Қазақ тілі Сөйлем мүшелерінің байланысы 84--90-жаттығу 3сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі 3 «Е»сынып

Күні: 30.11.2016ж

Сабақ тақырыбы:

Сөйлем мүшелерінің байланысы 84-90 жаттығулар

Жалпы мақсаттары:

Бастауыш, баяндауыш жайлы түсініктерін пысықтауға ықпал жасау;Сөйлем мүшелерін өз орындарына қойып айту және жазу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау;

Психологиялық жағымды орта қалыптастыру

Әлеуметтік өзара әрекеттестікте оқыту арқылы барлық оқушылардың бірдей оқу мен оқыту үдерісіне қатысуына ықпал жасау

Оқу нәтижесі

Тұрлаулы мүшелер жайлы біледі. Уақытты бағалау қажеттігін түсінеді.

Сөйлем мүшелерінің байланысын анықтай алады, уақытты бағалау қажеттігін түсінеді.

Негізгі идеялар

Сабақбарысындаөзараәрекеттесуарқылыоқушыөзіндіктанымдыққабілетінкөрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады.

Тапсырма көздері

Жаттығулармен жұмыс

Суреттерге қарап мәтін құрау

Ашық сұрақтар беру

Сабақтың көрнекілігі

Кесте, үлестірме қағаздар, смайликтер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс - тәсілі

Кім біледі?, сұрақ -жауап

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлемдесу, түгендеу

Назарларын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеру

82- жаттығуды тексеру, оқыту, қосымша сұрақтар қою.

Бағалау

«Кім біледі?» ойыны

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?

Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

Бастауыш дегеніміз не?

Баяндауыш дегеніміз не?

Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді.

Сөйлемдегі бастауыш,баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды.Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? т.б сұрақтар қойылады.

Сабақтың ортасы

Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау

Сөйлем

Мағынасына қарай өзара байланысады

Олардың байланысы сұрақ қою арқылы анықталады

Оқулықпен жұмыс.

84-жаттығуда көрсетілген жұмбақты оқу; шешуін табу

Тоңғақты (кімді?) таниды, аяқ --- қолды ( нені) қп\ариды. Жайған жастық сөгілді, аппақ ( қандай?) мамық төгілді. Үлпілдеген қалпағы ( несі?) ескен желден ( неден?) қорқады.

(аяз, қар, бақбақ); қарамен жазылған сөздердің сұрақтарын табу (кімді, нені, қандай, несі, неден).

85-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздердің байланысын анықтау. Сөйлемдегі сөздердің арасындағы байланысты не қою арқылы таба аламыз?

86-жаттығуда берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.

Қыс келді.

Қар жапалақтап жауды.

Балалар қызық ойын ойнады.

87- жаттығу Жасырылған мақалды дұрыстап оқысаң, екі жолды мақал шығады.

Ақыл жастан шығады,

Асыл тастан шығады.

Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сыз.

88-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.








Қалың қардан шөптің басы көрінбейді.

Оқу оқы, жүрме босқа қарағым!

Сұңқар шыңын сүйеді.

90-жаттығу

Қалың қардан шөптің басы көрінбейді.

Қарамен жазылған сөйлемді көшіріп, сөйлем мүшесіне талда

Сұрақ қойып, сөйлем мүшелерінің байланысын тап.

  • Сөйлем мүшелері мағынасына қарай өзара байланысып айтылады.

Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Сабақтың соңы




Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.

Бағалау

Рефлексия

[link]

[pic] [pic]

Үйге тапсырма

89-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құра