Сабақтын тақырыбы: «Сандар әлемі»
Мақсаты: Оқушыларға онға дейінгі сандардың ретін білуге, сандарды оқу, сандарды жазу, сан кұрамын білуге және салыстыру мен байланысты білімдерін ойын арқылы жетілдіру. Оқушылардың ой өрісін, өзіндік іс әрекетін дүние туралы танымын дамыту. Оқушыларға ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін логикалық ойларын дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
І. Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Сабақтын барысы.
1.Суретпен жұмыс.
Дастархан басында – неше үлкен адам?
2. Онға дейін санау, кері санау.
3. Сандар орнын табу.
2 1 3 5 4 2 9 7 8
4. «Ойлан тап» ойыны
5. «Санамақ» жарысы
Бір дегенімім – бесік,
Шықтың содан өсіп.
Екі деген – елім,
Далам, тауым,көгім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген – жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген – сөзің,
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам! Қ. Мырза Әли.
6. Суретпен жұмыс
Бұл қандай жануарлар? (Сиыр, ешкі, түйе, ит, ат, есек, арыстан, тышқан )
Артығы барма?
7. Логикалық есептер
Түйе бота ман басқан Неше үйрек?
Төрт аяғын тен басқан Біреуі алдыда
Бие бар құлын емізген Екеуі артында, біреуі артында,
Қос ешкі туған егізден екеуі алдында, біреуі екеуінің
Үш қозы мен екі қой ортасында және үшеуі бір
Бәрі қанша ойлап қой? қатарда.
Артығын алып таста: стол, орындық, кеме, диван, кресло.
Неге олай шештін?
Қағаз !
Мақта ! Жауды
Қар !
Доп !
Бор !
ІІІ. Сабақты қорытындылау