Аяласаң табиғатты аяла!
Мақсаты:Оқушыларға әлемдегі тіршіліктің негізі Күн Ана,Жер Ана,Су Ана және ауа екенін түсіндіру;табиғат туралы білімдерін молайту,табиғатты қорғау әрбір адамның міндеті екенін ұғындыру.
Көрнекілігі:Табиғат туралы даналық сөздер,тақырыпқа сай газет.
І-жүргізуші:Армысыздар,құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндіріп отырған ғаламдық «Экология» мәселесіне үн қосу үшін «Аяласаң,табиғатты аяла!»атты тәрбие сағатын ала келдік.
ІІ-жүргізуші:Табиғат,ЖерАна,Отан,Туған жер,Атамекен деген құлаққа жылы естіліп жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті,бір-бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.Адамның өзі-Табиғат пен Жер-Ананың перзенті.Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау-адамның азаматтық борышы.
1-оқушы:Табиғат-сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетіп,
Биікке самғап жетемін.
2-оқушы Айтарым,досым,сендерге,
Күтіңдер орман,тоғайды.
Балалар біздің жер-жерде
Байлығын елдің қорғайды.
3-оқушы Адамдар,жер- сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.
Онымен кіндіктес жаның да,қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.
4-оқушы Су деген тіршіліктің қаны емеспе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?!
Су жоқ жерде өмір жоқ,ол-ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
І-жүргізуші:Табиғат...Табиғат...Бұл сөзде қаншама құдірет жатыр.Өмірдегі ең сұлу көркем де жомарт тіршілік иесі табиғат емес пе?Жер-Ананың мөлдір суын,жайқалған жасыл шөбін,асқар тауларын сүйемін.Өз байлығын адамзатқа сыйлаған табиғаттың жомарттығында шек жоқ.Аялайық та сүйе білейік табиғатты!
ІІ-жүргізуші:Армысыз,қайырлы Күн!
Армысыз,қайырымды Су Ата!
Армысыз,мейірімді Жер Ана!
Армысыз,шұғылалы Алтын Күн!
Армысыздар қонақтар!Оқушылардың білімдерін толықтыру мақсатында және табиғатты қорғауға тәрбиелеу жөнінде сыныпты 3 топқа бөлдік.Топтарымызды таныстыра кететін болсақ І-ші топ- «Күн Ана»
ІІ-ші топ- «Жер Ана»
ІІІ-ші топ- «Су Ана»
1.Таныстыру:Күн Ана
Әлемге қуатты,
Сәуле мен шуақты
Алып күн беріп тұр.
Таныстыру:Жер Ана
Аялап анамыз,
Саялап анамыз,
Құлпырған тірлікпен
Жер құтты гүл біткен.
Таныстыру:Су Ана
Өңірдің өзегі-
Өмірдің өзені.
Сусыз жер- өмір нусыз,
Өр өңір – тұз.
2.Мақал-мәтелдер сайысы:
1)Су-тіршіліктің көзі
2)Ауа-өмір тынысы
3)Туған жердің ауасы шипа
4)Су анасы-бұлақ
5)Су жүрген жер-береке
Ел жүрген жер –мереке
6)Жерді теппе,топырақө шашып ойнама
7)Ай жарығы әлемге
8)Бұлақ көрсең көзін аш
9)Бір тал кессең,он тал ек
10)Көлдің көркі-құрақ
Таудың көркі –бұлақ.
11)Орман-ел дәулеті,жер сәулеті.
12)Сулы жер-нулы жер
13)Бағбан болсаң бақ өсір,
«Балама»деп тағы өсір
14)Арманымен ел сұлу,
Орманымен жер сұлу.
3.Жұмбақтар сайысы:
1)Күн күледі,
Жер түледі.(көктем)
2)Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.(қар)
3)Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сары жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай(қарлығаш)
4)Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып.(тырналар)