|
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар
Автор публикации: Найзабекова Г.А.
Дата публикации: 2016-10-26
Краткое описание: ...
Сен қазақ тілінен қалайсың?
Әңгімелеу мәтіні дегеніміз – бір нәрсе жөнінде хабарлап, баяндайды. Әңгімелеу мәтіні 3 бөліктен тұрады: 1)Басы, 2) Негізгі бөлім, 3) Соңы.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі ( ? ) қойылады. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады.
1)Тұрлаулы мүшелер: 2) Тұрлаусыз мүшелер: а) Бастауыш а) Анықтауыш б) Баяндауыш ә) Толықтауыш б) Пысықтауыш
Сөйлем мүшелерін талдау үшін, сөйлемдегі қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөзді табамыз. Оған не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қоямыз. Бұл сұраққа жауап беретін сөз баяндауыш болады. Оның астын екі рет сызамыз.
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім Есімдік Үстеу Шылау Одағай
Жалқы есім Жалпы есім Негізгі зат есім Туынды зат есім Зат есімнің жекеше түрі Зат есімнің көпше түрі Зат есімнің септелуі Зат есімнің тәуелденуі Зат есімнің жіктелуі
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз. Зат есімнің көпше түрі –лар, -лер, -дар, -дер, -тар,-тер қосымшалары жалғану арқылы жасалады. Бұл қосымшаларды көптік жалғау деп атаймыз.
Жекеше түрі Көпше түрі І жақ Менің кітабым Біздің кітабымыз ІІ жақ Сенің кітабың Сендердің кітаптарың Сіздің кітабыңыз Сіздердің кітаптарыңыз ІІІ жақ Оның кітабы Олардың кітаптары
Жекеше түрі Көпше түрі І жақ Мен дәрігермін Біз дәрігерміз ІІ жақ Сен дәрігерсің Сендер дәрігерсіңдер Сіз дәрігерсіз Сіздер дәрігерсіздер ІІІ жақ Ол дәрігер Олар дәрігер
Жекеше түрі Көпше түрі І жақ -бын, -бін, -мын, -мін -быз, -біз, -мыз, -міз ІІ жақ – пын, -пін, -сың, -сің -пыз, -піз, -сыңдар, - сіңдер ІІІ жақ - - Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік
Зат есімнің септік жалғаулары Септіктердің Аталуы
Сұрақтары Септік жалғаулары 1 Атау септік Кім? Не?
- 2 Ілік септік Кімнің? Ненің? ның, нің, дың, дің, тың, тің 3 Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? ға, ге, қа, ке 4 Табыс септік Кімді? Нені?
ны, ні, ды, ді, ты, ті 5 Жатыс септік Кімде? Неде?
да, де та, те 6 Шығыс септік Кімнен? Неден? нан, нен, дан, ден, тан, тен 7 Көмектес септік Кіммен? Немен? Мен, бен, пен
Септіктің түрлері
Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септігінің жалғаулары: ның, нің, дың, дің, тың, тің.
Барыс септіктегі зат есімдер кімге? неге? кімдерге? нелерге? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Барыс септігінің жалғаулары: ға, ге, қа, ке.
Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді. Табыс септігінің жалғаулары: ны, ні, ды, ді, ты, ті.
Жатыс септіктегі зат есімдер кімде? неде? кімдерде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септігінің жалғаулары: да, де, та, те.
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? неден? кімдерден? нелерден? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септігінің жалғаулары: нан, нен, дан, ден, тан, тен.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде ерекшеліктер болады. І , ІІ жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте -а, -е, жалғаулары жалғанады. ІІІ жақ тәуелдеулі зат есімдердер септелгенде төмендегі септіктер мынадай септік жалғауларын жалғайды.
-
Зат есімнің жіктелуі
Жекеше түрі Көпше түрі
І жақ -бын, -бін, -быз, -біз, -мын, -мін -мыз, -міз ІІ жақ – пын, -пін, -пыз, -піз, -сың, -сің -сыңдар, - сіңдер
ІІІ жақ - - - -
Етістік
Дара етістік Күрделі етістік Негізгі етістік Туынды етістік Болымды етістік Болымсыз етістік Етістіктердің жіктелуі Етістіктердің шақтары
Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз. Мысалы: айт, тұр, кел, жаз, күл тб
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейміз. Мысалы: шегеле, ақылдас, ойлан, әдеміле, тазала тб
Етістік болымды ( күл, жаз, айт) және болымсыз (күлме, жазба, айтпа ) болып екіге бөлінеді. Болымды етістік – қимылдың, іс-әрекеттің болатынын, іске асатынын білдіреді. Мысалы: бар, кел, көр, оқы тб
Болымсыз етістік – қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіреді. Болымсыз етістік ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, кел-ме, айт-па тб
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Осы шақ етістіктері іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді. Осы шақ етістіктері Не істеп отырмын? (жатырмын, тұрмын, жүрмін), Не істеп
отырсың? (жатырсың, тұрсың, жүрсің), Не істеп отыр? (жатыр, тұр, жүр) Жекеше Көпше Мен айтып тұрмын Біз айтып тұрмыз Сен айтып тұрсың Сендер айтып тұрсыңдар Сіз айтып тұрсыз Сіздер айтып тұрсыздар Ол айтып тұр Олар айтып тұр
- 2 ) Ауыспалы осы
шақ а, е, й Ол келеді
2) Ауыспалы осы шақ - қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен кел-е-мін. Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
Келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын, орындалатынын білдіреді. Келер шақ етістіктер не істеймін? не істейсің? не істейді? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Мен мектепке ертең барамын.
-
Келер шақтың түрлері
Жасалу жолдары Мысалдар 1) Мақсатты келер шақ пақ, пек, бақ, бек, мақ, мек, шы, ші, Кел – мек – ші 2) Болжалды келер шақ ар, ер, р, (с) Келме - с – пін
3) Ауыспалы келер шақ а, е, й Кел – е – мін
-
Өткен шақтың түрлері Жасалу жолдары Мысалдар 1) Бұрынғы өткен шақ қан, кен, ған, ген, ып, іп, п; айт- қан - мын 2) Жедел өткен шақ ты, ті, ды, ді; айт- ты, айтпа-ды 3) Ауыспалы өткен шақ атын, етін, йтын, итін; айт - атын
Сын есім
Сан есім
Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз. Мысалы: Алты, бес, отыз, жүз тб
Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз. Реттік сан есімге ыншы, інші, ншы, нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бесінші, оныншы тб
Есімдік
Есімдіктер: мен, сен, ол, сіз, өзі, біз, бұл, кім, сол, қанша, қайда, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы.
Мен, біз, сен, сіз, ол жіктеу есімдіктері жіктеледі және септеледі.
Есімдіктердің септелуі
-
тер Сұрақ тары Мыса- лы Мыса- лы Мыса- лы Мыса- лы 1 Атау Кім? Ұлжан мен сен ол 2 Ілік Кімнің? Ұлжанның менің сенің оның 3 Барыс Кімге? Ұлжанға маған саған оған 4 Табыс Кімді? Ұлжанды мені сені оны 5 Жатыс Кімде? Ұлжанда менде сенде онда 6 Шығыс Кімнен? Ұлжаннан менен сенен одан 7 Көмектес Кіммен? Ұлжанмен менімен сенімен онымен
Үстеу
Үстеу тек етістікке қатысты айтылады. Тез айтты тб Сын-қимыл етістікпен байланысып айтылса сын қимыл үстеуі сияқты қалай? деген сұраққа жауап береді. Ондай сын есімді зат есіммен де, етістікпен де байланысады. Мысалы: Жақсы оқушы, жақсы жазды тб
Үстеудің мағыналық түріне қарай бөліну кестесі
-
Сұрақтары Мысалдары
1
Мезгіл үстеу- лері
қашан? қашаннан? Бүгін, былтыр, биыл, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, ендігәрі, бұрын, күндіз, ертеден, бүрсігүні, күні бүгін, қыстай, ала жаздай, бағана, күні-түні бойы, қыстыгүні, әлгінде, таң сәріде, баяғыдан т.б. 2 Мекен үстеу- лері қайда? қайдан? Ілгері, кейін, әрмен, мұнда, осында, сонда, әрі, бері, жоғары, төмен, алға, тысқары, артта, арттан т.б. 3 Сын-қимыл үстеуі қалай? қайтіп? қалайша? кімше? Әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, өйтіп-бүйтіп, әрең-әрең, келе сала, емін-еркін, лезде, қаннен – қаперсіз т.б. 4 Мөл шер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қалай? қалайша? Онша, сонша, соншалық, мұнша, неғұрлым, мұншама, соғұрлым, анағұрлым, әжептеуір, қыруар, бірқыдыру, талай, бірталай т.б. 5 Күшейт кіш үстеу қалай? (қандай?) Әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, орасан, әрең, аса, өте 6 Мақсат үстеуі қалай? не мақсатпен? Әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана т.б. 7 Себеп- салдар не себепті? неге? қалай? Босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан
Шылау Шылау өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз. Шылаулар: Мен, бен, пен және да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, на, не, дейін, шейін, қана, ғана қой, ғой, үшін, туралы, ақ.
2) Да, де, та, те шылаулары сөз тіркесінен сөзіне әр түрлі қосымша мағыналар үстейді. Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да, де, та, те шылаулары арасына үтір қойылады. Мысалы: Жақын өзен де, көл де бар.
3) Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары өздері қатысты сөздерге сұрақ мағынасын үстейді. Мысалы: Оқыдың ба? Келдің бе?
Қайталанған ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: Бүгін кезекші Қарақат па, Ұлжан ба?
5) Қой, ғой, қана, ғана, -ақ шылаулары өзі қатысты сөздеріне өтініш, шектеу, даралау т.б. мағыналар үстейді.
Мен, бен, пен шылауы болса, бірыңғай екі сөзді байланыстырады да, екеуінің ортасында бөлек жазылады. Мысалы: Амина дәптер мен кітап сұрады.
Да, де, та, те шылау болса, атау септіктегі сөзбен байланысады да, бөлек жазылады. Мысалы: Жаңбыр да жауды.
Да, де, та, те жатыс септік жалғауы болса, өзі жалғанған сөзінен бірге жазылады. Ондай жалғаулы сөз кейде баяндауыш, кейде тұрлаусыз мүше болады. Мысалы: Мал қорады. Мал қорада тұр.
Одағай
Одағайлар: ПО-О шіркін-ай, түу, ойпырмай, бәрекелді, әттең, ойпырай-ай, ой, ау, бұл.
Көңіл күй одағайы – таңырқау –мәссаған, қуану-алақай, ұнату-пах, шіркін, ренжу- ой, өкіну- әттен, шошыну-ойбай, жекіру-тәйт, кекткну-бәлем, риза болу- пай-пай.
Шақыру одағайлары- жануарларға қаратылып айтылатын сөздер. Мысалы: құрау-құрау, өк-гей, кә-кә, қоз-қоз, шөре-шөре, көс-көс, піш-піш, моһ-моһ, құр-құр, әукім-әукім.
Одағай
- Мағыналық
түрлері Одағайлар Көңіл - күй одағайлары Ойпырай, алақай, пай-пай, пәлі, бәрекелді, түге, түу, уһ, нәлет, ей, еһе, әттең, қап, ой, оңбаған, нақұрыс, сұмырай, пішту, мәссаған, и-и, түге
Жекіру одағайлары Тәйт, тек, тәйт, жә, өк, қос, ош Шақыру одағайлары Құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, қош-қош, кә-кә, піш-піш, пырс, ықы, әукім-әукім, моһ-моһ, құр-құр т.б.
Тұрмыс – салт одағайлары Ассалаумағалайкүм, құр,рақмет, уағалайкүмассалам, хош, қайыр, құп, мейлі, мақұл, ләббай, әлбетте, әрине
Қыстырма сөздер
-
Қыстырма сөздер сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіреді.
Әрине, мүмкін, аммал қанша, рам, демек, меніңше, олай болса, сөйтіп, сірә, қысқасы, сонымен, біріншіден, байқауымша, ең әуелі, әйтеуір, айтпақшы, ендеше т.б.
Шылау Септеуліктер Атау тұлғалы сөзден кейін қолданылатын септеуліктер Арқылы, туралы, жайында, жөнінде, сияқты, секілді, сайын, бойы, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы Барыс септігі тұлғасында сөзден кейін қолданылатын септеуліктер Дейін, шейін, қарай, таман, салым, жуық, тарта, таяу Шығыс септігі тұлғасында сөзден кейін қолданылатын септеуліктер Кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, басқа, бөлек, бетер Көмектес септігі тұлғасында сөзден кейін қолданылатын септеуліктер Қатар, бірге, қабат, қоса Жалғаулықтар Ыңғайластық қатынаста Мен, бен,пен,менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі Қарсыластық қатынаста Бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, дегенмен, сонда да, онда да, сөйтсе де Таңғаулықты қатынаста Әлде, біресе, бірде, я, болмаса, кейде, не, яки, немесе, құй, мейлі Себеп-салдарлық қатынаста Себебеі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десең Шартты қатынаста Егер, егер де, алда – жалда, олай болса Демеуліктер Сұраулық Ма,ме, ба,бе,па,пе,ше Күшейткіш Ақ, ау, ай, әсіресе, да Шектік Қана, ғана, тек, ақ, кейде Көңіл - күй Ау, ай Қарсылықты Түгіл, тұрсын, тұрмақ Нақтылау Қой, ғой, ды, ді, ты, ті Болжалдық Ақ, ай, ау, мыс, міс, ды, ді, ты, ті Еліктеу сөздер
Табиғаттағы әр түрлі құбылыс – қимылдардың дыбыстарына еліктеуден, бейнелеуден туатын сөздер. Мысалы: қарш-қарш, тарс-тарс, дүңк-дүңк т.б.
1) Негізгі сөз: тарс, күрс, дүңк, ыз, ыр. 2) Туынды сөз: ақ, аң, ең, ың, ің, ң жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: арс-аң, елп-ең
- Еліктеу сөздер
Еліктеуіш сөздер – бұл табиғатта кездесетін қимыл-құбылыстарды адамның көзбен көруінен туатын ұғымдардың аттарын білдіретін сөздер.
Тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір, қарш-қарш, тарс-тарс, дүңк-дүңк, ырс-ырс, сарт-сұрт, қорс-қорс, гүрс-гүрс, бырт-бырт, пыр-пыр, шарт-шұрт, тық-тық, дүрс-дүрс, шалп, гүр-гүр, сырт-сырт, гу-гу, даңғыр, қаңғыр т.б. Бейнелеуіш сөз – бұл табиғатта кездесетін қимыл-құбылыстарды адамның көзбен көруінен туатын ұғымдардың аттарын білдіретін сөздер.
Зып, бүлк, қалт, селк, желп, жалп, жалт, ербең, бүгжең, қайқаң, сылаң, тыржың, томпаң, елпең, қопаң, бұралаң, созалаң, сопаң, көлбең, маң-маң, дір-дір, былқ-сылқ, жарқ-жұрқ, қиқаң, ербең-ербең, далаң-далаң, шып-шып, қылаң, сұлқ, селт, қалш-қалш, арбаң, маймаң, қылмаң, қылмың, сопаң т.б.
Сөзжасам
№
Сөз тұлғасы
Сөз құрамы
Жасалу жолдары
Мысалы 1
Түбір сөз
Дара сөз
Сөздің мағыналы бөлігі
әкім, оқу
2
Туынды сөз
Дара сөз Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғану арқылы жаңа мағынаның тууы
Оқу – лық Орын- дық Сұлу - лық
3
Біріккен сөз
Күрделі сөз Екі не одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жаңа мағынаның тууы
Ақ-қу Қос-тұра
4
Қос сөздер
Күрделі сөз Екі сөздің қосарлануы арқылы жаңа мағынаның тууы
Ата-ана Жалт-жұлт
5
Қысқарған сөздер
Күрделі сөз Күрделі атаулардың қысқартылуы арқылы жасалған сөздер
ТМД, БҰҰ, ҚР, ОҚМУ, пединститут
6
Тіркесті сөздер
Күрделі сөз Екі я одан да көп сөздің тіркесуі арқылы бір ұғымды білдіруі
Ұзын бойлы, боз торғай Морфология (Сөз таптыры) Сөз таптары
Сұрақта-ры
Мағынасы
Мағыналық топтары
Атауыш сөздер
Зат есім Кім? Не? Кімдер? Нелер? Заттың атын, құбылыстың атауын білдіреді Жалпы есім, жалқы есім, деректі зат есім, дерексіз зат есім
Сын есім Қандай? Қай? Заттың сынын, сипатын, көлемін, түрі мен түсін білдіреді Сапалық, қатыстық сын есім
Сан есім Қанша? Неше? Нешінші? Заттың санын, ретін, мөлшерін білдіреді Есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есімдер
Есімдік Кім? Не? Қай? Қанша? тб Есім сөздердің орнына жүретін сөздер Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік есімдер
Етістік Не істеді? Не қылды? Қайтті? Заттың іс-қимылын, әрекетін білдіреді Болымды, болымсыз, сабақты, салт етістіктер; етістер (өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ); есімше, көсемше, тұйық етістік;
Үстеу Қашан? Қайда? Қалай? Іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, амалын, мақсатын білдіреді Мезгіл, мекен, сын-қимыл, мөлшер, себеп-салдар, мақсат, күшейткіш үстеулері Көмекші сөз
Еліктеу сөз Қалай? Қайтті? Табиғаттағы дыбысқа қимылға еліктеуден туған сөздер Еліктеуіш, бейнелеуіш, еліктеу сөздері Шылау
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады Септеулік, демеулік, жалғаулық шылаулар Одағай сөзд
Одағай
Адамның түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін не жануарларға қаратып айтылатын сөздер Көңіл күй, жекіру, шақыру одағайлары
Синтаксис ( Сөйлем мүшелері)
- Тұрлаулы
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? Баяндауыш – бастауыштың атқарған іс-қимылын, бастауыштың кім, не екендігін көрсетеді
не істеді? не қылды? қайтті? не болмақ? немене? кімдікі? неніңкі? Тұрлаусыз Толықтауыш – баяндаушыны білдіретін амал әрекеті, іс оқиғаны, заттық мағына жағынан толықтырады. Батыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы жасалады.
