Тәрбие сағаты(Тәуелсіз елім тірегім)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:   Тәуелсіз елім – тірегім

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық

нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық

қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап

оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын,

көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.

-Қош келдіңіздер,  құрметті қонақтар,  мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіз елім – тірегім» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!

-  16 желтоқсан қандай күн?

- Тәуелсіздікті қашан , қай күні алдық?

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік алғанымызға 21жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Себептер
     1.Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы

2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Ендеше,  осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.

  • Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

  • Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. Ою-өрнек – қазақ халқының ұлттық нақышын аңғартады. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбамыздың авторлары белгілі сәулетшілер Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков ағаларымыз. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
    - Республикамыздың мемлекеттік әнұраны - 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
    ·  1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
    ·  1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
    · 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
    · 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтті.
    · 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген.
    · 1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.

  • Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.



- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.   Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.  Сайыскерлердің  білімін   таразылап,  өздеріне  баға   беруші   әділ  қазылар алқасымен  таныс  болыңыздар                               .

( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)

Ендеше , балалар бүгін біз осы туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

1. Сайыскерлер өздерін таныстыру.

2. Кім көп біледі?  Сұрақтарға жауап беру.

3. Бұл қай ғимарат?

4. Мәнерлеп оқу

5. Қабырға газетін қорғау.

6. Ұйқасын тап.

-Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді.

- Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін.

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

  1. Әр топ өздерін таныстару.

2.  «Кім көп біледі?»   бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.

1.      Бұл суретте көрсетілген қай оқиғаның көрнісі?

2.      Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

3.      16-желтоқсан қандай күн?

4.      Тудың авторын атаңыз.

5.      Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз?

6.      Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?

7.      Елтаңбаның авторы кім?

8.      Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

9.      Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

10.  Қазақстан Республикасыныңтөл теңгесі қашан айналымға шықты?

11.   «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан кімдерді білесің?

12.  Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай)

3. Бұл қай ғимарат?

1. Хан шатыры –

Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?

2. Бейбітшілік пен келісім сарайы

Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?

Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай)

Ән тыңдау: Десантшылар ( 2 ұпай)

4. Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!                                                                                                Жан-дүниең жарқырап сала берер,   

 Ағарып келе жатқан атып таңдай-  деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан  бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.

Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел ( қосымша 2ұпай)

5. Қабырға газетін қорғау.

6. Ұйқасын тап.

1-топ:

Тәуелсіздік жолында 
Талай-талай тер тамған...

2-топ: Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
            Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.

Н.Ә.Назарбаетың сөзімен аяқтау:

  • "Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді  сығып жүріп еңбек ет.

  • Ал, балалар, тәуелсіздік туралы көптеген  өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Астанамыздың мерейі үнемі асқақтай берсін!  Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!





















Желтоқсан жаңғырығы


МАҚСАТЫ:


     1.Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

     2.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті  де қастерлі тәуелсіздікке 20 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын. Бүгінгі тәрбие сағатымзға арнайы 1986 жылы желтоқсан оқиғасының куәгерлерін шақырып отырмыз. Бізде қонақта  қаламыздың С.Торайғыров атындағы  № 22 гиназия –мектебінің ұстазы Күлия Мұсабекқызы  келіп отыр. Құрметті Күлия Мұсаебкызы келгеніңзге көп рахмет.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

1-жүргізуші:Бүгінгі ”Желтоқсан жаңғырығы” деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.

1-жүргізуші: Бұл  күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

   Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

1-жүргізуші: Рахмет

1-оқушы: ”Желтоқсан” өлеңін оқиды

Қанды қырғын-қалған іс,

Бейне теңіз сең соққан.

Жарқылдайды ар-намыс,

Алматы. Аяз. Желтоқсан.

Дүрсілдейді жүректер,

Сесі күшті  күшті қарудың.

Жүзіне мұң түнетті,

Үлбіреген арудың.

Арманы алда, сенім көп,

Оранды отқа үміттер.

Мұрты жаңа тебіңдеп,

Келе жатты жігіттер.

Жасамай ездік босқа айбат,

Намысымен от шайнап.

Халық үшін бас байлап,

Жанып та кетті жас Қайрат.

Қанды қырғын от өрген,

Жарқылдады ақыл-ой.

Бәрін соның көтерген,

Біздің халық батыр ғой!

2-жүргізуші: Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.

1-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.

1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

2-оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

2-жүргізуші:

2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

4-оқушы: ”Желтоқсан желі” – ән.

