Тәрбие сағаты:Жеті атаңды білесің бе?

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Жеті атаңды білесің бе?»
Мақсаты: Оқушылардың жеті аталары туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық салт – дәстүрді бағалай білуге үйрету.
Өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтап, тілді сүюге құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Сайыстың өткізілу барысы:

1. Таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өнер сайысы)
3. «Мен атамменен мақтанамын». (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық)
4. «Тапқыр болсаң тауып көр» (Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөздер бойынша мақал құрастырып мағынасын түсіндіру.)
1. Жүргізушінің сөзі: Қазақпыз қыз өсірген іңкәр қылып,
Қазақпыз ұл өсірген шырқап жүріп,
Қазақпыз құс та салып, ат жаратқан
Сайысқа түскен және тұлпар мініп.
Жалғастырған мұраны,
Ел жұртының қорғаны
Сегіз қырлы, бір сырлы
Қазақтың сұлтан ұлдары!
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей, бүгінгі «Жеті атаңды білесің бе?» атты танымдық сайысымызға қатысушы жігіттерімізді ортаға шақырамыз.


Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі тапқан алар,
Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нақ сыналар.
Кез келген сайыс бағалануы тиіс. Олай болса, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Сайысымыздың 1 бөлімі «Таныстыру» деп аталады.(Жігіттер өздерін таныстырады).
Қандай жақсы жақсылықта көріскен,
Жігіттер тұр, алдарыңда келіскен.
Қанша өнер білсең де, көптік етпейді,
Дейтін қазақпыз өнерлі өрге жүзер, - дей келіп, келесі бөліміміз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.

(Өнер сайысы)
Біле білген білімді зерек дейміз,
Білімімен ел – жұрттан ерек дейміз.
Жеті атасын білгені ұл балаға,
Өміріне мәні бар сабақ дейміз.

3 – бөлім. «Мен атамменен мақтанамын» (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық қорғау.)
Қазақ халқы – сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерделеп келе жатқан халық. Ендеше келесі сайысымыз мақал – мәтелдер туралы болмақ. «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. (Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөздер бойынша мақал құрастырып мағынасын түсіндіру.)

1. Ақыл, мейір.(Әкеден – ақыл, анадан – мейір)
2. Кітап, білім. (Кітап - білім бұлағы, білім өмір шырағы)
3.
Ата, бала.(Ата – бәйтерек, бала – жапырақ)
4. Бала, немере. (Бала – қымбат, немере – ыстық)
5. Аттан, атадан. (Аттан тай озады, атадан бала озады)
6. Құрмет, қызмет. (Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет)
7. Білім, ақыл. (Білім тозбайды, ақыл азбайды)
8. Қалса игі, қуса игі. (Атадан бала қалса игі, ата жолын қуса игі)
9. Отан, ел. (Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы)
10. Әке, ана, бала. (Әке – асқар тау, ана – етегіндегі бұлақ, бала – жағасындағы құрақ)
11. Өзі қалғаны, ізі қалғаны. (Атадан ұл қалса – өзі қалғаны, қыз қалса – ізі қалғаны)
12. Әдепті бала, әдепсіз бала. (Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала)

Қазылар әділдікті орнықтырар
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жеткен болар нағыз мықты, - деп, ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Марапаттау.
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық,
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, - деп бүгін
гі сайысымызды аяқтаймыз.