кімді? нені? кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? Анықтауыш- сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайды.
қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Пысықтауыш - қимылдың амалын, мақсатын, мөлшерін, мекенін, мезгілін, себебін білдіреді тұрлаусыз мүше.
қашан? қай кезде? қай уақытта? қайда? қай жерде? қайдан? кім үшін? не үшін? қандай мақсатпен?
Талдау тәртібі І Фонетикалық талдау: Дыбыстарды жіктеу Буындарды ажырату Тасымалдануы Екпіннің түсуі Үндестік заңы
а ) ілгерінді ықпал ә) кейінді ықпал
ІІ Лексика- грамматикалық талдау: Сөйлемнің құрамындағы әр сөз, сөз құрамы мен лексика – грамматикалық мағыналарына қарай талданады.
ІІІ Синтаксистік талдау: 1. Айтылу мақсатына қарай: а) хабарлы ә) сұраулы б) лепті в) бұйрықты
2. Құрылысына қарай: а) жай сөйлем ә) құрмалас сөйлем
3. Сөйлем мүшесіне талдау
4. Сөз тіркесіне талдау
5. Байланысу тәсілдеріне талдау
6. байланысу түріне талдау
Сөйлем
-
Сөйлем құрылысына қарай 2-ге бөлінеді
[pic]
Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
Етістіктің райлары
Рай түрлері
Жасалу жолдары
Мысалдар
1) Ашық рай
Істің жағы, шағы үнемі ашық айтылады.
І. ж алдым, келдік ІІж алғансың, келдіңіз , алғансыз ІІІж алыпты, келіпті
2) Бұйрық рай
Үнемі ІІ, ІІІ жақта айтылады
ІІж Сен ал, алдыр, келтір ІІІж Ол алсын, келсін
3) Шартты рай
Іс әрекеттің іске асу шартын білдіреді. –--са, -се, жұрнағы арқылы жасалады
Жаз-са, кел-се, бар-са,
4) Қалау рай
Тілек мәнді білдіреді. қы, кі, ғы, гі, са, се, игі еді, қай, кей, ғай, гей
Айт-қым келді. Келсе игі еді. Айтқайсың, келгейсің
Төл сөз бен төлеу сөз
Екпін
Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы, туралы т.б.
Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, келеміз, айтамыз, жазамыз;
Болымсыз етістіктің жұрнағына: ма, ме, па, пе, ба, бе; Мысалы: Барма, жазба, айтпа;
Буын
- Ашық буын
1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді. 2. Тек дауысты дыбыстан тұрады. А-та, та-на, қо-ла, бо-са-ға Тұйық буын Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. (Көбінесе бірінші буында кездеседі)
Ат, ант, ки-ік, тұңғи-ық, ақи-ық, әдеби-ет; Бітеу буын Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. Бал, тарс, класс, мек-теп
Сөз ішіндегі келген үнді дауыссыз дыбыстар: й,у,ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады. Мысалы: қа-йық, қа-уын, қо-ңырт.б.
Қатар келген үш дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. Мысалы: құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.
Тасымал
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
30 кг т.б.
|
|