Оқулықпен жұмыс Алдыңғы оқу Д әрпі кездесетін сөздерді оқу және дыбыстық талдау,буынға бөлу. Да ла ау ла Да на Ду лат Да ла да ау ла да Да на да Ду лат та «Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сұрақ-жауап әдісі: - Жел толтырылған, резинадан жасалған ойыншық - Доп - Қазақтың музыкалық аспабы? - Домбыра - Оқу құралының бірі, оған жазу жазамыз. - Дәптер - Жазық жер, алаңқай. - Дала - Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады? -Д дыбысы Оқулықпен жұмыс Д дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалауды ұйымдастыру. «Д» дауыссыз дыбыс екенін, оның әріппен таңбаланатындығын (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) практикалық іс-әрекет тұрғысынан таныту. Оқулықтағы сюжетті суретке назар аудартып, жұмыс жүргізу. . Топтық жұмыс. Ойлан, тап. Мақсаты: Суреттегі заттардың атын ататып, буынға бөлдіріп, дыбыстық талдау жасату. Суреттерден Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса. 2.Сәйкестендіру. Д дысбысы бар суреттерді сызбамен сәйкестендіру Жұппен жұмыс: Күрделі тапсырма Әріптер мен сандарды пайдаланып, сөз құрастыру.
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті Жеке жұмыс: «Сөз құра- тез құра» Мұғалімнің көмегімен берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны жаз.
Далада Оқушылардың Дд әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз. |