Ана тілі
Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба.
Мақсаты: 1.Абай өлеңінің негізгі идеясын ашып түсіндіру. Өлеңлі мәнерлеп,
түсініп оқи білуге машықтандыру.
2.Сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.
3.Оқушыларды адами қасиеттерге, адалдыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Көрнекілігі: Мультимедиалық электронды бағдарлама.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Балалар қазыр жылдың қай мезгілі? Барлығымыз сол мезгілді жақсы көреміз. Қазір бір бірімізге қар лақтырып ойнаймыз. Сендер алдарыңда жатқан қағазға тілек тілеп жазып умаждап лақтырайық. Ендеше балалар осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Қызығушылығын ояту.
Балалар адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?
(жақсы жаман)
еңбекқорлық, жақсы оқу ұрлық жасау, тәртіпсіздік
кішіге қамқор, үлкенді сыйлау мақтаншақтық, еріншектік,
әдептілік өтірік айту.
Дұрыс айтасыңдар, ондай болса, мына тақтаға қарай қойыңдаршы.
Адамның қасиеттерін жақсы , жаман деп екі жаққа жинап алайық.
(тақтамен жұмыс)
Осындай қасиеттерге ие болған адам – нағыз адам. Олай болса балалар, нағыз адам болу үшін адамның бойында жақсы қасиеттер көп болуы қажет екен. Олай болса бүгінгі бастайтын тарауымыз «Адам болам десеңіз» деп аталады. Ол тарауда біз не туралы оқимыз деп ойлайсыңдар.
-Өмірі өнеге болатын атақты адамдар туралы оқимыз. Осы тарауда біз үйренетін ең бірінші тұрған қандай тақырып.
Мағынаны ашу
Тақтада: Абай портреті.
-Абай Құнанбаев кім?
Біз қандай өлеңін оқыдық?
Абайдың өлеңдері бізді неге шақырады?
Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» деп аталады. Жақсы балалар ендеше осы өлеңді оқып көрейік не туралы айтылған екен.
Осы кезде интерактивті тақтадан өлең оқылады.Енді осы өлеңнен бес асыл істі, бес дұшпанды тауып алайық. Сендер оқулықтан іздеп айтып отырыңдар, мен белгілепп отырамын.
Жаксы, ендеше Абай атамыз бізге осы бес асыл іске қандай болыңдар дейді? (Асық)
Бес дұшпаннан қаоай болыңдар дейді? (қашық)
Ондай болса балалар, Ұлы Абай ақын сендерге қандай адам болыңдар деген екен? Кітаптан тауып оқыту.
Мына бір шумақты кім оқып жібереді екен?
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп
Айта ғылым сүйсеңіз 1 балаға оқыту. Мағынасын ашу.Бір жұмысты орындай алмаймын деп тастай салуға болмайды, талпыну керек.
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып сөнсеңіз
Дүние де өзі ,мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз 1- қатарға оқыту.Толық мағынасын талдап түсіндіру. Жанбай жатып сөнді деген сөзді калй түсінесіңдер? Біздің жанбай жатып сөніп қалуымыздың себебі не?
Сабақты жақсы оқу.
Байлықты біз қайдан аламыз? Қазақ өзінің байлығын малмен өлшеген, Білімді болып жұмыс істемесе байлық қайдан келеді.
Осының барлығын бізге үйретіп отырған кім? Абай ата
Жақсы балалар, мына суретке қараңдаршы, дүние жүзін қамтып жатқан интернет торабында Аай атамыз туралы мәлімет өте көп екен.
Абай атаның ескеткіші Қазақстанның бүкіл қаласында бар екен. Абай атаны тек қазақ халқы танып қоймайды, сонымен қатар әлемге де әйгілі екен. Сондықтанда Абай Құнанбаевты дара, дана тұлға деп білеміз.
Абай атаның ескеткіші Ресейде Москва қаласында да ашылған екен.
Тек ескерткіші ғана емес, Алматы қаласында Абай Құнанбаевтың атындағы оқу орны бар.
Абай атаның туған жерін кім айтады? Иә, Абай ата Семей қаласында дүниеге келген екен. Сондықтан да Абай ата біздің жерлесіміз. Жақсы оқысаңдар, тәртіпті болсаңдар , сендер де Абай атаның туған жеріне барасыңдар.Ол жерге барып қайту өте үлкен мақтаныш. Абай атаның басқан жерін сен де басасың, ол көрген жерді сен де көресің. Біздің мектептегі ең үздік оқитын, тәртібі жақсы балаларға саяхатқа шығу біздің мектебіміздің дәстүріне айналған.
Өскемен қаласының суретін тақтада көрсетіп, балаларға анықтату. Өскеменде Абай Құнанбаев атындағы не бар?
Көшеге «Абай даңғылы» деген ат берілді.
Ой толғаныс
4-топқа тапсырма беру.
Бірінші топ: Осы өлеңді оқығаннан кейін саған қандай ой келді? 2-3сөйлем өз ойыңды жаз.
Екінші топ: Веен диаграмма: Жақсы, жаман қасиетке
Үшінші топ: Хат жазу. Жаман қасиеті бар адамдарға(Күнделікті өмірде бойында жаман қасиеттері бар адамдарды көреміз иа, сондай адамдарға сендер не айтар едіңдер)
Төртінші топ: Абай атаға хат жолдау. Абай атаның балалар бізге көп нәрсе айтқанын , үйретті. Өлеңнін өзінен көп нәрсе үйрендік. Абай атаға не айтқыларың келеді. Соны жаза қойыңдар.
Әр топтан бір оқушыға жазғандарын оқытып, талдау.
Рахмет сендерге балалар, сендер де осындай жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіреді деп ойлаймын. Адам болу деген үлкен мәртебе, сондықтан да сендер де сондай мәртебеге ие болыңдар.
Абай ата айтқандай ,сендер балалар білімге, ілімге құштар екендіктеріңді көрсеттіңдер. Қанекй осыны тақтадан сендерлің алған бағаларыңды көрейік.