Батыс Қазақстан Облысы
Орал қаласы №19 орта жалпы білім
беретін мектебінің
Түзету сынып мұғалімі
Шайхуалиева Раушан Серікқызы
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Еңбекпенен ел көгерер.
Сабақтың мақсаты:а\Білімділігі:Ертегінің мазмұнын аша отырып,сөздік қорларын толықтыру.
ә\Тәрбиелілігі:Еңбек етуге, сүюге,еңбекті бағалауға,еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу. б\Дамытушылығы: Ертегіні мәнерлеп оқыта отырып, ой өрістерін дамытуға,білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Пән аралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.
Әдісі: баяндау, ой-түйіндеу.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: тірек сызба, жаңылтпаш, жұмбақтар.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Өлеңді мәнерлеп оқыту.
-Омарташы немен айналысады?
-Балдың қандай пайдасы бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме. «Еңбекпенен ел көгерер» мақалының мағынасын ашу.
Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс: Кер жалқау, айдар тағу, жұт сөздерін түсіндіру.
Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау.
Ертегіде кімдер туралы айтылған?
Қай баланың ісі дұрыс? Неліктен?
Сергіту сәті «Үлкен, кішкентай»
Қонжық «үлкен» сөзін айтқанда, балалар аяқтарының ұштарымен жүреді, ал «кішкентай» сөзін айтқанда, балалар иілген аяқтарымен жүруі керек.
Дәптермен жұмыс: Нақыл сөзді жазып алу.
«Еңбекпенен ел көгерер»
Сергіту сәті. «он саусақ» өлеңін айту.
Баламен жұмыс. Мәтіннен түсінгенін өз сөзімен баяндап беру.
* «Жалқаулық» туралы оқыған әңгімелеріңді еске түсіріп айтып бер.
Сергіту сәті. Фонетикалық жаттығу.
- Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш
IV.Сабақты бекіту.
–Ертегіден қандай ой түйдің?
–Еңбек туралы мақал-мәтел айт.
-Ертегіде ағайынды төртеуіне қандай атақ берілген?
V. Үйге тапсырма. Ертегіні мәнерлеп, түсініп оқу. Мазмұнын айту.
Еріншектік, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер жинау.
VI. Бағалау.