Тақырыбы: « ЗЕРДЕ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты
болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға
бейімдеу дарынды озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Түрі: интеллектуалды ойын -сайыс
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2.Мұғалімнің сөзі:
2 «А» сыныбында өткелі отырған «Зерде» интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, бүгінгі нителлектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.
Қазір біз балалар осы уақытқа дейін алған біліммізді көрсетіп, өнерімізді көрсетіп, өнерімізді саралап,санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын 5 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойын бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
1-топ. Топтың аты - « Талап»
Біздің ұранымыз: « Жас ұрпақпыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты»
2–топ. Топтың аты – « Алға»
Біздің ұранымыз: « Алға қарай самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз»
3. Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Тіл - өнер сайысы
3. Ұшқыр ой сайысы
4. Жеті әлем
5. Жорға сайысы
Енді ойынымыздың 1-айналымын бастаймыз
1-айналым «Бәйге» бөлімі
Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақтар қойылады.Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 5 оқушы 3 сұрақтан жауап береді.
«Талап » тобына
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)
2. « Кел,балалар,оқылық!» кімнің өлеңі (Ы.Алтынсарин )
3. Күйді орындаушы адам ( күйші )
4. Орман дәрігері ( тоқылдақ )
5 Мектептегі ең жоғары баға (бес )
6. Жыл мезгілдерін ата ( қыс, жаз , күз, көктем )
7. Қойдың төлі ( қозы )
8. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш ( шырша )
9. 1 жылда неше ай бар? ( он екі )
10. Аналар мерекесі қай айда болады? ( 8 –наурыз )
11. 40 +50 қосындысы нешеге тең? ( тоқсан )
12. А. Құнанбаев кім? ( ақын )
13. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс ( у)
14. Қосымша нешеге бөлінеді? ( екі)
15. Көше қиылыстарында жолда не көрінеді? ( бағдаршам )
« Алға » тобына
1. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата. (ту, елтаңба, гимн )
2. « Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім ? ( А. Құнанбаев )
3. Көру мүшесі ( көз)
4. Кітапханада кім істейді ( кітапханашы )
5. Кекілік құс па, жануар ма? ( құс )
6. Жаңа гимнің сөзін жазған кім? ( Ж. Нәжімеденов.
Н. Назарбаев)
7. Тірі табиғатқа нелер жатады? ( адам, өсімдік, жануар )
8. « Айтшы , әжетай » кімнің өлеңі (Ж. Смақов)
9. 20 +30 қосындысы нешеге тең ( елу )
10. Адам өмір сүру үшін не қажет? (ауа, жарық,су,тамақ, жылу )
11. Ұя салмайтын құс ( көкек )
12. Бір аптада неше күн бар? ( жеті )
13. Үш биді ата? (Төле,Әйтеке,Қазыбек)
14. Қазақ даласында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты. (Т.Әубәкіров)
15. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
( нүкте )
2 –айналым « Тіл -өнер » сайысы
« Тіл - өнер » сайысында мақал –мәтел немесе жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аудару
1. Қабат -қабат қаттама,ақылың болса аттама.
( кітап- книга- )
2. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық – рыба- )
3. Ашу дұшпан болса,
Ақыл .........?
( дос- друг - )
4. Сөз анасы құлақ,
.......... анасы бұлақ.
(су - вода - )
5. Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
( бор – мель - )
6. Үй үстінде ұсақ тас,
Алайын десем табылмас.
( жұлдыз -звезда - )
7. Оқу - білім бұлағы,
Білім - ........ шырағы.
( өмір – жизнь - )
8. Ас атасы не?
( нан – хлеб - )
3- айналым « Ұшқыр ой »
Асықпаймыз , саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден
Бірнеше сөз құраймыз.
Қолшатыр
Қол, от, шатыр, шар, шақ, қар, лаұ, ол, тор, тал, ал, тар, торла, шыт,ор.
4 –айналым « Төрт жұмбақ »
Бұл сайысымызда негізгі 4 пәннен сұрақтар беріледі,әр топ 5 ұяшықтан таңдайды да , сұраққа жауап береді.
Математика
1 . 1дм неше сантиметр бар? ( 10 см )
2. 1сағатта неше минут бар? ( 60 мин )
3. 47 санында неше ондық,неше бірлік бар? (4онд. 7 бірл.)
Дүниетану
1. Адам немен тыныс алады? ( ауа )
2. Өсімдіктің жер асты мүшесі ( тамыр)
3. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт )
4. Табиғат нешеге бөлінеді? ( өлі , тірі)
Қазақ тілі , әдебиеттік оқу
1. Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? ( үш )
2. Қаздың тұзаққа түсуі бұл қай ертегіде кездеседі? ( Ұр, тоқпақ )
3. Тұңғыш « Әліппе» оқулығын жазған кім? ( А.Байтұрсынұлы )
5 –айналым « Жорға»
1-топ « Талап»
1. Қыс айларын ата?
2. Жасың нешеде?
3. Аптаның 1- ші күні
4. Сыныпта неше қыз бар?
5. Бір тәулікте неше сағат бар?
6. Біз сабақта тақтаға немен жазамыз?
7. Төрт түліктерді ата?
8. Бес асылды ата?
9. Өркешті жануар?
10. Сөйлем нешеге бөлінеді, ата?
11. Ешкі малын қалай шақырады?
12. 7 саны неше таңбалы сан?
13. 3 тышқанда неше құлақ бар?
14. Қай жануар қымыз береді?
15. 1 ғасырда неше жыл бар?
16. Күзде жапырақтар қайтеді?
17. Құстар жылы жақтан қай мезгілде келеді?
18. Бұрыш нешеге бөлінеді?
19. Көкжиектің неше тұсы бар?
20. Ұзындықты өлшейтін құрал?
2- топ « Алға »
1. Күз айларын ата?
2. Сыныпта неше ұл бар?
3. Қыста не жауады
4. Әліппедегі ең 1 –ші тұрған әріп
5. 10 саны неше таңбалы сан
6. Дәптерге немен жазамыз
7. Пингвин құс па, аң ба?
8. Есту мүшесі
9. Жыл басы не?
10. Бес дұшпанды ата?
11. Мәтін нешегн бөлінеді?
12. Бағдаршамда неше көз бар?
13. Тәуелсіздік күні қашан?
14. Қ қандай дыбыс?
15. Еңбекқор жәндік
16. 2 қоянда барлығы неше аяқ бар?
17. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады?
18. Атаңа сен кім болсың?
19. Жылдан құр қалған жануар
20. Қазақстанда неше облыс бар?
.