Біз мектепке барамыз (Даярлық топ)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пәннің аты:

Тіл дамыту

Уақыты:18.04.16

Кабинет

Мұғалім:

Сармолдаева М

Сабақтың атауы

Біз мектепке барамыз.

Мақсаты

І.Мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.

2.Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру.

3.Білімпаз болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл:

көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн, болсын!

Дүйсенбінің күні сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Өткен сабақты қайталау.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге

жаттығу жасайды.


Қызығушылығын ояту





[pic]

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі

Мағынаны тану





- Балалар, сендерге мектепке баратын уақыт та таяп қалды. Мектепке барғыларың келе ме?

- Мектепте оқитын балаларды кім деп атайды?

- Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. Мына суретке ат қойыңдар. Балалар мектепке не үшін барады?

- Балалар қалай киінген? Қолдарында не ұстаған?

- Жылдың қай мезгілінде оқиды?

- Балаларды мектепте кім қарсы алады?

2. Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту.

ә) Оқу құралдарының жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. Бұлардың бәрін оқу құралдары деп атайды.

б) Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту. Мысалы:

Сабақ басталды. Үзіліс болады. Қоңырау соғылады.

в) Жұмбақ шешу.

Қабат - қабат қаттама, ақылың болса аттама.

(Кітап)

г) Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құрату, өрнектің мәнін тапқыздыру.

е) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Педагог дауыстап оқиды, балалар қажетті ұйқас сөзді (қалам) тауып айтады.

Жазу үшін саған

Қажет қағаз ....../қалам/

ж) Жаңылтпашты жатқа айтқызу:

Айша жазу жазды,

Қайша сызу сызды.

Қайша жазу жаза ала ма?

Айша сызу сыза ала ма?

Педагог дауыстап оқиды.

Балаларға бірнеше рет хормен және жеке - жеке қайталайды

Сергіту сәті

Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық, (Аяқтың ұшымен тұру). Сағаттың жүрісін көрсетейік.

(Сағаттың жүрісін жасау: «тик - так, тик - так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру). Тыныс аламыз.

(Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару).

Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды.

Ой толғаныс




Сұрақ –жауап арқылы алған білімдеріне қорытынды жасалынады

- Мектепке қажетті құралдарды атаңдар.

а) Кітап туралы мәтінді оқу.

Кітап

Кітап — ең жақын дос. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың бір бетін ашқан сайын сөйлейді. Оның әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің. Кітаптан естімегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, жылайсың, қуанасың. Кітап - ақылшы, серік дос.

Кітапты оқып, біліп қана қоймай, басқаға да сол кітаптың жақсылығын үйрете білсең, шын достықты өтегенің. Кітап - адамзаттың асыл қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.

Үйге тапсырма



Бағалау


Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау.



Кері байланыс

[pic] [pic]