Поурачный план на тему Өнерлі жігіт

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өнерлі жігіт

Мақсаты

а) Оқушыларға Әбу Насыр әл Фараби туралы түсінік беру,

әңгімемен таныстыру

ә) Өздік жұмысын орындау арқылы оқушының ой-өрісін

дамыту

б) Оқушыларды өнерсүйгіштікке ,бірізділікке,

адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі :оқулық, әл-Фараби суреті, нақыл сөздер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардан «Тарту» өлеңін жатқа сұрап, сұрақтар

қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. -Абай Құнанбаев деген кім?

- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Ахмет Байтұрсынов кім?Оның қандай өлеңімен таныстық?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар,бүгін біз сендермен «Өнерлі жігіт »әңгімесін және өз бетінше жұмыс жасаймыз.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ:-Бұрын соңды әл-Фараби деген кісіні естігендерің бар ма?Ол кім болған, білеміз бе? Әл Фараби суретін көрсетіп таныстыру, «Өнерлі жігіт» әңгімесін оқып, түсіндіріп талдап беру.Оқушылардың оқулықпен жұмысы.Әңгімені тізбектей оқу.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

131-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қойыңдар.

Сұлу күн

От шашып қызыл жібек маңайына,

Нұр төгіп көкжиектің маңдайына,

Түсіріп шымылдығын бір заманда,

Күн сұлу кіріп кетті сарайына.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

132-жаттығу. Үлгі бойынша жазыңдар.

Күрең ат, қызыл сиыр, ала бұзау, ақ лақ.

VII.Бекіту кезеңі. 1. Әл – Фараби кім?

2.Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетеді?

Үйге тапсырма

Оқу 146 бет.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

[link]


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

[pic] [pic]

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады