Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктің өсуі - өнуі, жетіліп жеміске айналуы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой - өрісін, есте сақтауын, ақыл – ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Топтастыру, салыстыру, 5 жолды өлең, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, Интербелсенді тақта. Электронды оқулық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу. (3 минут).
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.
Біз әдемі, көрікті,
Біз ақылды, әдепті.
Біз зейінді зерекпіз.
Әр топқа сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты қайталау.
1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқушылар үш топқа бөлінеді. (Алма, Алмұрт, Жүзім).
Оқушылар қолдарындағы суреттермен топқа жиналады. Спикер тағайындайды.
1 - топ Алма. 2 - топ Алмұрт. 3 - топ Жүзім.
Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу. (Слайд№1) (5минут)
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп - өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
Топпен жұмыс: (10 - 15 минут)
Мәтінді әр топ мүшелеріне бөліктерге бөліп беру.
Әр топ мүшесі оқиды, топта талқылайды, Спикер түсінгенін айтып беруі тиіс.
Сұрақтар әр топқа: Слайдпен көрсетіледі.
1. Жеміс неден жетіледі? ( Гүл түйінінен)
2. Тұқым нешеге бөлінеді? (2 - ге бөлінеді Құрғақ және шырынды)
3. Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.
( Алма, қауын, қарбыз, қияр)
VІ. Электронды оқулықпен жұмыс:
Тапсырмадар орындау.
1. Шырынды жемісті құмыраға және құрғақ тұқымды себетке салу.
2. Жел арқылы таралатын өсімдіктерді ажырату, белгілеу.
VІІ. Сабақты бекіту: Әр топ өз топ атауына байланысты жеміс туралы шағын әңгіме жазады.
Спикерлер оқып береді.
Қошеметтеу. Мадақтап, уәж айту.
Бағалау: Топтың спикерлері топ мүшелерін ауызша бағалайды.
Ал, енді балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ендеше алдарыңдағы смайликтермен бағалайық. (Оқушылар смайликтерін көтеріп көрсетеді)
Үйге тапсырма: Өзіңе ұнаған жемісті сипаттап, зерттеп келу.