|
Урок на тему А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Автор публикации: Аскарова Г.О.
Дата публикации: 2016-04-17
Краткое описание: ...
Пәннің аты: әдебиеттік оқу | Уақыты:21.09.2015 | Сыныбы: 2 «а» |
| Сабақтың атауы | А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ | Мақсаты | оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру арқылы мысалдың мазмұнын меңгерту. «Бидай мен қаңбақ » мысалының мәнін терең түсінуге ,өлең кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге, өзіндік ой қорытындысын жасай білуге, ойын жүйелі жеткізуге үйрету. | Күтілетін нәтиже | оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғыну арқылы мысалдың мазмұнын меңгереді. «Бидай мен қаңбақ » мысалының мәнін терең түсінуге ,өлең кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге, өзіндік ой қорытындысын жасай білуге, ойын жүйелі жеткізуге үйренеді. | Психологиялық ахуал | Қонақ күту салтымыз, Оқып, біліп жатырмыз. Келген қонақ Сіздерге , Сәлем бердік жалпымыз. *Абай Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазбаның 1- бөлімінен үзінді (сәлем беру) | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Үй тапсырмасын сұрау | «Күз» тақырыбына жазылған эссе тыңдалады 4 топтан төрт оқушы оқиды. | «Күз» тақырыбына жазылған эссе тыңдалады | Қызығушылықты ояту | Жұмбақ шешкізу. 1. Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар. (Бидай) 2. Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ) | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | Мағынаны тану | Кіріспе.Балалар , өздерің шешкен жұмбақтың жауаптарына сай біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бидай мен қаңбақ» мысалы. Мысалдың авторы Асқар Тоқмағанбетов (1905-1983). Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінде сатиралық поэзияның негізін қалаушы және дамытушылардың бірі болды. Мысал – адам бойындағы әр түрлі мінез – құлықтарды жануарлар, өсімдіктер, құстар арқылы бейнелеп көрсету. Ой қозғау. Топтарға тапсырма. -Енді осы Бидай мен Қаңбақ туралы ойларыңа не келеді, соны қағаз бетіне түсіріңдер. Бидай: Қаңбақ: - Бидай туралы не білесіңдер? - Қаңбақ қандай өсімдік? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Мұғалімнің қорытындылауы Бидай – дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан ұн тартады. Ұннан әр түрлі тағамдар дайындайды, сабанын мал жейді. Қаңбақ – жабайы өсімдік. Оның тамыры топыраққа әлсіз бекиді. Оны мал жемейді, отқа да жақпайды. Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді. Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің оқуы Сөздік жұмысы. Оқушылар өздеріне түсініксіз сөздердің астын сызып анықтайды. Дәптермен жұмыс.Қанасына – қауызына, қабығына Тұрағың – мекенің Сергіту сәті. Оқулықпен жұмыс.Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқу Жұптық жұмыс . Төмендегі берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айт: Бидайға ма, Қаңбаққа ма? Онда қандай салмақ болсын! «Уф» десе, ұшасың, «Суф» десе , қонасың.
Ұшарыңды жел біліп, Қонарыңды сай біліп, Сайран салып жүргенің.
Көктемде шығып, Күз болса бұғып.
Жиғанымыз дән, Айналамыз толған ән.
Абырой да, даңқ та, Ерлік те, жеңіс те – Барлығы осы егісте | Ой толғаныс | Венн диаграммасын толтыру - Мысалдағы негізгі ой қай жерде айтылған? - Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер? Мұғалімнің қорытындылауы «Бидай мен Қаңбақ» атты мысал өлеңінде ақын ұшарын жел , қонарын сай білетін қаңғыған қаңбақ пен айналасы әнге, масағы дәнге толы құт берекелі бидайды айтыстырады да, қаңбақ арқылы еткен еңбегі жоқ, елге тиер пайдасы жоқ, белгілі тұрағы жоқ қуыс кеуде берекесіз жандарды теңейді. «Көзілдірікті қоян» мультфильмін көру арқылы қоян мен қаңбақтың бойындағы қасиеттерін салыстыру Кез – келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады.Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде : «Ұлтым – қазақ, дінім- Ислам, Отаным – Қазақстан» деп мақтаныш пен нық айтасыз.Құран әдебін бойымызға сіңіріп, соған сай өмір сүрейік. Үнтаспадан әуен тыңдау «Қорғаушым сен»
| Үйге тапсырма |
Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен Қаңбақ» мысалын дұрыс, түсініп оқу. 10- тапсырма. Нанға байланысты тыйым сөздер жазып келу | Күнделіктеріне жазып алады | Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс | [pic] [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|