Сабақтың әдістемелік мақсаты:
Оқушыларға көліктің адам өмірдегі пайдасы,қызметі туралы түсінік бере отырып,білімдерін кеңейту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру,әңгімелеу,ой-қозғау,талдау,салыстыру,көрнекілік,сұрақ-жауап,ойын, топтастыру,сәйкестендіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,үлестірмелі материалдар,топтастыру,сәйкестендіру сызбалары.
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың құрылымдық жоспары:
І.Ұйымдастыру.
а)Оқушыларды түгендеу.
ә)Психологиялық дайындық.
б)Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а)тест тапсырмасы.
в)қорыту: сұрақ-жауап,сызба арқылы
ІІІ.Жаңа сабақ.
а)Сұрақ-жауап.
ә)жұмбақ шешу.
б)сызбамен жұмыс: топтастыру.
в)сергіту сәті.
ғ)оқулықпен жұмыс.
г)тақтамен жұмыс.
д)өлең оқу,талдау.
ж) «Өз жолыңды тап!» ойыны.
з)жағдаяттан шығу.
и)дәптермен жұмыс.
й)шығармашылық тапсырма.
ІІІ.Қорытындылау.
а)сұрақ-жауап;
ә)«Білгеніңді желге ұшырмай, іске асыр!» ойыны. Сәйкестендіру.
ІV.Бағалау: оқушылар жекелей бағаланады.
V.Үйге тапсырма.
Сабақтың тақырыбы: "Күнделікті өмірдегі машиналар"
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға арнайы көмек көрсететін көліктер қатарымен таныстыра отырып, олардың атқаратын қызметтері жайлы түсінік беру;бірлесе отырып топта жұмыс жасауға және белсене қатысып, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру;жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру; Түйінді идеялар: ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын,дүниетанымын дамыту; жолда жүрген кезде міндетті түрде ережені сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
1. Оқушылардың оқу, жазу құралдарын даярлату.Көңіл-күйлерін сабақ барысына аудару.
Келіңіз, төрлетіңіз,
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Бәріңізге құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а)"Ауылдағы еңбек" тест арқылы тексеріледі.
ә)тест тапсырмасы талданады;
в)Үй тапсырмасын қорыту: сызба,сұрақ-жауап арқылы.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалім: -Ал,балалар сендер қалаға немен барасыңдар?
-Жеңіл көлікпен.
- Иә,барлықтарың көлікпен барады екенсіңдер, ал сол машинаны неге сендер айдап бармайсыңдар?
- Біз әлі кішкентаймыз, жүргізу куәлігі жоқ, ұстап алса айып-пұл салады деген.
-Дұрыс айтасыңдар,біз ауылда тұрсақта жол жүру ережесін қатаң сақтауымыз керек.
Жұмбақ. ( көлік туралы жұмбақтар жасыру арқылы, жаңа тақырыпты ашу).
Қазша қанатын жаяды, Күндіз – түні күрсінеді,
Үйрекше мойнын созады. Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)
Құсша қонады. ( Ұшақ)
Арқасында ауыл жүр,
Аяғы жоқ,қолы жоқ, Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Не жүретін жолы жоқ
Мініп алсаң заулайды Өздігінен жүрмейді,жарыспайды,
Бірақ ізі қалмайды. Кісі мінсе,жарыстан қалыспайды. (велосипед)
Бұл не? (Қайық)
Аяғы екеу болғанымен,ізі жалғыз,
Сағатына талай жер қарыштайды. (Мотоцикль )
-Осы ұшақ,пойыз,қайық,автобусты бір сөзбен нелер деп атаймыз? Көліктер.
-Олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы "Күнделікті өмірдегі көліктер" деп аталады.Бұл сабақта біз көліктердің қазіргі кездегі пайдасы,қызметі туралы таныс боламыз.
-Балалар,көлік болмаған кезде, адамдар нені көлік ретінде пайдаланды ?
-Жануарларды. Яғни, түйені, жылқыны, есекті т.б.
-Кейіннен адамдардың ойлауының, ойының ұшқырлығының арқасында көліктер жасап шығарды.
-Көліктің қандай түрлері болады?
Тірек сызбаны пайдалану.
жер көлік әуе
су
(көлік түрлеріне жеке-жеке тоқталып өту)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Суда жүйткіп жүземіз.
Кемелерді түземіз,
Жол тәртібін сақтап,
Автобусқа мінеміз.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім:-Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда күнделікті өмірдегі көліктердің пайдасы,атқаратын қызметтері жайлы толығырақ мәлімет аламыз.
1.Оқушылар оқулықта берілген мәтінді кезек-кезек оқиды,әр абзац сайын түсінік беріледі.
2.Балаларды бақылауды жүргізуге, қорытынды шығаруға жетелеу:
-Сонымен балалар біздерге күнделікті өмірдегі көліктердің қызметтері қажет пе?
Тақтамен жұмыс:
Мұғалім:-Қане,балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.Сендер тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
-Көліктерді.
-Олай болса,осы көліктер туралы әңгімелеп беріңдерші.
Оқушылар:
1.Мынау жедел жәрдем.Бұл көлікті басқа көліктер кезек күтірмей өткізіп жібереді.Жедел жәрдем машинасы екенін білдіретін қондырғысы бар, ол қатты асығып емханаға ауру адамды алып келе жатқанда қатты дыбыс шығарады.Себебі ауру адамға жылдам көмек беру қажет.
2.Бұл өрт сөндіруші көлік.Машинаның түсі қызыл тұсті болады.Бұл көлікте бастарына жылтыраған каска киген өрт сөндірушілер отырады.Олардың ұзын басқыштары мен шарғыға оралған өр сөндіретін шлангалары бар.Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тез сөндіру үшін.
3.Автобус адамдарды тасымалдайды, аялдамаға келіп тоқтайды.Екі есігі бірден ашылады.Адамдар көп болады.Автобус кісі таситын көлік.
4.Ұшақ аспан арқылы адам және жү таситын әуе кемесі.Жолаушыларды дүниенің кез келген бұрышына жеткізіп тастайды.
5.Пойыз-ол үлкен паравоздан болады.Паравозды машинист жүргізеді, паровозға көп вагондар тіркеледі. Пойызбен адамдар басқа қалаларға барады.Пойызбен ауыр жүк тасылады.
6.Кеме суда жүреді.Кемені капитан жүргізеді.Кемемен жолаушыларды және жүк тасылады. Кемелер берілген курспен кез келген ауа-райында жүреді.
Мұғалім: Балалар, көліктер әр түрлі дыбыс шығарады екен.Бізде бірге айтып,сергіп алайық.
Машинаның маторын қыздырғанда… Р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р
Ұшақ ұшқанда… Л-л-л-л-л-л-л-л-л-л-л-л-л-л
Кеме жүзгенде… У-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у
Пойыз жүргенде… Дук-дук-дук-дук-дук-дук-дук
Пойыз тоқтағанда… Пыш-пыш-пыш-пыш-пыш
Ал машинаның дөңгелегі жарылғанда… Ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш
Дыбысы шығады екен.
-Ал,бүгін сендер көп көретін машина туралы ақын Әбдібай Табылдиевтің өлеңін оқып берейін.
Бип-бип-бип дейді
Жол шетіне шық дейді
Күшікті басуға болмайды машина
Бип-бип-бип дейді
Жол шетінен күт дейді
Көшеде асығып жүруге болмайды машина
Бип-бип-бип дейді.
-Өлең не туралы жазылған? Машина
-Машинаның алдынан шығып қалғанда қандай белгі береді? Бип-бип-бип
-Сонда балалар, машина неге бип-бип-бип деп белгі берді?
-Алдынан күшік немесе адам шығып қалған кезінде
Ескерту:
-Адамдарда, жануарларда машина жүретін жолда жүруге болмайды екен.
« Өз жолыңды тап!» ойыны. ( 3 оқушы тақтаға шығып, әр көлікті өз орнына қояды.)
-Бұл көліктерді кім жүргізеді ?
-Адам екенін таныту.( ұшқыш, жүргізуші суреттерін тақтаға ілу).
Түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақтар:
1-жағдаят: - Газ плитасына шәйнек не тамақ қойып, теледидар көруге отырдың.Оны ұмытып кеттің.Үйде қандай жағдай болуы мүмкін ? Қандай арнайы машинаны шақыру керек ? (өрт сөндіру)
2-жағдаят: - Көшеден өтіп бара жатып, келе жатқан машинаны байқамай қалдың. Машина қағып кетіп, сен жарақат алдың. Адамдар қандай көлікті шақырады ? (жедел жәрдем)
Дәптермен жұмыс.
Мұғалім:Арнайы көліктерді шақыратын телефон нөмірлерін есіңе сақта:
№ 101 – өрт сөндіру машинасы;
№ 102 – полиция машинасы;
№ 103 – жедел жәрдем;
№ 104 – газ шаруашылығының машинасы;
Шығармашылық тапсырма.
1-қатар. Арнайы көліктер суретін салу.
2-қатар. Көліктерге арналған жұмбақ жазу.
ІІІ.Қорытындылау.
а)Сұрақ-жауап:
1.Қазіргі кездегі көліктің пайдасын айт.
2.Қандай жануарларды көлік ретінде қолданады?
3.Тұрмыс-тіршіліктің маңызды бір бөлігі көлік дегенді қалай түсінесің? Ойыңды дәлелде.
ә)«Білгеніңді желге ұшырмай, іске асыр!» ойыны.
Сәйкестендіру . (түрлі жағдаяттағы суреттерді)
№ 101 – өрт сөндіру машинасы;
№ 102 – полиция машинасы;
№ 103 – жедел жәрдем;
№ 104 – газ шаруашылығының машинасы;
ІV.Бағалау: оқушылар жекелей бағаланады.
V.Үйге тапсырма: а)165-167-бет «Күнделікті өмірдігі көліктер» оқу, мазмұндау.
ә)Теледидардан қандай машинаның жедел көмегі жайлы хабар естідің,сол
жайлы деректер біліп келу.(кешкі жаңалаықтан)
б)Арнайы көліктер туралы эссе жазу.