Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр мектеп-лицейі
сыныптан тыс шара
Мұғалім: В.А.Кыдырбаева
Тақырыбы: Көңілді көктем
Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.
Балаларды еңбексүйгіштікке, табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жоспар:
Көктем ерекшеліктері.
Құстар әлеміндегі өзгерістер.
Жануарлар әлеміндегі өзгерістер.
Өсімдіктер әлеміндегі өзгерістер.
Көктемгі мерекелер.
Көктемдегі адамдар еңбегі.
І. Кіріспе.
Жыл мезгілдері туралы әңгіме.
Сергіту:
Қоюланып қара бұлт
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып
Бұға қалды көбелек.
Құстардың үндерін тыңдата отырып, қай құс екенін ажыраттыру.
Ойын: «Жалғастыр»
Шарты: Мұғалім құстың атының бірінші буынын айтып, допты бір балаға береді. Бала екінші буынын айтып, допты мұғалімге қайта береді. Тор-ғай, ақ-қу, қар-ға, та-уық, үй-рек, т.б.
Ойын: «Не артық?»
Шарты: Суреттер қатарынан артық суретті тауып, неліктен артық екенін дәлелдейді.
- қой
бұзау
түйе
қозы
арыстан
лақ
бота
құлын
сиыр
аю
ешкі
жылқы
Ойын: «Төлін тап!»
Шарты: Төрт түлікті төлімен бірге орналастыру және атау. Төлдердің атауын буынға бөлу.
- қой
жылқы
түйе
сиыр
ешкі
қозы
құлын
бота
бұзау
лақ
Ән: «Қошақаным»
Логикалық тапсырма:
Ағаштың басында
5 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті екеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? 5 – 2 = 3
Ән: «Ақ мамам»
Қорытынды:
Көктем несімен ерекше?
Неліктен ұнайды?