р/с | Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Сабақтың тақырыбы: | «Қар» С.Шаймерденов |
|
| Сабақтың мақсаты: | 1.Оқушыларға мәтінді түсініп оқыта отырып ,өздеріне қатты әсер еткен үзінділерді тапқызу 2.оқушылардың ой-өрісін,шығармашылығын дамыту 3. Оқушыларды өз елінің,жерінің табиғатың сүюге тәрбиелеу |
|
| Көрнекілік | С.Шаймерденовтың портреті,суреттер,магнитті тақта,А4,фломастер |
|
| Сабақ түрі: | Аралас сабақ |
|
| Сабақ әдісі: | Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс,сұрақ-жауап |
|
1 | Ұйымдастыру | *Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру *1,2,3-ке санап топқа бөлу | Топқа бөлінді. |
2 | Үй тапсырмасы: | 1.«Қызыл шұнақ» өленді жатқа айту. 2.Сұрақ-жауап:Өленнің авторы кім?Өленде жылдың қай мезгілі туралы айтылған? «Қызыл шұнақ аяз» деп қаңдай аязды айтамыз? |
Сұраққа толық жауап берді. |
3 | Жаңа сабақ | -Ал жұмбақ шешіп көрелік .жұмбақ шешу: Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тонады. Ол не? (Қар) -Сонымен жұмбақтың шешемі не? -Қар қалай пайда болады? -Балалар, «кар»сөзіне өздерін сөзжұмбақ құрастырыңдар Кіріспе әңгіме.С.Шаймерденов туралы айту Сафуан Шаймерденов(15.4.1922 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы — 23.2.2007, Алматы) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995). | Жұмбақ шешіп жаңа тақырыпты анықтады.
|
| Оқулықпен жұмыс: | -Мәтінді оқып беру -Кезектесіп оқыту -сұрақ-жауап:жазушы жауып тұрған қарды қалай бейнелеген?Қар жауған соң айнала қалай өзгерді?Жазушының «денені түршіктірер зәрі бар»дегенді қалай түсінесіңдер?Қай кезде қардан аққала,әр түрлі жан-жануарлардың мүсінін жасауға болады? | Оқушылар толық жауап береді
|
| Топтық жұмыс:
| Үш топқа тапсырма 1-топ:мәтіннен қар жауып тұрған кезді суреттейтін тұсты тауып оқы 2-топ:әңгімеден қар ұлпалары,қар жапалақтары тіркестеріне қатысты сөздерді тауып дәптеріңе жазып ал. 3-топ: Тұрар байқаған қысқы табиғат құбылысының суретін салып көр | Тапсырманы орындаған соң бір-бірін бағалады |
4 | Сергіту сәті: | Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастаймыз. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш Бойымызға жинап күш. Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастаймыз. | Сергіту сәтін орындап біраз демалады |
5 | Дәптермен жұмыс | 1.Автордың қысқаша өмірбаянын жазады 2.1-топ:қысқы ойын түрлерін жаз 2-топ:қыстап қалатын құстарды жаз 3- топ:қысқы адам еңбегі |
|
6 | Қорытынды | Бүгін кімнің шығармасымен таныстық? Шығарманың қай үзіндісі сендерге қатты әсер етті? | Оқушылар күн жылы болған кезде қардан әр түрлі мүсіндер жасауға болатынын түсінді |
7 | Бағалау | Топтық жұмыстарын бағалау | Күнделіктеріне баға қойғызу |
8 | Үйге тапсырма | Әңгімені оқып.мазмұнын айту.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып сөлем құру ( аппақ қар,қар басты,мұз қатты, мұз үсті тайғанақ) |
|