Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Құстар.Бунақденелер Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: Дүниетану

Сынып: 3 «А»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Несіпбаева Марал

Сабақтың тақырыбы: Құстар.Бунақденелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың құстар туралы білімдерін тиянақтап, 
құстардың түрлерімен таныстыру. 
Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға бейімдеу. Отанын, жерін, орманын, 
көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін, 
түсініктерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын,

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі (таратпа) материалдар, әртүрлі жануарлар мен олардың тіршілік аясы бейнеленген суреттер, аудиовизуалды құралдар.


Сабақтың барысы


I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім - Несіпбаева Марал Мейрамқызы

Психологиялық дайындық:

-Балалар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады.

- Бұл неге ұқсайды? (кішкентай шарға)

-Шарымызды үрлейік.

- Енді қандай шар болды? (Үлкен шар)

- Бұл шарымыз тағы, неге ұқсайды? (Күнге)

Ал, балалар, қолымызды күн нұрына созайықшы.

Қуанайық, шаттанайық, алақай!

Қуанатын күн келді,

Қайырлы таң, менің асыл достарым!

  • Балалар, күннің нұрына қолымызды жылытып, алақанымызбен көзімізді жұмайық.

  • Балалар көздерін жұмып тұрғанда орманда өмір сүретін әртүрлі құстардың, аңдардың дыбысы естіледі. (құстардың дауысы жазылған муз. қосу)


II. Үй тапсырмасын тексеру

Тест

1. Біздің елімізде өсімдіктің:

а) 6000 түрі ә) 40 түрі б) 25000 түрі

2. Әр өсімдікке:

а) ұзын тамыр

ә) ылғалды топырақ

б) белгілі орта қажет

3. Өсімдік топтары деп:

а) жылу мен ылғалдың таралуын;

ә) топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;

б) жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа.

4. Мәдени өсімдіктер:

а) адамның қатынасынсыз өсе алмайды;

ә) өздігінен өседі;

б) өсу тіршілігін тоқтатады.

5. Сирек және құрып кетер қаупі бар өсімдіктер:

а) конституцияға;

б) «Дүниетану» оқулығына;

в) Қызыл кітапқа енген.




III. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.

«Ой қозғау» стратегиясы

IV.Жаңа тақырып

Құстардың 9 мыңдай түрі бар.Дене мөлшері жағынан ең үлкені түйеқұс, ең кішкентайы – құрылтай. Мұның үлкендігі көбелектей ғана. Біздің елімізде құстардың 435 түрі тіршілік етеді.

Құс денесі қауырсынды:алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.Құстардың кейбір түрлері болмаса, барлығы ұшады.Ұшпайтын түйеқұс, пингвиндердің де қанаттары бар: тек толық жетілмеген.Сондықтан ұшуға қанаттарының шамасы жетпейді.Құстар жұмыртқа салып,одан балапандар шыққанша жұмыртқаны денесімен жылытып басып отырады. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Құстар дала құстары және үй құстары болып бөлінеді.


























– Дала құстарына қарға, торғай, сауысқан, аққу, тырна, бүркіт жатады.
– Ал үй құстарына қаз, үйрек, күркетауық, тауық, әтеш жатады.
Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек.

-Жыл құстары дегеніміз - cалқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.











Дала құстары ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Ағаштың жайқалып, жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі.-

-Ал,енді оқушылар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздер?

- Жәндіктер туралы не білесіңдер?

-Бунақденелілер деп аталу себебі неліктен және қандай түрлері бар ?























Бунақденелілердің негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік(трахея) арқылы тыныс алады.

Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері суаршын, суқандала, сушалқақ, зуламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын); шаншыл-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек).

Дәптермен жұмыс. (Классер)

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Қаламменен дәптерге,

Әдемі етіп жазайық!


Дәптерімізді қиғаш қойып, денемізді тік ұстаймыз. Қатесіз, асықпай жазамыз.

[pic]
















Сергіту сәті

«Көңілді күн»


Семантикалық картамен жұмыс.














Ойын: «Менің мекенімді тап»

Оқушылар жинаған жануарлардың суреттеріне қарай мекендейтін ортасын табады [pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic]

(Шөл) [pic]

[pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]

[pic]


, [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]





VI. Білімді бекіту.

Не білдім? Нені білдім? Нені білгім келеді?

Қорытынды

  • Бүгін қандай тақырып өттік?

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

VII. Бағалау:

  • Жарайсыңдар, балалар! Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!

VII. Үйге тапсырма:

Тақырыпты мазмұндау.Бунақденелілер туралы қызықты мәлімет іздеп келу.