Ақшұқыр мектеп-лицейі
Дайындаған : Бекешова Қалдыгүл
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: Кітаппен бірге өсеміз
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер.
Жү [link] Адай : Кітапты оқымайды, сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Мәдина : Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көктеп.
Азамат: Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Малика: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір,
Таппасаң нәрін шөлдерсің.
Мұғалім: - Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған кім?
- Ыбырай Алтынсарин.
- Оның балаларға арнап жазған өлеңі қалай аталады?
- «Кел, балалар, оқылық!»
Маржан: Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Аяулым: Кітап!
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.
Ерболат: Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Жазира: Кітабың – сенің құралың
Жағар білім шырағың
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Зулфия: Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты
Бәрін - бәрін көріпті
Оқи берген кітапты.
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан,
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан
Мұғалім: «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады).
Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
Бойлаған сайын тереңге
Шығасың биік белеңге (білім)
Білімнен мол сый асы,
Балардың ұясы (мектеп)
Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалімі)
«Кім көп біледі?» ойынын ойнайық (мақал-мәтелдер айтылады).
Кітап – асыл қазына
Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы
Оқу – білім бұлағы
Білім – өмір шырағы
Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Қорытынды: Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.