Әр айдың соңғы сәрсенбісінің жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5 «А» мектеп-гимназиясы» ММ



БЕКІТЕМІН________________________

Мектеп директоры Л.Н. Сарычева











2015-2016 оқу жылындағы

әр айдың соңғы сәрсенбісі орыс сыныптарында

мемлекеттік тіл күнінің өткізілу жоспары.

Мұғалім: Хасенова М.М.















Тексерілді_____________

Директордың ОТЖ орынбасары Ж.Т. Орынбаева









Түсінік хат

Бастауыш мектептің жоғары деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнінде осы уақытқа дейін алған білімдеріне сүйене отырып, оқушының сөз мәдениетін қарым – қатынас түрлеріне қарай және шешендікпен тығыз байланыста меңгеруіне қажетті біліктілік деңгейлерін жетілдіруге басымдылық беріледі.

«Қазақ тілі» пәнінің жаңа білім мазмұнында тілдің прагматикалық қызметі қоғамдық – әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін танытуға бағытталған материалдар негізінде түсіндіріледі.Бұл ана тілінің қоғамдық сұраным негізінде жаңаша оқытылуын қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Сөз мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады. Өйткені сөз сөйлеуді өнер тұтқан халқымыздың барлық ой-түйіндері оның шынайы халықтық болмысымен тікелей байланысты. Тілсіз өмірді елестету қиын. Сондықтан, болашағымызды бұлыңғыр қылуға жол бермей, тіл дағдарысына төтеп беріп, тілімізді қастерлеу біздің қолымызда. Тіл барша азаматтың ең басты қазынасы. Ол жоғалса, халық та, ел де жоғалмақ. Сондықтан өзіміз байқағандай , тілімізге өзге тілдің араласуы - ана тілімізге жасалатын үлкен кесел. Оны ескерген жөн. Ата – бабаларымыздың қайтпас қазынасын құрметтейік. Тіл үшін үлкен тірек болар сол тілді сөйлейтін адамдар, яғни біздер. Ал тілін құрметтегенді, сөз жоқ елді де құрметтер.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру , ең өнерлі жас шеберлердің сөз өнерін, тіл мәдениетін дамыту.



























Мерзімі

1-2 сыныптар

3-4 сыныптар

Тақырыбы

Аяқталу түрі


Қыркүйек

Хасенова М.М.


Амренова Қ.З.


«Қызықты қазақ тілі әлемі»

Интеллектуалдық сайыс



Қазан

Баймаганбетова Р.Б.

Қойшыбаева Э.Ж.

«Өнер алды – қызыл тіл»

1-2 сыныптар арасында викториналық сұрақ


Қараша

Хасенова М.М.

Умарова Б.А.

«Қазақтың салт – дәстүрлері»

Үзіліс кезіңде әр сыныптың дайындаған қазақ халқының салт – дәстүрлерін көру


Желтоқсан

Баймаганбетова Р.Б.

Қойшыбаева Э.Ж.

«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы»

Тәуелсіздік күніне арналған концерт


Қаңтар

Амренова Қ.З.

Умарова Б.А.

«Мақтанышым мемлекеттік рәміздер».

Сабақтарда ҚР Мемлекеттік рәміздеріне байланысты флипчарттар көрсету. Әр сынып тақырыпқа байланысты презентациялар дайындау.


Ақпан

Хасенова М.М.

Қойшыбаева Э.Ж.

"Тұғыры биік, болашағы зор - Қазақстан!" 

«Менің Отаным» атты тақырыпқа арналған шығармалар сайысы


Наурыз

Баймаганбетова Р.Б.

Умарова Б.А.

«Ана тілім – ардағым».

«Туған жер» тақырыбына арналған мәнерлеп оқу сайысы

Сәуір

Амренова Қ.З.

Қойшыбаева Э.Ж.

«Тіл білгірі»

Сыныптар арасында зияткерлік сайыс


Мамыр

Баймаганбетова Р.Б.

Хасенова М.М.

«Ана тілім, қазақ тілі, күмбірле сарайымда»

Ана тілім – қазақ тілі тақырыбындағы 4 сыныптар арасында қабырға газеттерінің жарысын ұйымдастыру