Ашық сабақ Ормандағы оқиға

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға

Мақсаты: ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Міндеттері:

  • ертегідегі кейіпкерлердің көңіл күйлерін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтандыру;

  • оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету;

  • өзіндік пікір қалыптастыру арқылы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойлар жинақтауға үйрету;

  • қоршаған ортаның байлықтарын аялай білуге, сұлулығын сезіне білуге, жағымды – жағымсыз қасиеттерді бойна сіңіруге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Ертегіні оқи отырып, кейіпкерлерінің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді анықтайды.

Топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа дағдыланады, өздерінің жұмыстарын бағалай білуге үйренеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ

Пәнаралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі

Ресурстары: интербелсенді тақта, жемістер мен орман ағаштардың суреттері, бейнефильмдер, плакат, фломастер, ертегі кейіпкерлері (қарлығаш пен дәуіт)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу

Ә) Топқа бөліну

Топ ережесін құру;

Топ құрамын сайлау;

Бағалау парақшаларын тарату.


Оқушылармен амандасу.

-Қоршаған орта дегенде ойымызға не келеді?

-Ауамыз таза, денсаулығымыздың мықты болуына нелер ісер етеді?

-Қажеттіліктерін сұрау

-Түрлерін сұрау



Мұғаліммен амандасады.

-Адам, өсімдік , жан- жануар, табиғат, т.б атайды.



-Өсімдіктер екенін және қажеттіліктерін атау,

-Түрлерін атай отырып топқа бөліну

(шие, алма, алмұрт, банан, құлпынай, апельсин , жүзім)

(қарағай, терек, тобылғы, қайың, сексеуіл, емен, шырша)

І- топ: Жеміс ағаштары

ІІ- топ: Орман ағаштары













Мадақтау сөздер:

Өте жақсы!

Жарайсыңдар!


Сәттілік тілеу!

ІІ. Өткен материалға шолу

Сұрақ- жауап

Қағаз қиындыларында жасырынған сұрақтарды қою.

1. Өлеңде қарлығаштың өмірі‚ үй салуы‚ балапан басуы қалай суреттелген?

2. Қарлығаш ұясын неліктен адам жүрген жерге салады?

3. Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?

4. Қарлығаштар туралы қандай мультфильм көрдің? Қандай ертегілер білесің?

5. Сен тұрған жерде қандай құстар бар?

6. Өлеңде әңгімеленген жәндіктер мен шыбын-шіркей‚ құрт-құмырсқаларды ата.

- Сонымен өткен тақырыыбымыз не туралы болды?

- Қарлығаш ұясын қалай салады‚ көргендерің бар ма?

-Ойымызға не түйдік?

Жекелей қатысқан оқушыларды бағалап отырамын

Сұрақтарға жауап береу арқылы қарлығаш бейнесін құрастырып шығарады.

-Қарлығаштың бойындағы қасиеттерін әңгімелеу

-Өз бойларындағы жақсы бір қасиеттерін атап өту


Қол соғу арқылы топтар бірін- бірі бағалайды

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

[link]

Оқушылардың сабақтан алған әсерімен көңіл күйлерін көтеру мақсатында сергіту сәтін өткізу