Сабақ тақырыбы: Көмектес септік
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен
жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің сұрақтары мен жалғаулары
жайында білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өткен сабақтармен байланыстыра білу, сөздік қорын,
ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: жеке тұлғалық қасиеттерін ескере отырып жолдастық, бір-біріне
көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі : пысықтау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , жарыс
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.5-жаттығу. тақтада берілген. Түбір сөзбен қосымшаларды атап, сұрақ қою. (3-4 оқушыдан сұрау)
1. Орамалмен сүрту (көм) 1. Қарындашты ұштау (таб)
2. Орамалды алу (таб) 2. Қарындаштың түсі (ілік)
3. Орамалды бүктеу 3. Қарындашпен жазу (көм)
Сабынмен жуу (көм) 1. Қармақты салу (таб)
Сабынды сатып алу (таб) 2. Қармаққа ілу (бар)
Сабынның көпіршігі (ілік) 3. Қармақпен ұстау (көм)
І – тапсырма «Білімділер» сайысы. Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Балалар біз бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өтеді.
1 топ – «Тұлпар» 2 топ – «Сұңқар». Сендерге сұрақ
Зат есім дегеніміз не ?
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын қосымшалардыне деп атаймыз ?
Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше септік бар ?
Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын атаңдар!
Жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіретін септікті атаңдар.
ІІ тапсырма.1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз, көмектес септік жалғаулы сөздерді тауып, сұрақ қой! Кіммен ? Немен ?
/аңдармен, жұдырықпен, қолмен, әуенмен, гимнастикамен/
ІІІ – тапсырма «Сыр сандық»
сұрақ қояю.
VI. Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
ІV-тапсырма 5 – жаттығу. Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жастықты ........... баспайды.
............. адамды ұрмайды.
Итке ........ ас құймайды, үйдің берекесі кетеді.
Нанды бір ....... үзбе.
V –тапсырма «Топбасшылар сайысы
Жұмбақ жасыру.
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итересің , алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды. /шаңғы/
Қалпағы бар дөңгелек ,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай – қарай күнге ерек ,
Мойны талып шаршаған. /күнбағыс/
VI. Сабақты қорыту: Тест. Көмектес септігін қайталау.
Көмектес септігінің Кіммен? немен? сұрақтарына
жалғауын тап: жауап беретін септік
А) -ға, -ге, -қа, -ке А) атау септік
Ә) -мен, -бен, -пен Ә) барыс септік
Б) -ның, -нің, -тың, -тің Б) көмектес септік
VII. Үйге тапсырма:104 бет 3-жаттығу.
VIII. Бағалау.
IX. Рефлексия: Сабақ сендерге ұнады ма?
Өздерің үшін бұл сабақтың мағызы болды ма?