізуші:

Қазағымның кең байтақ даласында,

Көп болсын, өзіңіздей дара тұлға.

Біз үшін мәңгі үлгі боласыз ғой,

Жыр жазып, мұра қылған Хамитбек аға!

Бірге: Қымбатты аға! Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз!


Мұғалім:

  • Хамитбек аға, бүгінгі өткелі отырған сырлы сұхбатты кешімізге тағы да қош келдіңіз дейміз. Сұхбатымызды бастамас бұрын алдымен, сіздің өміріңізден бір үзік сыр шертер бейнесюжетке назар аударайық. (1-ші бейнесюжет)

[pic]

  • Сюжетке алыпқосарыңыз бар ма, толығырақ айтып өтсеңіз...

[pic]

  • Сізбен жүргізер балалардың сұхбатына шынайы, нақты жауап беруге дайынсыз ба? Олай болса, сізге сәттілік тілей отырып алғашқы сауалдарымыздан бастасақ...

(Оқушылар сауалы қойылады)

  1. Хамитбек аға, адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы ғой. Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті?

[pic]

  1. Хамитбек аға, сіздің қалам ұстап, шабыт тұлпарына мінуіңізге не түрткі болды?

  2. Хамитбек аға, бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?

  3. Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?

  4. Хамитбек аға, сыныбыңыз туралы айтып беріңізші, қандай оқушылар болды?

Мұғалім: Сіздің мектеп қабырғасындағы кездеріңізді еске алып, сіз жайында сыныптасыңыздың бір үзік сырын тыңдайық. (Сыныптасы Кәтеп апай берген сұхбат бейнесюжеті)

  • «Балаға бағыт- бағдар беретін ата- анасы», ал сізге ата- анаңыз қандай бағыт берді?


[pic]

  • Оқушылар сауалына кезек берейік.

  1. Хамитбек аға, мектепте оқып жүргеніңізде қандай үйірмелерге қатыстыңыз?

  2. Оқушы болғанда қандай болдыңыз?

  3. Хамитбек аға,бала кезіңізде неге құмар болдыңыз?

  4. Бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз?

  5. Хамитбек аға,шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз қандай адамсыз?

[pic]

Мұғалім:

  • Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы, 5 жаман қасиетіңізді айтыңызшы... (санап айтқызу)

  • Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы қасиетіңізді бүгінгі жастардың бойынан көре аласыз ба?

(Оқушылар сауалы қойылады)

  1. Ақын ретінде сізді көбіне не шабыттандырады?

  2. Балалық шағыңыздан есіңізде қалған бір естелігіңізді айтып беріңізші.

  3. Ақынның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  4. Хамитбек аға, достықты қалай түсінесіз?

  5. Хамитбек аға, сіздің өміріңізде таңғажайып сәттер болды ма?

  6. Редактор болып қалыптасуыңызда кімдер әсер етті?

  7. Хамитбек аға, қазіргі таңда сізден тәлім алып жүрген шәкірттеріңіз бар ма?

Мұғалім:

  • Ауданымызда «Амангелді арайы», «Қостанай таңы» газеттері беттеріне мақалалары жарияланып отыратын жастардан кімдерді айта аласыз?

(Оқушылар сауалы қойылады)

  1. Хамитбек аға, сіз басшылық жасап отырған сүйікті газетіміз «Амангелді арайы» газетінен жарық көрген ең алғашқы туындыңыз қандай?

  2. Хамитбек аға, білім алған оқу ошағыңыздан ерекше бейнесімен есіңізде қалған ұстаздарыңыз бар ма?

  3. Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?

  4. Хамитбек аға, қазақ жазушыларының, ақындарының ішінде кімдермен жүздесіп көрдіңіз? Қандай әсер алдыңыз?

  5. Хамитбек аға, соңғы жазған өлеңіңіз қандай, не туралы?

  6. Хамитбек аға, сіздің жолыңызды қуған балаларыңыз бар ма?

  7. Хамитбек аға, ақын болуым үшін қай қырымнан шыңдалуым қажет?

  8. Хамитбек аға, музыкаға жаынсызба? Қандай музыкалық аспапта ойнайсыз?

Мұғалім:

  • Адам баласының мықты боп қалыптасуына үш нәрсе байланысты дейді. Олар: ата- ана, ұстаз және кітап.Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?


  • Өткен жылы 60-жас мерейлі мерекелі жасыңыз аудан көлемінде шығармашылық үлкен кешпен тойланды. Құтты болсын айтамыз. Әрдайым осындай кештердің сәні боп жүре беріңіз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын, сүйіп оқыр оқырмандарыңыз көп болсын!


  • Сізбен жүргізген бүгінгі сұхбатымыз ұнады ма?

  • Олай болса, сіздің туындыларыңызды үнемі оқып, жаттап үлгі алып жүрген оқушылардың өнерлерін тамашалайық.

  • Сіздің шығармашылығыңыздан «Поэзия минуты».

(Хамитбек шығармаларынан үзінді тақпақтарын оқиды.)

[pic]


  1. Аңсағанова Жұлдыз 7- сынып «Қасиетті Батпаққарам- ай»

  2. Сабыров Бағдат 6-сынып «Оян, қазақ»

  3. Қабдрахим Қарақат 5- сынып «Өзің ғой маған сиқырлы әлем»

  4. Қабдыхамитов Ерназ 4-сынып «Ер сұлтаны- Нұрсұлтан»

  5. Мұратбек Аяулым 4- сынып «Айналайын Айырқұм» , «Тәуелсіздік толғауы» поэмасы

Мұғалім:

  • Сіздің жолыңызды қуып, ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген шәкірттеріңіздің сізге арнаған арнауларын қабыл алыңыз.

(Оқушылар шығарған өлеңдерін оқиды)

[pic]


  • Қорытындылау. Оқушыларға жылы лебізіңізді білдірсеңіз..

  • Марапаттау

[pic] [pic] [pic] [pic]


  • Бүгінгі кештен алған әсеріңіз қандай? Смайликпен көрсету

[pic]

Соңы:

[pic]