1-жүргізуші:

3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

5-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

   1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

   1-жүргізуші:

5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?

6-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.

Cонымен бірге осы оқиғада Өскемендік Сабира Мұхаметжановада қаза тапқан еді.

2-жүргізуші: Ал, құрметті біздің кешіміздің қонағы Күлия Мұсабекқызы бүгін сізбен арнайы сұхбаттасқымыз келіп отыр. Сіз 1986 жылы Алматыда болған оқиға жайлы әңгімелесеңіз. Себебі біз бұл жаағдайды оқулықтан, теледидар тағы басқада ақпарат көздерінен естіп білеміз.

Күлия апайдың жауабы….

1-жүргізуші:   Сіздердің алдарыңызда 6 «б» сынып оқушысы Облыстық Зерде ғылыми жобалар сайысында «Алаш үміті»  номинациясының иегері Мұратбек Айжанның арнау өлеңімен.

 Айжан өлеңі

Оқушылар сұрақтары

1. Құрметті Күлия апай жалпы өзіңіз туралы әңгімелесеңіз?

2. Құрметті Күлия апай желтоқсан оқиғасы болған кезде сізді алаңға баруға қандай жағдай себеп болды.

3. Құрметті Күлия апай көптеген желтоқсанға қатысқан ағалар мен апаларымыз сол кездегі оқиғаларды еске алғысы келмейді неліктен деп ойлайсыз?

4. Құрметті Күлия Мұсабекқызы осы оқиғаға қатысушы ретінде кейіннен билік органдарынан қудалау болған жоқпа?

5. Құрметті Күлия Мұсабекқызы сол кездегі жастар мен қазіргі жастар арасынан алшақтық байқамайсызба?

6. Құрметті Күлия Мұсабекқызы  Желтоқсан оқиғасына тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл деп қуанып жатырмыз. Бірақта Желтоқсан көтерілісін жоғары деңгейде аталмай қалады. Осы жағдай туралы не айтасыз.

 2-жүргізуші Сіздердің алдарыңызда Медеубаева Айдана

Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

 2-жүргізуші: Қара мынау ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың,

Енді айналмас мазаққа.



1-жүргізуші:   Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төріңде. 2-жүргізуші: Күлия апай біз сіз сияқты апаларымыздың  бар екеніне шынымен қуанамыз. Сізге көп рахмет, отбасыңызға бақыт, жұмысыңыздан шығармашылық табыстар тілейміз. №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушыларына осы желтоқсан оқиғасының 25 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында мерекелік тілегіңізді айтсаңыз.

Күлия апайдың тілегі….

 1-жүргізуші Келесі сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Қасымғалиқызына береміз. ……

2-жүргізуші Мінеки құрметті көрермендер ”Желтоқсан жаңғырығы” атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.

Бірге: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 







































Тақырыбы:        Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда

Сыныбы: 2     Жетекшісі:Саққұлова Гүлшат      

 

Тәрбие сағатының мақсаты:  

    1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға

таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:

   Кітап көрнекілігі.Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері. «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі. 

 

Жүргізуші:  

  Құрметті ұстаздар оқушылар,ата-аналар!Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан жаңғырығыжадымызда» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

                                                           Мәңгі бақи шақырады.

Республикам әнұраным!

Әнұран:

Салтанат:

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

 Назым:         Нашақор деп, ұлтшыл деп,

                        Қазаққа күйе жаққан күн

                        Базары кетіп бар күнде,

                        Қайғыға халық батқан күн

                        Әділдік пен шындықты

                        Өтірік жала еткен күн

                        Надан жасаған сұмдықтан

                        Адамдар азап шеккен күн

Данияр:       Қасқалдақ ұшып  көлінен

                      Шүрегей келіп қонған күн.

                      Қыранды қуып көгінен

                      Қағалар билік алған күн.

                      Адал мен арсыз, аярды,

                      Айырып халық ұққан күн.

                      Саф алтындар бәз баяғы

                      Сары жез болып шыққан күн.

 

 

Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»

(2-сынып оқушылары)

Бір топ:

Естідіңдер ме?

Бұл не масқара!

Неге халықпен санаспайды?

Қашанғы шыдаймыз?

Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

Ел  қамын біз ойламағанда,  кім ойлайды.

 

/сахна алдына ержүректі  желтоқсан батырлары шыға бастайды/

 

Ержан:          Демократияны  бұғаудан босатыңдар,

                       Әр халыққа өзінің  көсемі керек...

 

 Назым:

 

                       Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

                       Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

                       Колбин деген кім екен, қайдан келген,

                       Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

 

Гүлжаухар:

                       Бұл дегенің  ҚКП-да беделдің қалмағаны,

                       Тілің құрып барады білесің бе?

 

Ержан:         

                       Ескерусіз дін жатыр жатыр сүресінде,

                       Қақпақ қойып ауызға , көзді байлап

Санаспайды, әй,, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.

 

    Айгерім:

                               Өгей қозы  біз болдық енемізге,

                               Келімсектер шықты ғой төбемізге.

                               Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

                               Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/

 

Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!

\ сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\

 

-          Бар болғаны  осы еді қылмысымыз,

Савицкий  көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды  тексерер  түрме деген,

Концлагерь  болды ғой біздер үшін.

\Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға  сүйреп әкеліп, тепкілеу,айқай- шу, алаң қызыл қанға боялады

 

Бекзат:         

1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 23 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық

 (1 минут үнсіздік).

 

Әдеби монтаж         /Оқушылар шығармашылығынан/                                                                                                                             

Салтанат:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылмас барлық шарасы.

                         

Иә, аңғал сеніммен алаңға  шыққан  бейкүнә  қыз - жігіттер  «контреволюциөнерлер емес» -еді.

Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова,Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.

 

Би: «Бозінген»

Бекзат:         

Түн кәдімгі милиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді.Себебі,бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған қыз-жігіттердің  қатігездік жасағанын көргендердің ішінде Қайрат Рысқұловта бар еді.

 

                        Тұтқынға түстім жаутаңдай

Жолама ешкім қасыма

Бара салсаң сәлем айт

Елдегі құрбы досыма.-деп мұңая жырлаған албырт жас, ел жаңа-жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде тұтқынға алынды.

 

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

 Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат,нағашысы,жеңгесі отырды.)

Нағашысы:Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің. .

Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Ән:  «Желтоқсан  желі»

Нағашы:Астан алыңқыра.Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат:Иә, нағашы,бар ғой бар.

(Осы кезде есік қағылып,үш-төрт милициа үйге кіріп келеді.)

Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз.Прокурордың санкциясы бар,Міне,

Екі жігіт Қайратқа:Тез жинал,бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі;Ойбай-ау,бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Қайрат:Жалалы боп, қатты батты жаныма,

               Жазалаушы қағаз алдым қолыма

               Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,

                Жазған екен маңдайыма сорыма.

                Біріншіден, мен анамды сағындым

                Екіншіден, бұл құдайға не қылдым ?

                Бостандықта еркін жүрген жан едім   

                Енді ,міне, абақтыға жабылдым.

 

Ән:   «Туған жер». Орындайтын: Мәлібай Ырысалды

 Көрініс:   «Қайраттың жауабы»          

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!

Кезекші:        аключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші:      Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат:         Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші:      Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:         Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші:      Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші:      Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші:      Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

             Күнәдан таза басым бар

            Жиырма бесте жасым бар

             Қасқалдақтай қаным бар

            Бозторғайдай жаным бар

            Алам десең алыңдар

            Қайрат деген атым бар

            Қазақ деген затым бар

            Еркек тоқты құрбандық

             Атам десең атыңдар.

 

Ән: «Желтоқсан желі» Орындайтын:Сезім мен Фируза

  Зейнеп:   Пешенесіне жазылған азғана ғұмырдан соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізіді.

Оған бағыттылған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа терілген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси “Саяси көз қарастыларға” арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірі “ұлтшыл” атанып, осы келуі ғажап емеспін.

 Өлең:«Анасына арнау» Орындайтын:Қанат Нұрай :        

  Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт.

    Жел кірді көңіліме жиырма бірде

    Айдады ерікке қоймай несібе

    Желпілдеп, желдім неге несіне

    Түседі ау адасқаным енді есіме-, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді. Өкінішке орай 1988жылы 13 мамырда Семей түрмесінде ҚР 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнімен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапында жер жастанды.

 

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаңшыдыау жанды батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін

 

Би: «Наурыз шашу» 2-сынып оқушылары

Дәулет:

            Президенттің жарлығымен 1996жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира ,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз:   Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымды көп еңбек етті.

  

Ән: «Перзент сыры» Орындайтын: Дүйсеналы Анеля:    Осымен бүгін желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі:Егембердиев Ерғали ағайға сөз беріледі.

 

 Жабық деп жариялаймыз.Келгендеріңізге көп рахмет!Сау болыңыздар!