|
Қазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз б мен п
Автор публикации: Джаменова В.Ш.
Дата публикации: 2016-10-23
Краткое описание: ...
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім | Сабақтың атауы | Дауыссыз б мен п | Мақсаты | 1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне тоқталу. 2. Оқушының фонетика бойынша білімін кеңейту, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін нығайту; 3. Күз мезгілінің ерекшелігін көре білуге, әдемілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі, типі: қайталау Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, практикалық, талдау Көрнекіліктер:көкөністер мен жемістер суреттері, сызба, дауыссыз дыбыс түрлері жазылған парақтар, оқулық | Күтілетін нәтиже | Психологиялық ахуал | Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Қызығушылықты ояту | «Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру - Қазақ әліпбиінде 42 бар. (Иә) - Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ) - Әріптерді айтамыз, естиміз. (жоқ) - Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә) - я дыбысы (й+а) дыбыстарынан құралған. /иә/ - сөздегі буын саны дауысыз дыбысқа байланысты /жоқ/
| Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | Мағынаны тану | Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс «Дауыссыз дыбыстар» Дауыссыз дыбыстар
Қатаң… Ұяң... Үнді... Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп жазады. Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді.
Көркем жазу: Бб Пп Балдырған бірінші партада отырады. Кітап - кітабы, жіп - жібі. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын атап, дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді жазу. Дауыссыз дыбыстарды олардың түрлеріне қарай топтап жазу. Қызанақ, картоп, қарбыз, жапырақ, қауын, бидай.
Өзіндік жұмыс. 2-жаттығу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқытып шығу. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жасау. - Күз мезгілінің айларын айтайықшы. Қыркүйек айында қандай өзгерістер болады? Күзді неге алтынға теңейміз? Балалар үшін қандай қуанышты күн бар? | Сергіту сәті | Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді болып жүрейік. Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! |
| Ой толғаныс | Тақтада жұмыс. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазу. Сөйлемдердегі сөздер санын анықтау. П дыбысына ауызша талдау жасау. 4. Ой қорыту. Үлестірме парақтардағы дауыссыз дыбыс түрлерін толықтыру. Сөздердегі керек әріптерді қойып, айту. | Үйге тапсырма | 5-жаттығуды өздері орындап шығады. 5.Үйге тапсырма: дауыссыз дыбыс түрлерін жаттап келу, 3-жаттығу /12 бет/ | Күнделіктеріне жазып алады | Бағалау | [link]
| Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс | [pic] [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|