МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Құстардың өзіндік ерекшеліктері ...........................................................4
2. 2 Қырғауылдың мекендейтін жерлері және жұмыртқалау
ерекшеліктері ................................................................................................8
2. 3 Қырғауыл –халық ауыз әдебиеті үлгілерінде .........................................9
2. 4 Құс жайлы орнитолог ғалымдардың пікірлері ......................................10
2. 5 Қырғауыл – пайдалы құс ..........................................................................11
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................14
Аңдатпа
Біз зерттеп бақылаған құстар әлемі – көпшілік үшін сирек
кездесетін тақырып. Сырдың төменгі ағысындағы тоғайларда өсіп-өнетін қырғауыл жайлы зерттеп, бақылау жасалды.
Шындығында, қамысты, құнарлы жерлерде жүрген қырғауылдарды өз көзімізбен көріп, ұяларында жатқан жұмыртқаларын қолымызға ұстап, тамашаладық.
Қазақстанда қырғауыл тұқымдастыраның 6 туысқа бірігетін 8 түрі бар. Ең жиі кездесетін түрі – қырғауыл. Ол өзен жағалауындағы тоғайлы, қамысты, құнарлы жерді, Арал теңізінен Алакөл ойпаңына дейінгі шөлді аймақтарды мекендейді. Тау беткейінде бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан түрлі шөптесін өсімдіктер өскен жерде кездеседі. Қоразының құйрық қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін түсті. Мекиені қоңыр сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы 245 мм, салмағы орта есеппен 1150 грамдай.
Кітаптан, баспасөз материалдарынан, интернеттен қызықты да, танымдық құндылықтарды білуге мүмкіндік болды.
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-
лицейдің 1 «В» сынып оқушысы
Дәулетбекқызы Альбинаның
«Қырғауыл – сезімтал
құс» атты ғылыми жобасына
Пікір
Дәулетбекқызы Альбинаның жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобасына ұсынылған «Қырғауыл-сезімтал құс» тақырыбындағы еңбегі ғылыми тұрғыдан көп қызығушылық туғызады. Альбина құстар туралы мағлұмат бере отырып, оның ішінде жергілікті жерімізде көп кездесетін қырғауылдың өзіндік қасиетін, табиғатта алатын орнын өз деңгейінде зерттеп меңгерген. Көпшілік қырғауылдың әсіресе Сыр бойында көп тарағанын білгенімен, оның сезімталдығы, пайдалы жақтары жайлы толық біле бермейді.
«Қырғауыл-сезімтал құс» тақырыбына жазылған Дәулетбекқызы Альбинаның ғылыми жұмысын жоғары бағалап, ғылыми жоба жарысында қорғауға ұсынамын. Альбинаның келешегі кемел болып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін.
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-
лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Маханбет Анар
[pic]
Кіріспе
Құс - қанаты, қауырсыны, тұмсығы бар омыртқалы жануар. Олардың көпшілігі ұша алады. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген. Сүйектерінің іші қуыс болғандықтан, қаңқасы жеңіл. Бұл ұшуға жеңілдік туғызады. Құстар ұшқан кезде көп қуат жұмсайды. Сондықтан ұшуға дәрменді болу үшін жемді көп жеулері керек. Олар уақытының көбін азық іздеумен өткізеді. Ас қорыту жүйесі қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Қазіргі құстардың тісі жоқ. Бірақ ежелгі құстарда тіс болған. Олардың тілі бар, бірақ бір ерекшелігі – тілдерінде сүйек болады. Жүрегі мен тыныс алу жолдары жақсы дамыған.
Көп құстар балапан өрбіту және азыққа тою үшін жылы жаққа ұшып кетеді. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, дала, балшық, су құстары деп бөледі, ұшатын және ұшпайтын құстар болып жіктеледі. Пингвин, тауық, түйеқұс тәрізді ұшпайтын құстардың төсі қырсыз, жалпақ. Ал қарлығаш, сандуғаш, қыран сияқты ұшатын құстардың төсі қырлы болады. Жер шарының барлық түкпірлерінде бүгінгі таңда құстардың 9000-дай түрі бар. Ал Қазақстанда 500-ден астам түрі мекендейді.
Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология (грекше «орнитес» - құс + «логос» -ғылым) деп аталады.
Мақсаты:
Тауық тәрізділер тобының бір тұқымдасы, жыл он екі ай өз жерімізде жүретін, табиғаттың көркі, сәні, тоқшылық пен берекенің белгісі болған қанатты достарымыз – құстар туралы іздену.
Сыр бойынан басқа жерде айтылмайтын «Қызыл жыңғыл ішінде Қыздаркүл апам ән салар» деген жұмбақтың шешуі – қырғауыл жайлы мағлұмат алу.
Оның ерекше сезімталдық қасиеті, киелілігі, балапандарын қорғағыштығы жайлы танысу.
Негізгі бөлім
2. 1 Құстардың өзіндік ерекшеліктері
Құс тұмсығының басты қызметі – қоректену. Сондықтан оның пішіні құстың жейтін жеміне байланысты қалыптасады. Құстың түрін анықтағанда, оның тұмсығына баса назар аударады. Жаурауық тәрізділердің тұмсығы конус сияқты болады. Конус тұмсық дәнді шағып жегенге ыңғайлы. Жыртқыш құстардың имиген тұмсығы жиектеріне дейін өткір болады. Жәндік жегіштердің тұмсығы жіңішке және үшкір. Ағаштың діңін тесіп, жәндікті шұқып теретін тоқылдақтардың тұмсығы қашау сияқты тік әрі қатты. Құстардың қанаттары ауаға кедергі болмау үшін сүйір болып келеді. Қауырсын тек құстарда ғана бар. Ол құстың ұшуына көмектеседі. Денесін тоңдырмайды және құстың әуедегі тепе –теңдігін қамтамасыз етеді. Сирағының көлемі мен пішіні құстың мекені мен жемтікті қалай ұстайтынына байланысты. Балшықшы құстардың сирағы мен саусағы ұзын болады. Қонақтайтын құстардың саусағы бұтаны немесе сымды қапсыруға ыңғайлы. Суда жүзетін құстардың аяғы жарғақты болады. Жыртқыш құстардың сирақтары мен мықты табаны жемтікті бүріп ұстап, басқа жерге алып баруға арналған. Жемін жерден шоқитындардың алдыға қараған үш саусағы өте мықты болады.
[pic]
Құс саусақтарының түрлері
Азық үшін немесе спорттық нәтиже көрсету үшін ауланатын құстар «Саятшылық құстары» деп аталады. Бұл құстар негізінен күндіз белсенді болып, түнде қонақтап отырады. Тауыс, құр, шіл, ұлар, бөдене және қырғауыл - саятшылық құстарға жатады. Бұл топқа түйетауық, қазүйрек, жылқышы, тауқұдірет, шүрілдек тәрізді су құстарын да жатқызуға болады. Саятшылық құстарды адамдар кеңінен аулайды. Бұрындары үкімет саятшылық құстарды айқындап, оларды аулау туралы заң шығарып, аңшыларға рұқсат құжат беріп отыр. Ол кездегі заң ағылшын ақсүйектерінің көңіл көтеруіне жақсы жағдай жасайтын. Ал қазір бірқатар елдерде шығып жатқан заңдар, негізінен, аңшыларды емес, аңдарды қорғауға бағытталуда. Саятшылық құстар тобына 260-тан астам құс түрі кіреді. Олардың көпшілігінің денесі ірі, тұмсығы қатты, сирақтары балғадай күшті болып келеді
7