Сабақтың тақырбы: Фонетика
Сабақтың мақсаты:Фонетика туралы түсінік беру. Сөйлем, дыбыс,әріп туралы білімдерін еске түсіру, тиянақтау. Білім-білік дағдыларын, ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты оқуға, жазуға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, көру диктанты, өзіндік жұмыс, сөздік диктант, сызбамен жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, кесте.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу.Назарларын сабаққа аудару.Сабаққа психологиялық даярлық жүргізу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 5 - жаттығу
ІІІ.Жаңа білімді меңгерту: Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.Фонетика дыбыстардың жасалу,айтылу, естілу және буын,екпін,интонация мәселелерін қарастырады.
А) Көркем жазу минуты: Жұмбақ жасыру, шешуін табу, Аа дыбысы бар сөздерді көркемдеп бір жолға жазу:
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. ( кітап)
ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Б) Мағынаны таныту.
1. Ой қозғау! Сұрақ- жауап әдісі: 1. Әріп деген не?
2. Қазақ алфавитінде қанша әріпбар?
3.Дыбыс деген не?
4. Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
5. «Мектеп, оқушы , ұстаз» сөздерінде қанша дыбыс, қанша әріп бар ?
6. Сөз неден құралады?
7. Сөйлем дегеніміз не? Ол неден құралады?
8. Екі, үш, төрт, бес сөзден тұратын сөйлем құра, сөздерге дыбыстық талдау жаса.
2.Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:
1- жаттығу (Ауызша талдау).Өлеңді оқы, жатқа айт. Өлеңде не туралы айтылған?
2- жаттығу (Жазбаша жұмыс, көру диктанты). Мақалдарды түсініп оқып, көшіріп жаз:
Ақыл- тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен.
Қосымша тапсырма: Екінші сөйлемге дыбыстық талдау жаса:
Еңбек ер атандырар.
3-жаттығу ( өзіндік жұмыс) Жұмбақты оқы, шешуін тап. Көшіріп жазып, дыбыстық талдау жаса.
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді- тілі жоқ.
Қолыңа алсаң- шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап)
ІҮ.Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:
Сызбамен жұмыс, қосымша тапсырма.
а)Тиісті әріпті әйнекшеге жазып, әріп пенсөзді сызықпен қос:
Қа...ар ша...ар айда...ар
Ас...ана
х қ жи...аз
жи...ан һ ем...ана
...абар тасба...а
ә) Топтық тапсырма:
1-топ 2-топ
«Х» «Қ»
Дыбысы бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз, сол сөздерге дыбыстық талдау жаса.
5. Сабақты бекіту:
4- жаттығу (Сөздік диктант).
Тау, тас,қырт, орман, көл, өзен, бұлақ, өсімдік, бұлақ, өсімдік, гүл, жер.
Ауызша талдау жасау: Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?
Ү.Үйге тапсырма:
« Жазғы демалыс» шығарма жазу, бірінші сөйлемге дыбыстық талдау жаса.
Дыбыстарды дауысты , дауыссызға ажырату.
ҮІ.Бағалау.