Сабақ жоспары 3- сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мерзімі: ________ пәні: қазақ тілі сыныбы: 3А

Мұғалім : Хасенова М.М.


Менің оқу құралдарым

Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:


Білу(тану): Менің оқу құралдарым тақырыбына қатысты сөздердің мағынасын білу керек (барлығы)

Түсіну: Жаңа сөздерді, мәтінінің мазмұнын түсіну (барлығы)

Қолдану:Көптік жалғауын пайдаланатып сөздерді аяқтау(көпшілігі)

Талдау: Оқу құралдары не үшін керек? (көпшілігі)

Жинақтау: Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін диалог құрастыру. (кейбіреуі)

Бағалау: Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағындағы әр оқушының ұпайларын жинайды. (кейбіреуі)



Күтілетін нәтижелер:

Менің оқу құралдарым тақырыбына қатысты сөздердің мағынасын біледі (барлығы)

Жаңа сөздерді, мәтінінің мазмұнын түсінеді (барлығы)

Көптік жалғауын пайдаланатып сөздерді аяқтайды(көпшілігі)

Оқу құралдары не үшін керек екендігін біледі (көпшілігі)

Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін диалог құрастыра алады (кейбіреуі)

Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағындағы әр оқушының ұпайларын жинайды. (кейбіреуі)



Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:


«Ой шақыру», «Мозайка» «Айнымалы бекет», «Кластер құру», «Мен саған, сен маған", «Дана үкі», «Интервью», «Баспалдақ»


Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру:


Топ басшысының бағалау парағаы, баспалдақ.

Қажетті ресурстар:


Қиылған қағаздар, постер, сөздік дәптері, дәптер, кітап, постер, бағалау парағы, микрафон.



Сабақ барысы

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

әдіс-тәсілдер

Ресурстар







І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу.

Үлкенге де сіз, 
Кішіге де сіз, 
Сәлем бердік сіздерге  Құрметпенен біз

2. Топқа бөлу

«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Әр топқа топ басшысын сайлап алып, бағалаудың критерилерін ұсыну.

Оқушылар күн мен сабақтың тақырыбын жазады

Қолдарын шапалақтап, мұғалімнің айтқан іс қимылдарын жасайды.



Оқушылар қима қағаздарды жинау арқылы топтарға бөлінеді.

Ой шақыру







«Мозайка» әдісі




Қиылған қағаздар







ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын «Айнымалы бекет» әдісімен тексеремін

Оқушылар ортаға екі бағанға тұрады, жұптасады, жұптасқан оқушылар бір – біріне үйде дайындап келген сұрақтарын қояды, сұраққа жауап алған соң келесі оқушыға сұрақ қояды сөйтіп өз жұбына айналып келгенше бір – біріне сұрақ қояды.

Айнымалы бекет



Сабақтың тақырыбын класстер толтыру арқылы ашады.

Әр топ оқу құралдар тақырыбына класстер жасайды, сол класстерді келесі топқа береді, алған топ класстерді толықтырады.






«Кластер құрастыру» әдісі

постер







Білу Оқу құралдарым тақырыбына байланысты сөздердің аудармасын білу.

Сөздік жұмысы.

Оқу құралдары, оқулық, үшін, биыл.

1.Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2.Дұрыс айтуға дағдыландыру

3.Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды


Сөздік дәптерлеріне жаңа сөздерді жазып алады. 1.Оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды.

2.Тізбектеп оқиды.

«Мен саған, сен маған" әдісі

Сөздік дәптері


Сергіту сәті


тренинг









Түсіну: мәтінінің мазмұнын түсіну керек.

Оқу құралдарым.

Мен биыл үшінші сыныпта оқимын. Әкеммен кеңсе тауарлары дүкеніне бардық. Дүкеннен оқу құралдарын сатып алдық. Олар: кітап, дәптер, қалам, күнделік, сызғыш, өшіргіш, фломастер. Маған оқу құралдарым ұнайды.


1 топ. Мәтіннің мазмұнын айтып береді.

2 топ. Мәтінге байланысты диалог құрастырады.

3 топ. Мәтінге байланысты сұрақтар дайындайды.



Оқушылар мәтінді топпен оқиды, түсінеді, талдайды, аударады.

«Дана үкі» әдісі

оқулық







Қолдану: Көптік жалғауларын еске түсіріп, сөздерге көптік жалғауларын жалғау керек. 5- тапсырма, 205 бет.

Кітап...

Дәптер....

Қалам....

Күнделік....

Сызғыш....

Оқушылар сөздерге көптік жалғауларын жалғап, бірін – бірі тексереді.













Кітап, дәптер.












Талдау:

Оқу құралдары не үшін керек.?






Әр топқа үш оқу құралының қазақша атауы беріледі, оқушылар қандай оқу құралы екенін біліп постерге салып не үшін керек екенін дәлелдеп қорғап шығу керек.

Топ басшысы жұмысты қорғайды, соңында әр топтың жұмысын басқа топтар бағалау қажет.


постер









Жинақтау: Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін диалог құрастыру.

Тақырыпқа байланысты оқушылар сұрақтар құрастырады, әр топтан бір оқушыдан шығып келесі топтарға құрастырған сұрақтарын қояды.

«Интервью» әдісі


микрафон










Бағалау: Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағындағы әр оқушының ұпайларын санайды.


Топ басшылары әр топ мүшесінің жинаған ұпайларын санайды.

«Баспалдақ» әдісі

Бағалау парағы


Үй тапсырмасы:

205 бет, 4- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Мен биыл (в третьем) сыныпта оқимын.

Мен (учебные принадлежности ) сатып алдым.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.