Сабақ жоспары мал шаруашылығы және егін шаруашылығы 4 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бастауыш сынып мұғалімі Ермекова Ғазиза Шамшадиновна

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: адамның егін және малшаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға еліміздің егін және малшаруашылығы жайлы мәлімет беру,оны дамытудағы еңбек көзін, жасаған жағдайларын түсіндіру.

Білімділігі: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының пайдасын білу, оны дамыту жолдарын үйрену, өмірмен байланыстыра отырып тақырыпты талдай алуды меңгерту.

Шеберлігі:ой-өрісін дамыта отырып, байланыстыра сөйлеу дағдысын өз беттерімен бірлесіп жұмыс істеуді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дағды: еңбексүйгіштікке және айналамен қоршаған ортаны аялауға дағдыландыру.

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақты қолданылатын әдіс-тәсілдер:сиқырлы доп, мазайка, постер қорғау, венн диаграммасы, эссе жазу.

Сабақта қолданылатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшелігіне сай тапсырмалар, АКТ, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, бағалау, көшбасшылық.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, еңбекке баулу,бейнелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, кесте, сызба, слайдтар,үлестірмелі парақшалар

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Кіріспе

1.Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шеңбер құрып, бір-біріне деген ыстық лебіздерін білдіреді.


2.Топқа бөлу

Оқушыларға суреттер тарату арқылы топтарға бөлу.

Оқушылар топтарға бөлініп алады.


3.Үй тапсырмасын тексеру

Сиқырлы доп әдісін қолдана отырып, оқушылардың үй тапсырмаларын тексеру.

Сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмаларын тексереді.


4.Оқушыларға видео ролик арқылы егін және малшаруашылығының дамуы жайлы мәлімет беру

Егін және малшаруашылығының дамуы жайлы түсініктерін қалыптастырады.

2.Негізгі бөлім

1.Жаңа сабақ. Мемлекетіміз ауыл шаруашылық саласының дамуына жасап жатқан жағдайлары жайлы түсіндіру.Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы үшін жасап жатқан жағдайлар жайлы саралау.

Мемлекетіміз ауыл шаруашылық саласының дамуына жасап жатқан жағдайлары жайлы түсінеді. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы үшін жасап жатқан жағдайлар жайлы саралай алады.

2. Қызығушылығын ояту

Постер қорғату арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтау.

Дәптермен жұмыс. Берілген тапсырмаларды арнайы дәптерге орындау.

Әр түрлі жаңа әдістерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындайды.


Дәптермен жұмыс жасай отырып берілген тапсырмаларды жазбаша орындайды.

3.Сергіту сәті

Оқушыларға «Айдахар дос»тың сергіту сәтін орындату.

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

3.Қорытындылау

1.Ой толғаныс

«Венн диаграммасын» пайдалана отырып, егіншілік және мал шаруашылығының салыстырмалы түрде ортақ ұқсастығын табу

Сабақта меңгергенін пысықтау мақсатында тапсырмаларды орындайды.

2.Бағалау

Оқушыларға бағалау парақшаларын тарату арқылы, оларды бірін-бірі бағалауға үйрету



Оқушылар бағалау парақшалары арқылы бірін-бірі бағалауға үйренеді

3.Үй тапсырма: Мозайка әдісі

1-ТОП “Төрт түлік” туралы мәтін жазу. 2-ТОП “Диқан болғым келеді” шығарма жазу. 3-ТОП “Елімнің байлығы” газетке мақала жазу 4-ТОП “Дақылдар туралы” мақал-мәтелдер жазу


4.Кері байланыс.

Не білдім? Не білгім келеді?


Стикерлерге өз ойларын жазу