Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғаудың өзіндік белгілері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жұрнақ пен жалғау жайында кеңінен түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін тереңдету.Түбір сөзге жұрнақ жалғанғанда сөз мағынасының өзгеретіні ,ал жалғау сөзбен сөзді байланыстыратыны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ойлауын ,есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамытуЖаттығулар орындату барысында жұрнақ пен жалғауды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, сызба,деңгейлік тапсырма
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
М: -Оқушылармен амандасы;
-Түгелдеу, құрал-жабдықтарын түгендеу.
-Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Қуанамын мен де ,
Қуанасын сен де,
Қуанады достарым
Арайлап атқан күнге.
Өткенге шолу:
-Түбір дегеніміз не?
-Қосымша дегеніміз не?
-Жұрнақ пен жалғау дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақтадағы кестемен жұмыс.Жұрнақ пен жалғау түбір сөздердің белгілерімен таныстыру.
Сөз құрамы:
Түбір сөз
жұрнақ
жалғау
IV. Оқулықпен жұмыс
Жаттығуларды орындау
Тапсырма : Түбірге жалғанған қосымшаларды тауып жұрнақ пен жалғауын ажырату.Сөздермен
Сөйлем құрату.
Деңгейлік тапсырма:
1-деңгей.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жазып,жұрнақ пен жалғауды тиісті белгісімен белгіле.
2- деңгей. , батырлық, талапты, жұмыскер сөздерінің түбірін тауып,басқа қосымша жалғап жаз.
3-деңгей .Ребусты шеш.Ол туралы не білесіңдер?
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс.
Әр топ берілген суреттегі заттың атына -шы жұрнағын жалғап жаңа сөз жасайды.Заттарға сипаттама береді.
V. Сабақты бекіту:
М: -Сөз құрамдарына нелер жатады?
-Әрбіріне тоқталып, мысал келтір?
-Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
VI. Сабақты қорытындылау:
Кестемен жұмыс
VII. Үйге тапсырма: М:
Бағалау.