1 санын қосу және азайту 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы

1 «Ә»сынып

Күні: 29.09.2015ж

Сабақтың тақырыбы

1 санын қосу және азайту

Сілтеме

Математика оқулығы 1 сынып, сабақ жоспары

Жалпы мақсат

 1.Білімділік:  1 санының  мән -мағынасын ашу   (көп заттың ішінен бір затты бөліп алу); 

   2.Дамытушылық: Сан және цифр  туралы түсінік беру;  1 цифрын жазып үйрену; «Сантиметр» туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

    3.Тәрбиелік:  Оқушылардың  өз  ойын  толық, дұрыс  жеткізе  білуге,  ізденушілікке, тапқырлыққа   тәрбиелеу.  Достық  қарым -қатынас пен  ұйымшылдыққа  баулу.

Күтілетін нәтиже

Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері

Жаңа әдістер

АКТ

СТО

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Сандар,электронды оқулық.

Сабақтың типі:

жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық  дайындық

    -Армысыз, қайырлы  Күн!

    -Армысыз,  қайырымды  Аспан -ата

    -Армысыз,  мейірімді  Жер -ана!

    - Күліп, ойнап, қуанайық , шаттанайық бәріміз.


Тірек  білімдерін жетілдіру.

    -Балалар, сендерге  бірнеше  жұмбақ  жасырам .Осы  жұмбақтарды  шеше отырып  бүгінгі сабағымыздың мақсатына  жетейік.

    1.Ақыл -ойдың шырағы,

     Зәулім көктей шынары.

     Биігіне шықсаң  да,

     Қанбайды  адам құмары.     (Білім)

     2.Білімнен  мол

     Сый, асы.

     Балдырғандардың ұясы   (Мектеп)

    -Ал  сендер  нешінші  сыныпта оқисындар?  ( 1) 

Жаңа  материалды  меңгерту.

      Жаңа материалды енгізу практикалық жұмыстан  басталады.  Мұғалім  ұлдардың  орнынан  тұруын сұрайды:

    - Барлығы неше ұл?  

     -Ал ...есімді ұл нешеу?

     -Сөреде неше кітап ? 

     -Дәптер нешеу?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі..

Оқулықпен жұмыс:   

1см



Алма-3 сары алма-1

Алмұрт-3, көк алмұрт-1 б) 1 санының цифрымен таныстыру.     

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,    Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,  Бір тынығып алайық.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

1) Қара өрік-1   Шие-1  Өрік-1

2 ) Суреттегі нәрселерді санату. Тек біреу болса ғана, 1 деген жазуы бар қорапқа салғызу.

  1. 7 алманы кірпі 1 алмадан неше рет тасиды? 4. Бірінші қатардағы заттардың санын анықтау.(жеке-жеке) 5. Құстардың ішінде пілдің суреті тұрғаны дұрыс па?

Сергіту сәті

Ұзын құлақ  сұр  қоян,

     Естіп қалды сыбдырды.

     Ойлы-қырлы жерлермен

      Ытқып -ытқып жүгірді.

      Қарап еді артына,

      Қиығын сап көзінің.

      Келе жатқан тоңпаңдап,

      Көжегі  екен өзінің

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Қолдану

Дәптермен жұмыс:

1 цифрын жазу. 1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.


Дәптермен жұмыс жасайды

3 . Бағалау Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?

[link]

Бағалау парақшасын толтырады.

4. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс

[pic]

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады