Әдебиеттік оқу 3-сынып Тақырыбы : Туған жерге қыс келді. Абай. Қыс. Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік беру арқылы ақынның табиғатты көркем сөзбен нақышына келтіре жырлап, суреттеу шеберлігін байқату. 2. Ойлау, аңғарымпаздық, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту. 3.Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ-жауап, баяндау .Ойлау, жұптасу, пікір алмасу ,5 жолды өлең стратегиясы. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі : Интер тақта, слайдталған толық сабақ жүрісі, ақынның суреті, шығармашылық жұмыстары /қара сөздер, өлеңдер/ ,үнтаспа. Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. ІІ. Ұйымдастыру кезеңі : Психологиялық дайындық. 1) Үн таспадан Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңі мәнерлеп оқылады. 2) Оқушылар қосылып мәнерлеп оқиды.
ІІІ. Мағынаны ашу Жаңа сабақ. –Кімнің өлеңі? -- Абай Құнанбаев кім ? --Оқушыларды Абай ата өмірімен таныстыру. Оқулықта берілген жұмбақтарды шешу: 1.Қыста бар да, жазда жоқ. (қар) 2.Құлағы мен көзі жоқ , Жоқ тіпті қол мен аяғы. Бірақ ғажап өнерпаз, Мәнерлеп ою ояды. (аяз) 3.Көлге жапқан қақпақ Сіресіп тұр – қатты-ақ. (мұз) 4. Қанаты жоқ—ұшады. Аяғы жоқ – желеді Аузы жоқ—ұлиды. (жел)
-- Бұл қай мезгілге қатысты айтылған сөздер ? – Қыс. – Бүгінгі танысатын өлеңіміз «Қыс». 1) Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру. 2) Өлеңді тізбектеп оқыту. 3) Топтық жұмыс : Оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту. І топ «Қыс» туралы өлеңді оқу. Өлең шумақтарын талдау. ІІ топ «Қыс қызығы» сурет салу ІІІ топ «Алақай, қыс келді !» шағын эссе жазу. Сөздік жұмыс: Сергіту сәті Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдату. Бұл әнді ғарышта шырқап Талғат Мусабаев өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін жеткізе білді. ІҮ. Жаңа білімді бекіту. 1. Абай Құнанбаев қысты кімге теңеді? 2.Өлеңде балалар туралы не делінген ? Малшы туралы ше ? 3. Өлеңге тағы қандай ат қоюға болады ? 4.Өздік оқыту. Өлеңді іштей оқыту. 5. Қорытындылап, сұрақтарға жауап алу. – Абайдың табиғат лирикасына жазған қандай өлеңдерін білесіңдер? -- Көктем, жаз, күз , қыс өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
5 жол өлең стратегиясын пайдаланып «Қар» сөзіне өлең құрастыру. Ү. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал. ҮІ. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
Сактаганова Н.Ы « Серікбол Қондыбай атындағы №22 орта мектебі»мектебі»бастауыш сынып мұғалімі Ақтау қаласы---2016 ж