Сабақтық тақырыбы:Етістік
Сабақтың мақсаты.
1.Оқушыларға етістік туралы берілген білімді жетілдіру,талдау бекіту.
2.Оқушылардың сөздік қорын молайтып,тілін,шығармашылығын дамыту.
3.Әдептілікке,өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілік суреттер,сызба,бұлт,ағаш,күн.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Білімді жан жақты тексеру
-Қандай сөз таптарын білесіңдер?
-Өткен сабақта қандай сөз табын қайталадық?(Етістік)
-Етістік дегеніміз не? Ережесін сұрау
Жаңа сабақ
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Ал біздің күніміз әлі жарқырап шуағын шашпай тұр.Өйткені күннің бетін бұлт торлап тұр.Бұл бұлттардың ашылуы үшін олардың тапсырмаларын орындайыз.
Жаңа сабақ 1-тапсырма
7-жаттығу
1-топ жұмбақ шешу
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады (Жапалақ)
2-топ құстар қалай ұшады? Көп нүктенің орнына етістік қою.
Қарға ұшар... шағала ұшар...
Үйрек ұшар... қаз ұшар...
2-тапсырма. Берілген етістіктерді сұрақтарына қарай бөліп жазу.
1-топ.Не істеді?
2-топ.Не қылды?
Сергіту сәті.
3-тапсырма.Төрт-түлік малдың суретін көрсету.Мына малдың қайсысы қалай төлдейтінін айт.
1-топ.Малдың төлін айтады,етістікті табады.
2-топ.Малдардың дыбыстауын айтады,етістікті табады.
4-тапсырма.Ұйқасын табу.
1-топ.Тастан-тасқа секріп,
Жем тереді... (Кекілік)
2-топ.Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы...(Арыстан)
5-тапсырма.Өлеңді оқып,жатқа жазу.
Әр топтан бір-бір оқушы өлеңді жатқа айтып,етістіктерді тауып,қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады.
Сөздік жұмысы.
Төскей-таудың қия беткейі.
6-тапсырма.Шығармашылық жұмыс.
1-топ.Көктем туралы өлең шығару.
2-топ.Көктем туралы шығарма жазу.
.Қортынды: Етістік ағашына етістік туралы білетіндерін жазады.
-Балалар,сендер бұлттардың барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар.
Міне,күніміз жарқырап шыға келді.
. Бағалау.
. Үйге тапсырма.