ДАУЫССЫЗ Л МЕН Р (119-123 ЖАТТЫҒУЛАР)
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р (119-123 жаттығулар.)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру, жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын ой өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауатты оқуға , көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, топтастыру
Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаз,видеоролик
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп сабаққа назар аудару
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген 118 – жаттығуды тексеріп оқытамын
ІІІ. Өткен материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі :
Семантикалық карта
сұрақ Құла…ы
Ла…тар
Есі…і
Көрі…
Саба….ы
жауап
қ
ғ
к
г
Топтық жұмыс.
Дауыссыз дыбыстарды жазу және сол әріптерден келетін сөздер жазу.
үнді ұяң қатаң
л,м,н,ң,р.й,(y) б,в,г,ғ,д,ж,з к,қ,п,с,т,ф,х,h,ц,ч,ш,щ
лас, май, нан, аң, бал, вагон, доп, жаз, көк,қалам,сағат,
рас,жануар зебра циркуль, шаң,щётка,хат
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру, жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа үйрету.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі :
Балалар бүгін біз Дауыссыз л мен р тақырыбымен танысамыз
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді – ? Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.
Атап беріңдерші – ? Қатаң, ұяң, үнді.
– Қатаң дауыссыздар ( қ, к, п, ф, с, т,х,ч, ц, ш, щ, һ;)
– Ұяң дауыссыздар ( б, в, г, ғ, д, ж, з;)
– Үнді дауыссыздар ( р, л, м, н, ң, й, у)
Л мен Р әріптері дауыссыз дыбыстардың қандай түріне жатады екен?
Үнді дауыссыздарға жатады.
Слайдтан дауыссыз дыбыстардың емлесін көру.
Оқулықпен жұмыс
. Ережені хормен оқу.
Сөз басындадағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас
119- жаттығу Сөздерді көшіріп жазу.
120- жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Сөз басындағы л , р әріптерінің астын сыз.
1.Еңбек түбі – рахат
2.Ағайынның алтын сарайынан
Ананың жыртық лашығы артық
ҮІ. Түсінгендерін тексеру кезеңі:
121-жаттығу. Л дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек,
Р дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек топтастырып жаз.Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.
« Л » « Р »
Лақ рұқсат
Лай ренжу
Лайық рас
Лақтыру рет
V.Топтық жұмыс. Венн диаграммасы [pic]
VI. Сергіту сәті.
122-жаттығу Екі бағандағы сөздерді салыстыр. ауызша
Лашын , лауазым, лебіз Іле, ілгіш, ілесу, ірі
Рақмет, рақат, рең, рақым ірімшік, ылди, ылғал
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Бүгін не өттік?
Тест
1.Үнді дауыссыздарды белгіле
А)с, н, ң Б)в, г,в, ғ
Ә)к, қ, п В)м, р, у
2.Құрамындаға дыбысы мен әріпі сәйкес келмейтін сөз.
А)алма Б)кітап
Ә)лагерь В)доп
3.Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А)лайық Б)лаиқ
Ә)лайқ В)лаиық
4.Қай сөйлем дұрыс құрастырылмаған?
А)Асан ағашты суарды Б)Марат доппен
Ә)Ғарышкер ғарышқа ұшты В)Көктем келді.
5.Үнді дыбыстан аяқталған сөзді көрсет
А) қал Б) лақ
Ә) раушан В) радио
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ереже жаттау 123-жаттығу. Ребусты шешу
Бағалау