6
«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»
Музыка залы әсем безендірілген
1-Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар
мерекесімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
1-Жүргізуші: Бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп,әнмен әлпештеп,сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
2-жүргізуші: Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек емес пе?
1-жүргізуші: Иә,олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбесі анық.
2-жүргізуші: Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.
1-жүргізуші: Ендеше,бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Әуенді вальспен әр бала анасымен жұптасып,бір-бірлеп залға кіреді. Анасын таныстырып,анасына жақсы сөз айтады.
Би: «Наз» (аналармен вальс)
Бидің соңында аналарын орындарына апарып отырғызып,сапты бұзбай,жартылай шеңбер жасап тұрады.
Арлен:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Арман:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
1-Жүргізуші: Көңілдің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы қанатына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қыздарымыздың құрметіне.
«Ай дидарлы анашым»әнін қабыл алыңыздар.
(Т.Бауыржан және 3сынып оқушылары).
Еркебулан: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Алишер: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
Диалог:
1. Алишер қарашы мына сақина әдеміме мен қыздарға сыйлайын дегенмін.
2. Қойшы Арлен сақина сыйлағанша одан да неге би сыйламаймыз
1 ұл : Әрине олардың би де дайын.
Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауында
би «Хип-хип»
2-Жүргізуші: Рахмет, жігіттер қыздарды құттықтап өз өнерлеріңді тарту еттіңдер
Ал, бүгін қыздарды да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызды
Мерекеге шақырайық.
Диалог:
1ұл: ( галстугін дұрыстап)Ернар маған қарашы мен әдемімін бе?
2ұл: И....и...Жасұлан саған не болған?
1ұл : Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,
ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр
1ұл:Ия... (күрсініп)
2ұл: И... Ернар күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте кездесеміз ғой.
.................................................................................................
2-жүргізуші:
Жаны сезім әйелдің бойында алау
Сол алауды аңсайтын жайым бар-ау
Білімсіздік дер едім, біздер үшін
Ұлылығын әйелдің мойындамау.
1-жүргізуші:
Қыздардың орындауында
Ән:Анажаным
2-Жүргізушуі: Баласы үшін анашым
Күндері аз ғой көз ілген
Ардақты ана қарызбын өзіңе
Жүрегіңнен күн мейрімі төгілген- дей отырып аналарды ойынға шақырғым келеді.
Ойын: Аналарды кешке дайындау. Кім жылдам.
Ұлдар шығып аналарын кешке дайындау. Бояу,шаш жинау,әшекей тағу.
Би Джентельмендер биі
2-Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
...................................................................................................
А.Алдияр: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.
......................................................................................................
Ағынтай: Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
Сақтандырып күнде еккен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
.....................................................................................................
Ілияс: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Ердаулет: Адал бол деп-балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегің де мархаббат
Анамызға мың алғыс
Ән: «сенің анаң алтын»
Жүргізуші: Жігіттер қыздарға дайындаған сыйлықтарың қайда?
Екеуі: Біздер қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық.
Қабыл алыңыздар қыздар!
Би: «Кавбой биі»
Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
Біздің балаларымыздың дайындаған
Мерекелік шарамыз аяқталды!
Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық.