Ашық сабақ Тұрлаулы мүшелер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Мақсаты: Оқушылардың тұрлаулы мүшелер, бастауыш пен баяндауыш жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем мүшелеріне сұрақ қойып, сөздердің байланысын анықтау дағдыларын қалыптастыру.

2. Тіл байлықтарын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтандыру.

3. Адамгершілік тәрбиесін беру

Әдісі: Топпен, жұппен, жеке оқушымен жұмыс

Түрі:Аралас сабақ

Көрнекілік: Сызбалар, үлестірмелер, интерактивті тақта. аудиодыбыстар



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

Сабақтың сәтті өтуіне, бір-бірімізге сәттілік тілейік! (қол алысады)

Үй тапсырмасын тексеру: 77-бет 65-жаттығу Сурет бойынша құраған әңгімесін оқиды. Құраған сөйлемдерінен тұрлаулы мүшелерді тауып сұрақ қояды. –Өздерің үйдегі үлкендерге көмектестіңдер ме?

Жаңа сабақ:

  1. Ой шақыру:

  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

  • Сөйлем мүшелерінің түрлерін ата. Нешеу?

  • Тұрлаулы мүшелердің түрлерін ата.

  • Сұрақтары қандай?

1-слайд

Екі бағандағы сөйлемдерді оқып салыстырыңдар.

-Иә, бірінші баған тек бастауыш пен баяндауыштан құралған. Олар сөйлемнің басты мүшелері. Олар - тұрлаулы мүшелер. Сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Ал екінші бағанда тұрлаулы мүшелерден басқа сөздер қоланылған.

Оқулық бойынша жұмыс: 61-жаттығу (ауызша) Сөйлемдерді оқып, бастауыш пен баяндауышты табады. Сұрақ қояды.

62-жаттығу Тақтаға, дәптерге орындалады. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазады. Тұрлаулы мүшелердің астын сызады. Мәтінге ат қояды.

Жұппен жұмыс: 63-жаттығу Мақалды жатқа жазу. Қатар отырған екі бала бір-бірден жазады. Бірінікін бірі тексереді. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Сергіту сәті: «Орныңды тап» ойыны. Оқушыларға сөздер жазылған үлестірмелер беріледі. Әрқайсысы өзінің бастауыш не баяндауышын тауып, тақтаның алдына шығады. Сұрақтарын айтады. Қандай тұрлаулы мүше екенін айтып өтеді.

Топпен жұмыс:

1-топ - Оқулықтағы 64-жаттығуды орындайды. Кезектесіп ертегіні толығымен айтып береді.

2-топ - Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрайды. Тұрлаулы мүшелерді атап, сұрақтар қояды.

. ! - .

3-топ - Орны ауыстырылып берілген сөздерді орнына қойып, сөйлемдерді жазады. Тұрлаулы мүшелерді табады. Сұрақтарын атайды.

  1. Кішкентай, менің, бар, мысығым.

  2. Медеуге, барып, халық, демалады.

  3. Атасы мен әжесі, ауылда, тұрады, Әлияның.

4-топ - слайдта көрсетілген мәтіннен тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді көшіріп жазады.

Түнде жаңбыр жауды. Жел тұрды. Ертеңгісін Сәуле далаға шықты. Далада ағаш бар. Ағаштың бұтағында торғай отыр. Сәуле торғайға нан берді. Інісі су берді. Торғай нан жеді, су ішті.

-Есікті аш, - деді Сәуле. Інісі есікті ашты. Торғай ұшып кетті.

Қортынды: Ұжыммен жұмыс:

Аудиодыбыстарды тыңдап сөйлемдер құрайды, тұрлаулы мүшелерді атайды. (Құстар шиқылдады. Қой маңырады. Сиыр мөңіреді. Бала жылады)

«Иә» немесе «Жоқ»

  • Сөйлем мүшесіне сұрақ қойылады (иә)

  • Кім? деген сұрақ бастауыштың сұрағы (иә)

  • Баяндауыш қандай деген сұраққа жауап береді.(жоқ)

  • Сазгер не істейді? Деген сұраққа жауап береді (жоқ)

  • Баяндауыш - тұрлаулы мүше (иә)

  • Шортан шоршыды. Бастауыштан кейін сызықша қойылады. (жоқ)

  • Астана - әсем қала. Бастауыштан кейін сызықша қойылады. (иә)

  • Сабақ ұнады ма? (иә)

Рефлексия. Оқушыларға

Бүгінгі сабақта мен ......... үйрендім.

Маған ......... қызықты болды.

Маған ......... қиын болды.

Сабақтағы өз жұмысыма ризамын немесе риза емеспін, өйткені .........

Мен ............ түсіндім.

Жазылған қағаз беріледі. Балалар қортындылап жазады. Тақтаға апарып жапсырады.

Үйге тапсырма: 77-бет 65-жаттығу

Бағалау.