Республика; Казахстан
Кзылординская область
Жанакорганский район
Село: Суттикудык
Бименғазы Қаламхас Шілтенқызы
Учительница начальных классов. Сш №52 им Б Аралбаева
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
Сабақтың мақсаттары: 1) Таулы жердің ауа райы, ондағы өсетін өсімдіктермен жануарлар туралы мағлұмат беру;
2)Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;
3)Танымдық қабілеттерге дамыту.
Көрнекілігі:Суреттер, карта, жазбабет, т.б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушыларды түгендеу
ә)Сабаққа назарларын аудару
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау.
(Тақтаға Қазақстан Республикамыздың табиғат белдеулері бейнеленген карта ілінеді.)
-Балалар мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр.
Кең дала, көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен
Әне, сол анам еді мені тапқан,-деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан-кең,байтақ өлке. Ол-Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі. Жер көлемі жағынан 4-ші орында. Солтүстіктен Оңтүстікке, Батыстан –Шығысқа қарай созылып жатуына байланысты табиғаты да алуан түрлі.
-Енді балалар, картадағы әр алуан түстерге назар аударайықшы. Қазақстан шалғынды жер,шөл және шөлейт жерлер,су қоймалары,орман-тоғай т.б жерлерге бай.
(Оқушылар алдына 1,2,3 нышандық парақшалар тұрады.)
Олай болса, сынау арқылы тексеріп көрейік.
1.Пішен дайындайтын шалғынды не дейміз?
1.Шабындық 2.Жоңышқа 3.Сабан
2.Дала өсімдігін ата.
1.Селеу 2.Жусан. 3.Қарағай.
3.Шөлді жерді мекендейтін жануарларды ата.
1.Қасқыр 2.Арқар 3.Кесіртке.
4.Қандай дақылдан крахмал алынады?
1.Күріш 2.Мақта 3.Сұлы.
5.Қазақстанда қандай су қоймалары бар?
1.Қапшағай 2.Леңгір 3.Бұқтарма.
(Оқушылар дұрыс жауапты нышандық парақшалар арқылы көрсетеді.)
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге әр топқа әртүрлі тапсырма берілді.
1-топ. «Жас өскін»-реферат жазу
2-топ. «Жас табиғатшылар»-сынау сұрақтарын құрастыру
3-топ. «Жануар қорғаушылар»-сурет салу,оқу.
Үйге «Су қоймасы өсімдіктері,жануарлары және оларды қорғау»тапсырмасы берілген. (Әр топтың оқушылары өз рефераттарын қорғап, сынау сұрақтарын беріп, салған өсімдігі мен жануарлары туралы сипаттап әңгімелейді.)
Үй тапсырмасын пысықтап, қортындылау.
ІV.Жаңа сабақ.
-Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер?
-Қызыл түспен боялған таулы жерлер.
-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз. Әр оқушының алдында карта тұрады, олар талған тауларды түсіріп отырады.
1. Алтай тауы.-Солтүстік батыста орналасқан. Алтай тауы түркі тілінен аударғанда «Алтай» -алтын деген сөзді білдіреді. Ол Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай, кенді Алтай болып бөлінеді.
2. Сауыр-Тарбағатай тауы.Бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен досы Потанин зерттеген.
3.Жоңғар Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Ең биік шыңы –Бесбақан шыңы. Пайдалы қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір, вольфрам т.б) Мұнда «Достық» темір жолы салынған.
4. Тянь-Шань.Азия материгіндегі ең ірі таудың бірі. Қытай тілінен аударғанда «Тәңір шыңы», «аспан тауы» дегенді білдіреді. Полиметалға бай. Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар кездеседі. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов –Тянь-Шаньскийдің атымен аталған.
Таулы жер өсімдіктері: (Тақтадаь таулы жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма, т.б. өседі.
Таулы жер жануарлары: (тақтаға ілінеді)
-Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды?
- «Қазақстан-2030» жылдары Орта Азия барысына айналады,яғни біздің мемлекетіміз ең ірі ,алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеледі деген.
-Осындайғы барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді деп ойлайсыңдар?
-Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп.
Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр жануарға жеке-жеке сипаттама беру).
Таулы жер құстары.
-Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді.
Ұлар-ірі, түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар Қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып, суықтан қорғайды.
Қозықұмай-ол тік құздарды мекендейтін құс.Қозықұмай еліктің лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен қағып,құздан құлатады. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ т.б құстар тіршілік етеді.
Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы дамыған.
V.Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді тізбектей оқыту.
2. Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.
VІ.Сабақты қортындылау. Венн диаграммасын тақтаға сызып. 5 оқушыны шығару (құстар, өсімдіктер, жануарлар).
Тапсырмалар. (5оқушы шығады)
1-топқа: Өсімдіктер аттарын түсіру, жаңа сөздер бойынша Қазақстан табиғатына әңгіме құрау.
2-топқа: Картаға тауларды түсіру және өлең құрастыру.
3-топқа: Жануарлардың аттарын түсіру және бір жануардың суретін салу.
-Сонымен, біз, балалар бүгін таулы жерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар туралы мағлұмат алдық.
VІІ. Үйге: Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.
VІІІ. Бағалау. Оқушыларды мадақтай отырып бағалау.
(«Жас өскіндер», «Жас табиғатшылар» мен «Жануар қорғаушылар» тобының қайсысы белсенді қатысқандығын атап өту.)