|
Урок по казахскому языку на тему Сәйлемнің бірыңғай мүшелері
Автор публикации: Койшибаева Э.Ж.
Дата публикации: 2016-04-07
Краткое описание: ...
[pic] қазақ тілі «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту; 2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту; 3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру, Отан деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем жаза білуін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Қызығушылықты ояту қазақ тілім- -Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз? -Республикамыздың астанасы қай қала? Бүгін біз Астана қаласындағы өте тамаша ғимарат «Бәйтерекке» басқышпен жоғары көтерілеміз.Ол үшін әр қатар тапсырманы жақсы, дұрыс және тез орындау керек.Тапсырманы орындау арқылы жоғары көтеріліп отырамыз. Дұрыс, қатесіз орындаған сайын мен геометриялық пішіндерді беріп отырамын, ал сабақтың соңында қай қатар көбірек жинағанын санап білеміз.Сол топ жеңеді. 3. Ал енді 1 кезең «Өткенге шолу» ( 3 балаға карточка тест түрінде таратамын) -Сөйлем дегеніміз не? -Сөйлем мүшесі дегеніміз не? - Жай және құрмалас сөйлем дегеніміз не? -Тұрлаулы мүше дегеніміз не? -Тұрлаусыз мүше дегеніміз не? -Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері дегеніміз не? 4. Ал енді келесі кезең «Көркем жазу» -Балалар, қазір сендер жұмбақ шешесіңдер. Алфавит ретіне қарап шешуін табасыңдар. Сосын сол сөзбен бірыңғай мүшелерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар. 3 кезең «Ой ашу» Жаңа тақырыппен танысамыз. Тақтада 1 бала шығып жазады: Біз табиғатты қорғаймыз. Енді осы сөйлемді бірыңғай мүшелері болатындай қылып сөйлем құрастырыңдар. Біз орманды, көлді ,өзенді қорғаймыз.Біз табиғатты ,ауаны ,қоршаған ортаны қорғаймыз. Сөйлемде сөздер бір сұраққа жауап беріп ,сөйлемнің бір мүшесімен байланысып тұр. Ереже шығару.(дәлелдеу керек) Жылыжайда ақ,көк,қызыл,сары гүлдер өсірілуде.-Бірыңғай мүшелердің арасында үтір қойылады. Ақ қайың ,құба тал, көк теректер өседі. Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады Өзендер,көлдер- жердің берекесі. Бидай мен арпа ,жүгері мен күріш және тары-дәнді дақылдар. ЕРЕЖЕ: Бірыңғай мүшелер жене, мен,бен,пен шылаулар арқылы жазылғанда үтір қойылмайды,ал да, де та,те шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады. Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді. Сергіту сәті 4 кезең: « Адасқан әріптер» ЕҚАШНАШ ӨКТРІІ АТЙПА БІЛМЕНІҢГЕДІ –БІЛНЕНГЕН СРҰА 5 кезең- Оқулықпен жұмыс 56-жаттығу 6 кезең-Өздік жұмыс 57-жаттығу Тез орындап болған балаға карточка беремін 7-кезең-Шығармашылық жұмыс. Сөйлемді аяқта Орманда ..., ...,...,..., өмір сүреді. ....да, ... да,...да –ағаштар.( ақ қайын да, қарағай да, шырша да) ...мен,...пен... ойнап жүр. (Аян мен Зеин,Олжас пен Мақсат ойнап жүр.) 8 кезең-Терме диктант Ғылым таппай мақтанба. -Өлеңнің авторы кім? -Өлеңді тыңдау, ішінен бірыңғай мүшелерді табу. Қорытынды Ойын-жаттығу Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер? (Бірыңғай сөздерді қатыстыру) Мейірімділік жылулық жарқындық Бағалау | Автор:Койшыбаева Элия Жакуповна
|
|