№267 орта мектептің ІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Г.О.Асқарованың 2015-2016 оқу жылдарында атқарған жұмыстарының рефлексивті есебі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тегі: Аскарова

Аты : Гулмира

Әкесінің аты Орынбековна

Байланыс телефондары : 87771746462, 87022643707

Эл.почта :gulmira.askarova.1969@mail.ru

267 орта мектептің ІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Г.О.Асқарованың

2015-2016 оқу жылдарында атқарған жұмыстарының рефлексивті есебі


Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтап, ІІ №0000756 сертификатының , серия М- ІІ №003577 куәлігінің иегері атандым.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы базасында өтіп жатқан жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған екінші (негізгі) деңгейлі 3айлық біліктілік арттыру курсына қатысушы болып жүргенімде – ақ білім алудағы мақсатым оқыту мен оқу табысты болатын, заманауи түсініктерге сай келетін білімді игеру және өз әріптестерімнің кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру екендігін түсінгенмін.

  • Қыркүйектің 21- і күні 2 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Бидай мен Қаңбақ» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақ барысында қойылған мақсат   оқушыларға мәтіндегі  негізгі ойды ұғындыру  арқылы  мысалдың  мазмұнын   меңгерту. «Бидай  мен Қаңбақ » мысалының  мәнін  терең  түсінуге ,өлең  кейіпкерлеріне  мінездеме  бере  білуге, өзіндік  ой  қорытындысын   жасай  білуге, ойын  жүйелі  жеткізуге  үйрету.

Сабағымда ой қозғау есебінде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазбаның 1- бөлімінен сәлем беру рәсімі туралы үзінді көрсетуден бастадым.Өйткені оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі - халықтық педагогика деп білдім. Мақсатым балаларды халықтық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қастерлеп құрметтеуге баулу. (Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазбадан үзінді)




[pic] [pic]

Ашық сабақтан көріністер


Үй тапсырмасына «Күз» тақырыбында эссе жазып келу тапсырылған болатын. Өйткені әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары - оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.

«Сыни ойлауды дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұрады. Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақ жасырылып жаңа сабағымыздың тақырыбы анықталды.

В.А.Сухомлинскийдің: «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың "миына құйғанмен", ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Бұл – баланың оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» - деген. Осы мақсатта оқушыларға Бидай мен Қаңбақ туралы білімдерін қағаз бетіне түсіру топтық тапсырмалар есебінде беріліп, топтар өз постерлерін қорғады.



[pic] [pic]

Оқушылардың жұмыстары







Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады.2 оқушы бидай туралы оқулықтан тыс қосымша мәліметтермен таныстырды

Ойлау мен үйренуге бағытталған бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасау үшін төмендегі берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айт: Бидайға ма, Қаңбаққа ма? деп сәйкестендіру тесті есебінде жұптық жұмыс жүргіздім. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары пайдаландым. Венн диаграммасы толтырылды. Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.

[pic] [pic] [pic]

- Мысалдағы негізгі ой қай жерде айтылған?

- Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер? сұрақтарына жауап алынды.

Біздің мақсатымыз - мұғалімді тыңдап қана отыратын, сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес, керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат даярлау.Ой толғаныс сәтінде «Көзілдірікті қоян» мультфильмінен үзінді көрсеттім. Қорқақ қоянды көзілдірік қаншалықты өзгертіп жібергендігін оқушылар бақылай отырып , қоян мен қаңбақтың бойындағы қасиеттерін салыстырды бүгінгі «Бидай мен Қаңбақ» мысалындағы Қаңбақ пен мультфильм кейіпкері қоянда ұқсастық бар деп тапты.

Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріп, жауаптарын тыңдадым. Оқушылар өз тұжырымдарын дәлелдеуге талпыныс жасады.

«Кез – келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады.Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде : «Ұлтым – қазақ, дінім- Ислам, Отаным – Қазақстан» деп мақтанышпен нық айтасыз.Құран әдебін бойымызға сіңіріп, соған сай өмір сүрейік» -деп сабағымды Құрбан айт мерекесімен байланыстыра келе "Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі"дейді ғой Мұхтар Әуезов «Қорғаушым сен» әуенімен сабағымды аяқтадым.

Сабаққа дайындық барысында Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады.» деген сөзінін мәнін ұқтым.

  • Осы өткізілген сабақ үздік деп танылып әдістемелік кеңесте «Жаңа әдіс – тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу жолдары» тақырыбында баяндама жасадым.


  • Қарашаның 9- ы күні «Өзін өзі бағалау және өзара бағалау үдерістері» тақырыбында коучинг сабақ өткіздім. Менің және менің әрістестерімнің сонымен қатар оқушыларымның алдында тұрған бір өте маңызды тақырыптарыдың бірі ол «Өзін өзі бағалау және өзара бағалау» болып табылады. Оқушылар және ата-аналар тарапынан келіспеушілікті біз осы тақырып төңірегінде көріп жүрміз. Сондықтан әріптестерімнен алынған сауалнамаларды талдай отырып, мұғалімдердің бағалау кезінде қиналатындықтары байқалды. Сондықтан осы тақырыпта коучинг өткізуді жөн көрдім. Коучинг нәтижелі болуы үшін мен алдыма мынадай мәселерді жоспарладым.

  1. Тапсырмалар бере отырып, қатысушылар өзара талдау жасай отырып бағалаудың түрлерін ажырата алуына жол ашу;

  2. Қатысушыларға қолдау жасай отырып, өзара бағалау түрлерін сабақтарында пайдалануларына жол ашу


[pic]




[pic] [pic]


«Өзін өзі бағалау және өзара бағалау үдерістері» тақырыбындағы коучинг


  • Қарашаның 11- і күні “Үздік бірлестік жетекшісі – 2015” байқауының қорытындысы бойынша ІІ орынды иелендім.

[pic]



  • Қарашаның 16-20 аралығында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында апталық өткізілді. Атқарылған іс – шаралардың барлығында қойылған негізгі мақсат бастауыш сынып оқушылардың болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мамандықтар  туралы түсінік қалыптастыру.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

[pic]

Ата – анамның мамандығы

  • Қарашаның 17- сі күні «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге іріктеліп алынған 10 сурет ілінді. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды 2 «а» сынып оқушысы Амангелді Еркежан иеленді.

[pic]

Сурет көрмесі

  • Қарашаның 20- сы күні «Еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма эссе жазудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткіздім

  • 2015-2016 оқу жылының желтоқсан айында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мәнерлеп оқу сайысына 17оқушы қатысты. Мақсаты елін, жерін, тілін, әдет – ғұрпын құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру.Желтоқсан оқиғасы жөнінде оқушылардың танымын кеңейту.Елжандылық пен ұлтжандылық сезімдерін тәрбиелеп, саяси саналылыққа баулу.

Мәнерлеп оқу сайысынан көрініс

[pic]

«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында өткізілген мәнерлеп оқу сайысында 2 «а» сынып оқушылары Сүлеймен Нұрбол мен Марат Сезім «Алғыс хатпен» марапатталды.

  • Желтоқсанның 15- і күні мектепішілік «Кітап- білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы» сайысына белсене қатысқаны үшін 2 «а» сынып оқушылары Марат Сезім және Айдархан Асқар «Алғыс хатпен» марапатталды.



[pic]

Кітап таңдауға кеңес

  • 11.03.2016 ж.«Кітап - білім бұлағы» тақырыбында қалалық деңгейде ашық тәрбие сағатын өткіздім

  • «Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың тиімді стратегияларын үйрену» тақырыбында коучинг сабақ өткіздім.

  • 15.04.2016 ж. қалалық деңгейдегі «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2016» сайысына қатыстым.