Тіл – жүрегімнің айнасы
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негізін қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, еркін сөйлеуге баулу.
Тәрбиелік: Егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілінде таза сөйлеуге және баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап өсуіне тәрбиелеу
Көрнекілік: Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, кітап көрмесі, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері.
Сабақтың барысы:
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз-туған тіліміз. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық,- деп өткізгелі отырған «Тіл – жүрегімнің айнасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз
Бейне ролик «Қазақ ойшылдары»
Армысыздар, мұғалімдер, әз-жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырып,
Біз алаңсыз, балғың шақты балалар.
1 – оқушы
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
2 – оқушы
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
3 – оқушы
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
1989ж. Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты. Оны мойындап, мәртебесін көтеру-бізге міндет, ұрпаққа парыз!
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар.
Қазақтың тілін ғаламат,
Ана тілім арым, иманым
Аманат саған, аманат.
Елімізде 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген.
«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» деп Мұхтар Әуезов айтқан екен. Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.
1 – оқушы
Ана тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.
2 – оқушы
Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.
3 – оқушы
Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,
Туған тілім- анам тілім- өз тілім,
Туған тілім- далам тілім- өз тілім,
Туған тілім- адам тілім- өз тілім.
4 – оқушы
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
5 – оқушы
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы , ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
6 – оқушы
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Қазақ халқы ежелден-ақ тіл қадірін біліп,ақылын дұрыс сөзге бағындыра білген.
Үш кемеңгер дүлдүлім,
Сақтаған ел бірлігін!-деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би,Қазыбек би, Әйтеке бидің сөз үлгілеріне зер салайық.
Төле би:
Уа, халайық!
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар.
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
Қазыбек би:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай,
Жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да,
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтұғын сөз қалды,
Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей
Аңқылдап есіп тұрады.
Қазақ тілінің биязы үні
Домбыраның күмбір қаққан сазындай,
Асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей.
Бе
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.
Піл көтермегенді, Тіл көтереді.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, Тілімнен сүріндірме.
Тілдің көркі – Сөз
Тілі жеткенше сөйлеген шешен, Қолы жеткенше нұсқаған көсем
Өнер алды қызыл тіл
Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады
Тіл қылыштан да өткір
Тіл құдіреті ауыз толтырарлықтай өте күшті. Тіл киелі, қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп құрметтеуіміз керек. Сабағымызды Б.Момышұлының мынадай сөзімен аяқтағым келеді:
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабаларымызды , тарихымызды ұмыту