Бекітемін:
3 сабақ
Пәні:Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя.
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы
туралы түсінік бере отырып,өмір жолымен таныстыру.
ә\Тәрбиелілігі:Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, жеті атасын
білуге тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Балалардың ойын,зейінін,сөздік қорын
дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі.
Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Түрі:дәстүрлі.
Көрнекілігі:Бауыржан Момышұлының суреті, әдет –ғұрыптар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Мәтіннің мазұнын айту.
2.Дәлмырзаның өсиет сөзін тауып оқу.
3.Сөздік жұмыс.
4.Неліктен «аманатқа қиянат жасауға болмайды» дейді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Кіріспе әңгіме.
- Б.Момышұлының өмір баянымен таныстыру.
- Жазушының шығармашылық еңбегі туралы айту.
2.Оқулықпен жұмыс.
а\Мәтінді оқып беру,түсіндіру.
ә\Оқушыларға тізбектей оқыту.
б\Түсініксіз сөздермен жұмыс.
в\ Сұрақтар мен тапсырмалар.
Мәтіңде қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы айтылған?
Сендер қандай әдет-ғұрыпты білесіңдер?
Бала Бауыржанның табиғат құбылыстарын сипаттауын әңгімеле?
IV.Сабақты бекіту.
1.Б.Момышұлы туралы не білдің?
2.Бауыржанның әкесі қандай адам болған?
V. Үйге тапсырма.
1. Б.Момышұлының фотосуреттерін жинап, альбом құрастыру.
2. Жеті аталарын біліп келу.
VI. Бағалау.