|
КЕЛЕ БЕР, КӨКТЕМ (Даярлық топ)
Автор публикации: Сармолдаева М.Б.
Дата публикации: 2016-03-21
Краткое описание: ...
Пәннің аты: Көркем әдебиет | Уақыты:5.04.16 | Кабинет | Мұғалім: Сармолдаева М | Сабақтың атауы | Келе бер,Көктем | Мақсаты | Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. | Күтілетін нәтиже | көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап Сөздік жұмыс: Шуақты, жер көйлегі. Көрнекілік : Көктем мезгілінің суреттері | Психологиялық ахуал | Шаттық шеңбері. Жарқырап бүгін атты күн. Шашып бізге шапағын. Тілеймін сіздерге ақ таңның Қуанышын ,шаттығын. | Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге Жаттығу жасайды.
| Қызығушылығын ояту
| [pic] | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі | Мағынаны тану
| - Көктем мезгілі неше айдан тұрады? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе? Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру. [pic] Жұмбақтың шешуін тап. Күн ұзарып, қар еріп, Су сайларға толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Көктемде) Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау. Күншуақты кез келді, Көп көрініс көзде енді. Жерге сіңіп қалың қар, Жер көйлегі өзгерді. - Көктемде қандай өзгерістер болады? - Қар еріп, қайда сіңеді? - Жер қандай түске өзгереді? - Жерде не өседі? Көктем еңбегі туралы әңгімеле . Балалардың жауаптары тыңдалады. Дидактикалық ойын: «Гүлдер». Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ бола¬ды. Қай гүлдің жоқ екенін табу. Ребус шеш. [pic] | Сергіту сәті | Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап дем алам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам. | Қимылмен көрсетеді | Ой толғаныс
| - Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? - Ауа райын бақыла. - Ағаштар қалай өзгереді? - Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар. | Үйге тапсырма | Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау. |
| Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. |
| Кері байланыс | [pic] [pic] |
|
|
|