Урок по познанию мира для 2 класса Тұқым және жеміс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс

Сабақтың мақсаты:

1. Тұқым мен жемістің, өсімдіктің өсіп-өркендеуіндегі пісіп жетілген кезеңі екендігін түсіндіру. Тұқымның түрлерімен, жер бетіне таралу ерекшелігімен таныстыру;

2. Өсімдіктер тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктің құрылымы, олардың қызметі туралы білімдерін дамыту. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу біліктерін арттыру. Ойларын жүйелей білу, қорытындылай білу дағдыларын жетілдіру.

3. Өсімдіктерді қорғауға, оларды баптай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, «Қоршаған орта, 2 сынып» электрондық оқулығы, слайдтар, кесте, тұқым түрлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

1. Сәлемдесу (қонақтарға құрмет көрсету)

2. Шаттық шеңберін құру

Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан"

Амансың ба Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

3. Қағидаларды ұстану:

- тәртіпті бол;

- мұқият тыңда;

- біліміңді ортаға сал.


ІІ.Өткенді пысықтау. «Миға шабуыл»

- Табиғат дегеніміз не?

- Тірі табиғатқа не жатады?

- [pic] Өсімдік дегеніміз не?

- [pic] Өсімдікті неге тірі ағза дейді?

- Өсімдікке қандай жағдайлар қажет?

- [pic] Өсімдіктің мүшелерін ата?


[pic]

[pic] [pic]

[pic] [pic]


[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]




ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

- Жапырақ дегеніміз не?

- Жапырақ қандай қызмет атқарады?

- Жапырақтың пішіні қандай болады?

- Мына суретте қандай өсімдіктердің жапырақтары бейнеленген?


[pic]


- Жапырақтар неге сарғаяды?

- Жапыраққа жасыл түс беретін не?

- Күзде жапырақтар неге түседі?

- Қандай ағаштың жапырағы түсісімен қыс келеді?


ІV. Жаңа сабақ «Тұқым және жеміс»

1. Жұмбақ жасыру

Аспай піскен,

Қайнамай түскен

Шешуі: жеміс


- Сендер қандай жеміс-жидектерді білесіңдер?

- Ал, қане тағы жұмбақтар шешіп көрейік.


Тәтті, тәттінің іші қатты,

Қаттыныі іші тәтті. (Өрік)


Аласа ғана бойы бар,

Қырық қабат тоны бар. (Орамжапырақ)


Алма дерсің түсіне қарап,

Жүгері дерсің ішіне қарап,

Татсаң тәтті, бал шарбатты. (Анар)

2. Жаңа материалды түсіндіру.

Жеміс - өсімдіктің бізге тартатын сыйы. Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп, баптап өсірсе, мол өнім береді. Ал осы жемістер, өсімдікте қалай пайда болады?

Кез-келген гүлді өсімдікті байқап қара. Гүлдің сабақта жетілгенін көресің. Өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінделеді. Бұл «Гүл түйіні» деп аталады. Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын, гүлдің күлтелері солып, түсіп қалады. Сол түйіннен жеміс өсіп жетіледі. Жемістің ішінде тұқым болады. Тұқым мен жемістің пісіп-жетілуі әр өсімдікте әртүрлі.

[pic]


3. Тұқымның түрлерін көрсету. «Құрғақ тұқымды»


[pic]

«Шырынды тұқымды»


[pic]



4. Электрондық оқулықтың түсініктемесін тыңдату.

[pic]












Тыңдап болған соң пысықтау сұрақтары қойылады:

Жеміс қайда өседі?

Жемістің қандай түрлері бар?

Тұқым деген не?

Өсімдік тұқымы қалай тарайды?

Қандай құрғақ жемістерді білесіңдер?

Шырынды жемістерді білеміз бе?

Жемістердің пайдасы бар ма?

Оқушылардың жауабын тыңдап алу.



5. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы 66-67 беттегі мәтінді оқыту.

6. Электрондық оқулықтың тапсырмаларын орындату.

2 –тапсырма.

Жемістің түрлерін ажырату.

[pic]











[pic] [pic] [pic]

Жаңғақ бидай күнбағыс Алхоры шие қызанақ



3-тапсырма. Өсімдің тұқымының таралуын анықтау.

[pic]












Қайың, жөке, тал, көктал – ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанаттар» бар.

Бақбақ, қоға өсімдіктердің тұқымдары үлпілдек, түкті болады. Шамалы жел соқса, ілесіп ұша жөнеледі. Кейбір тұқымдарды жел айдап, талай жерге апарып тастайды.



7. Дәптермен жұмыс.

[pic]















І нұсқа. Шырынды жемістерді ата. Суретін сал.


ІІ нұсқа. Құрғақ жемістерді ата. Суретін сал.



V. Сабақты қорыту.

1. «Көкөністер дауы» көрініс қою.

[pic]
















- Жемістердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

2. Сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорыту.

- Тұқым мен жеміс өсімдіктің қандай мүшесі?

- Тұқымның қандай түрлері бар?



VI. Оқушыларды бағалау.


[pic]


- «5» алған оқушыға


[pic]

[pic]

- «4» алған оқушыға




- «3» алған оқушыға




VIІ. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 66-67 бетіндегі мәтінді оқып, мазмұндау. Сұрақ-тапсырмаларды орындау.