Сабақ жоспары математикадан 1 саны және цифры (1 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ тақырыбы:

1 саны және цифры

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

натурал сандар және нөл санының құрылу


жолын түсінеді; 10 көлемінде

сандарды

тура және кері санайды; натурал сандар

қатарындағы орнын анықтайды;


цифр

мен санды бір-бірінен

ажыратады;

бір

таңбалы

сандарды әртүрлі

тәсілдер-

мен

(нүктелер

жиынтығымен, таяқшалармен

және т.б.) түсіндіреді және сандық сәуледе белгілейді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. қатты қағаздан жасалған төрт шаршы (әрбір оқушыға);


  1. сандар таспасы (тек қана 1 цифры бар);

  2. белгі беретін тақтайша (қатты қағаздан жасалған жолақша: бір беті — қызыл, екінші беті — жасыл);


  1. қажетті суреттер мен магниттер.

Тірек сөздер

цифр;


бір.

Сабақтың мақсаты:

Сан ұғымымен және 1 цифрымен таныстыру, 1 санының орнымен таныстыру, 1 цифрын жазуды үйрену.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Санау “бір” санынан басталады. “Бір” саны бір затты көрсетеді. Көп заттардың ішінен бір затты бөліп алу дағдысын дамытуға көңіл бөлу керек. Оқу-шыларға цифрдың белгі болып табылатынын, оны санды жазу үшін қолданатынымызды түсіндіру қажет. Сабақта олар санды 1 цифрымен сәйкестендіріп, 1 цифрын жазады.



Сабақты қайталаудан бастаңыз. Оқушыларға “Тізбектеп санау” ойынын ойнатыңыз. Бірінші оқушы қатарынан екі-үш санды атайды, содан кейін санауды келесі оқушы жалғастырады және т.с.с. 2-ден 6-ға, 3-тен 7-ге, 8-ден 4-ке, 9-дан 1-ге дейін санатыңыз.


Жұптық ойын ұйымдастырыңыз: бірінші оқушы бір санды атайды, келесі оқушы — келесі санды, алдыңғы немесе көрші сандарды атайды (ойын сіздің қандай шарт қоюыңызға байланысты жүргізіледі).


Оқушыларға мұқият тыңдау керектігін ескерті-ңіз. Кішкене қарындашпен үстелді (тақтаны) соғып, тоқылдатыңыз не болмаса шапалақ соғыңыз. Олар әрбір тарсылды немесе шапалақты санауы керек.


Оқушыларға қағаздан жасалған шаршыларды көрсетіңіз. Сіз қанша шаршы көрсетсеңіз, олардың сонша рет шапалақ ұруы (бір шаршыға көп немесе аз шапалақтауға болады) және сол санды атауы керек.


Оқушыларға оларды қоршаған заттарды мұқият қарап шығуды сұраңыз.

Оқушылардан саны 1 болатын заттарды табуды сұраңыз (тапқан кезде “бір” сөзін пайдалануы қажет). Оларға сыныптағы шамдарды, парталарды дауыстатып санатыңыз да, қай саннан бастап санағанын сұраңыз.


Оқулық бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан сандық сәулеге көңіл аударуды сұраңыз. “Бірінші қай сан тұр? Егер ретімен санасақ, келесі сан қай сан болады? Олар натурал сан бола ма? Неге?” деген жетелеуші сұрақтар қойып нақтылаңыз.


Оқушыларға цифр — бұл сандарды жазуда қол-данылатын белгі екенін хабарлап айтыңыз. Бүгін “1” цифрымен танысатынымызды ескертіңіз. Оқу-шылардан 1 цифрының неге ұқсайтынын қарап айтуды сұраңыз.




Мектеп сөмкесін жинауға көмектес. Тапсыр-ма көп заттардың ішінен саны біреу ғана болып тұрған затты табуға арналған. Oқушыдан басқа заттарды емес, неге осы затты таңдағанын түсіндіру-ді сұраңыз.

Жауабы:

күнделiк, қаламсауыт, сызғыш, альбом, қалам, қарындаш.

Қатені тап. Берілген тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан суреттегі қатені табуды сұраңыз. Олар диалог барысында кейбір суреттердегі заттардың саны көрсетілген цифрларға сай келмейтінін табады. Яғни қатені табады және тапсырманы орындайды.

Орындап көр. Оқушыларға топпен жұмыс іс-теуді ұсынып, соңынан өздерінің байқағанын топ ішінде қорытындылап, өз пікірін қорғауға мүмкіндік беріңіз.

Жауабы:

мысал ретінде тақта, есік, компьютер және т.б. алуға болады.

Суреттен саны 1-ге тең болатын заттарды тап. Жұппен орындалатын тапсырма. Саны 1-ге тең заттарды тауып атайды. Тексеру барысында кей-бір жұптар жауаптарын атайды, қалғандары кері байланыс үшін тиісті түстегі парақшаны көрсетеді: жасыл түс — дұрыс, қызыл түс — қате.

Жауабы:

киіз үй, әже, ер адам, құлын, ұл бала, қыз бала, қорап. Гүлдер мен көбелектер саны бірдей ме?

Оқушылар суретте көрсетілген әрбір гүлге бір-бір көбелектен келетіндей сәйкестендіріп, жауаптарын парталас көршісімен жұп болып талдайды да, өз пікірін айтады.

Жауабы:

барлық көбелектерге жетпейді, бір көбелек гүлсіз қалып қояды.

Шығарып көр. Арман мен Айнұр қораптан кезек-кезек кәмпит алды. Бірінші кәмпитті Арман, екіншісін Айнұр және т.с.с. алып тауысады. Соңғы кәмпитті кім алады? Кәмпиттің көбі кімге тиеді?

Кәмпиттердің орнына қағаздан жасалған дөңге-лектерді пайдаланып, оқулықтағы “Шығарып көр” айдарындағы тапсырманы сыныпта оқушылармен тәжірибе жасай отырып өткізіңіз.

Жауабы:

Арман соңғы кәмпитті алады. Оған үш кәмпит, ал Айнұрға — екі кәмпит тиеді.

[pic]